Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында оқушыларды азаматтық құндылықтарға тәрбиелеу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында оқушыларды азаматтық құндылықтарға тәрбиелеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
болашақ ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында оқушыларды азаматтық құндылықтарға тәрбиелеу.

««Ұлым!», - дейтін жұрт болмаса,

«Жұртым!», - дейтін ұл қайдан болсын!?»

Ахмет Байтұрсынұлы.

Замана, шаруа мінезі күнде өзгерді... . Еш нәрсе өз орнында тұрмақ емес, барлығы да өспек, өнбек, өзгермек. Ғасыр соңы жаңа заман бастаған еліміз бір сілкініп, рухани тұрғыдан жаңғыруға бет бұрды. ХХІ ғасыр – жайбасардың жағасынан алатын, сылбырды сынына салатын талапшыл ғасыр. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Технологиялық революцияның беталы­­сына қарасақ, таяу онжылдық уақыт­та қазір­гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты ертегінің алыптарындай айлап, жылдап емес, сағат сайын, күн сайын өсуі, қарқындап өзгеруі ешбір ғасырда болмаған. Экономика тек қана қара алтын өндіруге тәуелді ғана емес, адам капиталына да тәуелді. Мәселен, өндіріс орнын ашып алып, оған қажетті мамандар табылмай жатса, ол өндірістің құрдымға кеткені. Елбасымыз ертеден ойланып, «Болашақ» бағдарламасы арқылы он мыңдаған жас өркенді шетелде оқытып, білім нәрімен сусындатты. Не ексең, соны орасың. Еткен еңбек еш кетпей, өз жемісін беріп жатыр. Үкілеген үмітті ақтамаған бірен-сараны болмаса, дені таптырмайтын кадрлар қатарында елімізді өркендетіп, экономиканы дамытуға өз үлестерін қосып жатыр. Елімізде елбасының бастамасымен жоғары деңгейлі университеттер, интелектуалды мектептер жүйесі қалыптасты. Әйтсе де, білім жалпыға ортақ болу керек. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Табысты болудың басты факторы білім екені даусыз. Біздің мемлекетіміз білім саласына қаржы бөлуден әлемнің алдыңғы қатарлы елдерден кем қалып жатқан жоқ. Қазір білім беру ісі түбегейлі өзгеріп, жаңартылған білім мазмұны аясына ауыстырылып жатқаны баршамызға аян. Кезіндегі әлемдегі озық білім жүйесі саналған Кеңестік білім жүйесі уақыт сұранысын қанағаттандыруға қауқарсыз болып қалды. Тек қана жалаң білім емес, қоғамнан өз орнын табуға қажетті комуникативтік қабілет пен дағдылар қажеттілігі күн өткен сайын сезілуде. Білім мен білік дағдыларын дамытатын білім туралы сөз қозғағанда, тәрбие мәселесін айналып өту мүмкін емес. Білім мен тәрбие – егіз ұғым. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Адамгершілік азаматтық тәрбие, отбасын, өз ортасын, отанын, туған жерін сүюден басталады.Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Қазақстандық ұстаздың алдында тұрған басты міндет – тек қана білім, білік дағдыларын беріп қана қоймай, келер ұрпақты өз елін, өз жерін қадірлейтін Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу - рухани жаңғырудың негізгі қағидаттарының бірі. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу – азаматтық тәрбиелеудің басты алғышарты. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу оқу бағдарламасында қамтылған. Аймақтық компонент, туған жердің киелі жерлеріне, өлкетану мұражайларына оқушыларды апару арқылы туған жердің қасиетін оқушы жүрегіне жеткізіп санасына сіңіре береміз. Елін, жерін сүйіп өскен ұл келешектегі парасат майданында ешкімге дес бермес биік рухтыазамат болары хақ.




«Жезкент кентінің мектеп -лицейі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Рахымбаева Жанар Сериковна



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2018
427
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі