№ 25 жалпы орта білім беру
мектебі
«Рухани жаңғыру»
бағдарламасы
аясында
жоба
БАҒДАРЛАМАСЫ
2017-2018 оқу
жылы
Кіріспе
Мектептердің 2017-2018 оқу
жылындағы тәрбие жұмысының тағы бір ерекшелігі
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани
жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең
зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып
табылады. Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып
жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және
экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне
айналады», – деп атап
көрсетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің іргелі еңбегінің
«Таяу жылдардағы міндеттер»
тарауында
алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны
ұсынады. Солардың бірі Президент «Туған жер» бағдарламасын қолға
алуды ұсынады. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге»
ұласады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша
іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің
бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын
мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын
оқудан көрініс тапса игі.
Елбасы жергілікті нысандар мен
елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз
халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар
ұғымын сіңіруіміз қажет деп
санайды. Ол үшін «Қазақстанның
қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің
географиясы» жобасы керек. Бағдарламалық құжат авторы Ұлытау
төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Тараздың
ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар
мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара
сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды
ұсынады. ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
еңбегін жалпы білім беретін оқу
мекемелерінде оқытуда білім алушылардың психологиялық және жас
ерекшеліктерін ескеру, тұлғаны оның рухани мәдениеті, танымдық
қызығушылығы, әлеуметтік ақпаратты объективті қабылдауға мүмкіндік
беретін сын тұрғысынан ойлау және әлеуметтік рөлдердегі практикалық
қызмет көзқарас жағынан дамытуға назар аудару
қажет.
Елдегі оң өзгерістер білім
беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің жүйесінен көрініс тапты.
Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың, руханилықтың саяси және
адамгершілік мәнін түсіну, адамгершілік бағдарлы, әлеуметтік
белсенді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп жатыр.
Ұлттың жалпықазақстандық ділін, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерін
ескере отыра, зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін
жаңғырту үшін жағдайлар
жасалуда.
Мектебіміз өз
тәрбиеленушілерін Қазақстан тарихының бастауларына, туған елінің
мәдениетіне, ана тіліне, қазақ әдебиетіне толық бейімдемейді.
Мектеп бағдарламаларында оқушылар тұрып жатқан өңірдің табиғаты,
мәдениеті және экономикасының жергілікті ерекшеліктерімен
байланысты материалдарға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейді.
Білімнің өзі адамның тіршілік әрекетінің міндетті құрамдасынан
социумның пайдакүнемдік-қызметінің функциясына айналады, мұнда адам
бейнесі білікті тұтынушы бейнесімен
алмасады.
Қазақстандағы
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ғаламдану процесі бірқатар
проблемаларды:
-
жасөспірімдер ортасында
ксенофобия, кемсіту мінез-құлқы мен жауығушылықтың туындауына
әкеліп соқтыратын балалардың жекелеген санаттарының этикалық,
азаматтық-патриоттық, мәдени-эстетикалық тәрбие деңгейінің
төмендеуін;
-
көп жағдайда
рухани-адамгершілік және ұлттық құндылықтар екінші орынға шығып
қалады. Көптеген отбасылар мен мектептерде балалар ана тілінде
қарым-қатынас жасамайды, өз халқының мәдениетімен аз таныс,
ата-ананы құрметтеу, ата-аналардың баласының болашағы үшін
жауапкершілігі және балалардың ата-ана алдындағы борышы және т.б.
дәстүрлі отбасылық құндылықтардың
құнсыздануын;
-
балалар мен оқушы жастардың
батыс мәдениетінің құндылықтарына қайта бағдарлануы өскелең
ұрпақтың адамгершілік және моральдық болмысының құлдырауына, рухани
жұтаңдауына әкеледі. Балалар мен жасөспірімдер арасында
қайырымсыздыққа үгіттеу, темекі шегуге, алкоголь және есірткі
пайдалануға, оқушылар арасында зорлыққа, жезөкшелікке бейімдеудің
жүргізілуін;
-
оқушының жауапкершілігін және
жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі
анықтауын дамытудың жоғары әлеуеті − еңбек тәрбиесінің рөлінің
төмендеуін;
Негіздеме: « Мәңгілік ел», «Әдістемелік
нұсқау хат»
Мақсаты:
Ұлттық
салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз,
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыздың бойларына
сіңіру. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылдыру. Туған
жерге, оның мәдениеті мен салт- дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен
атсалысу – шынайы патриотизмнің маңыздылығын
байқату,жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтармен тәрбиеленген, көшбасшылық қасиеттері бар, әлеуметтік
және тұлғалық өзін-өзі анықтауға қабілетті білімді тұлға
қалыптастыру.
