Материалдар / Рухани жаңғыру болашаққа бағдар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Рухани жаңғыру болашаққа бағдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолдаған Рухани жаңғыру болашаққа бағдары жөніндегі эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
321
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңаөзен қаласы№2 орта мектеп Жәумітбаева Гүлбаршын

«Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар»«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарында үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл – қызымызға көзбе - көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен-жүрекке жетсе, қандай ғанибет.» Сара Алпысқызы

Абайдың адамгершілік, әдептік нормалары І-талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . ІІ- талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді. ІІІ-талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі. Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.Оқыту үрдісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі.Қазіргі замандағы жаһандық мәселелер Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Бүкіл әлемдік даму үдерісі жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үдеріс бүкіл әлемдік жалпыадамзаттық құндылықтардың тұтастығын талап етеді. Осы жалпыадамзаттық құндылықтардың жоғалуынан біздің қоғамымызда дағдарыстар пайда болуда. Адамның жаны тыныш болса, отбасында татулық орнайды Отбасында тыныштық болса, қоғамда татулық орнайды Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте татулық орнайды Мемлекетте тыныштық болса, бүкіл әлемде татулық орнайды.«Өзін-өзі тану әлемінде әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді адал, елін, жерін, тілін, отбасын сүйетін адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.» -дейді С.А.Назарбаева. «Өзін-өзі тану»жобасы аясында іске асып жатқан рухани-адамгершілік білім жүйесінің мәні ерекше.Әбу Насыр әл-Фараби Жаңа туылған нәрестенің ақыл-ойы, миы таза болады, қайырымдылық пен зұлымдықтың ешқайсысын таңдай алмайды, қайырымдылық адамның өмір сүру үдерісінде жиналады. Адам дүниеге келгенде таза мектеп тақтасындай болады, тақта бетіне әр адам өз қолжазбасын жазып қалдырғандай кішкене нәрестенің де таза санасына өсе келе әр нәрсе жазылады. Оқыту, ойлау және түсіну – осының бәрі бес сезім мүшелері арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады. Ақпарат бес сезім мүшелері арқылы сыртқы әлемнен түпкі санаға (кейде саналы түрде, кейде санадан тыс) түседі де, осы жерде психикалық-эмоциялық реңге ие болады. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.Мемлекет пен ұлт қолдан жасалып алынатын дүние емес. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді. Болашаққа деген нық сеніммен тұру үшін рухани санамыз биік болуы шарт. Рухани жаңғырып өзгеруіміз керек. Қорытындылай келе Ш.А. Аманашвилидің сөзіне тоқталғым келіп отыр: «Мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең басты рөл берілген. Мамандық ішінде мұғалім маманығы ең ардақты, ең қиын және ең маңызды». Бойымыздағы жалпыадамзаттық құндылықтарымызбен, риясыз сүйіспеншілігімізбен өскелең ұрпақты тәрбелеуде жан аямайық!Әрқашанда отбасымызда тыныштық болсын!Отбасымызда тыныштық болса, қоғамда тыныштық орнайды!Ал қоғам тыныш болса, мемлекетте тыныштық орнайды!Ал мемлекетте тыныштық болса, бүкіл әлемде тыныштық орнайды!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!