Міндеттері:
- тұлғаны жалпыадамзаттық және
ұлттық құндылықтарға, ана тілін және қазақ халқының мәдениетін
құрметтеуге тәрбиелеу;
сүруге қабілетті азаматты және
патриотты тәрбиелеу;
-
отбасының тәрбиелік әлеуетін
күшейту;
-
оқушыларда табысты
әлеуметтенуі үшін құзыреттіліктерді,
толассыз
өздігімен білім алу мен
өзін-өзі дамытуды, олардың саналы түрде жан-жақты өзін-өзі дамыту
мен өзін-өзі дамытудың жоғары формасы – өзін-өзі тәрбиелеуге
қатысуды қалыптастыру.
Күтілетін
нәтиже: Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасы бойынша оқушылардың туған жерге, оның
мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен ат салады.
Идеясы мен жобалары іску асырылады. Іске асыру барысында
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде
ұлттық
салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз,
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойларына
сіңеді.
Оқушыларда қазақстандық
патриотизмді, азаматтық сананы, толеранттылықты және көшбасшылық
қасиеттерді қалыптастырудың өсіп отырған деңгейін бақылайды.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардағы мәдениет негіздерін,
ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті ,рухани
дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда отбасы
институтының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді,өзін-өзі дамыту мен
өзін-өзі тәрбиелеуге жан-жақты саналы түрде қатысуды, табысты
әлеуметтенуді, өз бетінше білім алуды және өзін жүзеге асыруды
қамтамасыз етуі тиіс.
Іске
асыру жолдары:
Оқу пәндері, сабақтан тыс
іс-әрекеттер, қосымша білім беру арқылы. Ерлік, намыс және абырой
тағылымдары.Патриоттық форумдар, жобалар.
Оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары мен
белгілерін білуге арналған байқаулар
және олимпиадалар. Қазақ халқының,
Қазақстанда тұратын басқа этностардың мәдени мұрасы, дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары арқылы іске
асыру.
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу
түрі
|
Катысушылар
|
мерзімі
|
Жауаптылар
|
1
|
«EXPO» халықаралық көрмесінің
маңыздылығы
|
Жоба
жасау
|
1-11
сыныптар
|
28.09.2017
|
Сынып жетекшілер, аға
тәлімгер
|
2
|
«Қаздың қайтуы»
палеонтологиялық ескерткішіне
саяхат
|
саяхат
|
7-сыныптар
|
14.10.2017
|
География
мұғалімдері
|
3
|
«Менің өлкем» интеллектуалдық
сайысы
|
Интеллек-туалдық
сайыс
|
6
сыныптар
|
3.11.2017
|
Тарих және география
мұғалімдері
|
4
|
«Мәңгілік ел»
идеясы
|
Тәрбие
сағаты
|
1-11
сыныптар
|
29.11.2017
|
Сынып
жетекшілер
|
5
|
«Менің балалық шағымның
аспаны» фильмін тамашалау
|
Бейнефильм
тамашалау
|
5-7
сыныптар
|
30.11.2017
|
Тарих
мұғалімдері
|
6
|
«Қазақстанды дамыған 30 елдің
қатарына енгізу үшін менің қосқан
үлесім»
|
Эссе
жазу
|
5-11
сыныптар
|
14.12
|
Қазақ тілі мен әдебиет
мұғалімдері
|
7
|
«Елімнің тағдыры-менің
тағдырым»
|
ашық тәрбие
сағаты
|
1-11
сыныптар
|
15.12.2017
|
Сынып
жетекшілер
|
8
|
Ж.Аймауытов атындағы қазақ
драма театрына саяхат
|
саяхат
|
8
сыныптар
|
5.01.2018
|
Сынып
жетекшілер
|
9
|
«Сұлтан Бейбарыс» фильмін
тамашалау
|
Бейнефильм
тамашалау
|
6-7
сыныптар
|
29.01.2018
|
Тарих пәнінің
мұғалімдері
|
10
|
«Жеті ата» отбасы
шежіресі
|
Фото
альбом
жасау
|
1-4
сыныптар
|
14.02.2018
|
Сынып
жетекшілер
|
11
|
«Отаным - алтын
бесігім»
|
эссе жазу
сайысы
|
1-4 сынып
ата-аналар
|
16.03.2018
|
Бастауыш сынып
мұғалімдері
|
12
|
Потанин атындағы өлкетану
мұражайына саяхат
|
саяхат
|
5
сыныптар
|
12.04.2018
|
«Отаным тағдырым» курсының
жетекшілері
|
13
|
«Тәуелсіз елдің ұландары»
көрме
|
Көрме
ұйымдастыру
|
1-4
сыныптар
|
04.05.2018
|
Сынып
жетекшілер
|
14
|
«Олар әлемді
өзгертті»
|
Буклет
жасау
|
1-4
сыныптар
|
17.05.2018
|
Сынып
жетекшілер
|
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Мемлекет басшысының «Болашаққа
бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы(«Жаңа қорған тынысы» газеті
№67)
2.
Жаңғырудың қамы –
жасампаздықтың салты («Айқын» газеті
№40)
3. Әдістемелік нұсқау хат
2017-2018 оқу жылы (355-359 бет)