Материалдар / Рухани жаңғыру жолындағы ұстаздардың міндеттері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рухани жаңғыру жолындағы ұстаздардың міндеттері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру жолындағы ұстаздардың міндеттері»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2021
412
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1

Аты-жөні (толық)

Сейсен Асель Жұлдызбайқызы

2

Ғылыми дәрежесі,ғылыми атағы

Жоқ

3

Қызмет орны (лауазымы)

Жалпақсаз бастауыш мектебі, мектепалды даярлық топ тәрбиешісі

4

Байланыс телефоны

87758754075

5

Элекрондық почтасы (@mail.ru)

Seisen-asel@mail.ru



Тақырыбы: «Рухани жаңғыру жолындағы ұстаздардың міндеттері»


«Бүгінгі заман білектің емес, білімнің заманы

дегенді ескерсек, заман талабына сай дайындалған

мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі

сапалы білім мен саналы тәрбие алған

шәкірттерінде болмақ»

Н.Ә.назарбаев


Егер өмір aлтын болса, зергері – мұғалім,
Егер өмір тeңiз болса, гауһaры – мұғaлім.
Егер өмір жүзік бoлса, көзі – мұғалім
,
Eгeр өмір aқын болса, сөзi – мұғалім.

- демекшіТәуелсіздіктің ұраны көгімізде шарықтағалы бері Елбасымыздың әр жыл сайынғы жолдауы халыққа қарай жол тартады. Бұл жолдаулар – өзін патриотпын деп санаған  азамат пен азаматшаның жүрегіндегі  еліне, жеріне деген махаббатын оятатын бірден – бір құжат. Елбасымыздың айтқан әрбір сөзі еліміз үшін, «Қазақстан» атты бейбіт елдің әрбір ұланы үшін құндылыққа толы. Сондай құнды құжаттарымыздың бірі Елбасымыздың жуырда жарыққа шығып, «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыру мақсатында жазылған  «Рухани жаңғыру» атты мақаласы.

Бұл ретте Елбасы ең алдымен бәсекелестікке қабілетті болу мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Қазақ халқы үшін бұл – бүгінгі таңдағы ең басты шарт-талаптардың бірі. Яғни, жаңа ғасыр, жаңа заман осыған қарай тез қарқынмен зымырап, бет алып барады. Ендігі жерде кім жанталасып жақсы жұмыс істейді, кім өз мамандығын жетік меңгеріп, жаңалыққа қалай тез қол жеткізеді – соның жолы болады.Міне, елбасымыздың мына біз жас мамандарға да қойып отырған жаңа талабы да осы – адалдық, өз мамандығына, өз ісіне беріктік, шыншылдық. Шындықтың шамы дарияның астында да жанады. Шын жүрекке тұсау жоқ. Қай істе де ашықтық пен адалдық керек. Абайдың: «Адалдыққа еш нәрсе жетпейді» деп айтқан сөзі бар еді. Қандай да бір халық адал жүріп, адал тұрса, байлық пен табысқа сол кенеледі. Сол халықтың жұлдызы оңынан туады. Ендеше Елбасымыздың бізге айтып отырғаны да осы – өз ісіне адалдық, жас мамандардың өз білімі мен тәжірибесін жетілдірудегі еңбеккерлігі. Себебі, біз жас мамандар – Қазақстанның ертеңіміз, болашақ біздің қолымызда.

Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі-ұстаз болу болатын. Өйткені кішкене кезімнен бастап,өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап,бой түзедім. Бүгінгі күні мен өзіме  тәлім-тәрбие берген ,білім нәрімен сусындап, қияға ұшырған алтын ұя мектебім Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебіне оқып бітіріп, еңбек жолымды туған жерімдегі Жалпақсаз бастауыш мектебінен бастап жатырмын. Мамандығым –мектепалды даярлық топ мұғалімі. Мен өз мамандығымды шексіз сүйемін. Халқымызда «Жас келсе — іске» деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш -қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін.

Жас маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым – оқушыларды тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігі бүгінгі таңдағы білім саласындағы басты ұстаздың бойында болу керек қасиет.

Қытай философының: «Маған жай айтсаң – ұмытамын, көрсетсең – есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң – үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда заман талабына сай ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын — болашақта өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болу иенің алға қойған мақсаттарымның бірі.Мұғалім — мектеп жүрегі болса, оның беделі мектептің беделі. Ал, мектеп — мемлекеттің басты тірегі. Олай болса, қазіргі таңда мұғалім білікті әрі шебер, ұшқыр ойлы, қабілетті, өз пәнін жетік меңгерген болуы керек. Мұғалімдер қатарын толықтырып отыратын мен секілді жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстіндe бoлып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізсе — шығар асуымыз алыс емес. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жaс ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Сондықтан әрбір мұғалім бұл жауапкершілікті сезінсе, біздің мемлекетіміздің қорғаны нығая түспек

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, шәкірт қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Бүгінгі рухани тұрғыда жаңғырған мұғалім қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты білімді жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушы білімінің дамуын ұйымдастыра алатын икемді тұлға болуы керек. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің қас шебері болуы міндетті.

Қорыта айтқанда, әрбір оқытушы хакім Абайдың:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деген қасиетті қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде ұстайтын ұстанымы етіп алса, өз мамандығының нағыз шебері болары хақ.

Н.Ә.Назарбаев ең алдымен елге терең білім керек екенін елдeн бұрын, аңғарып, ерте түсінген тұғырлы тұлғa болды.Сондықтан мен шәкірттердің бойын білім нәрін толтырып, елін сүйер азамат тәрбиелеу  жолында аянбай еңбек етуге даярмын.
















математика

Тақырыбы: Қатарға тұрамыз. Алдыңғы. Кейінгі

Мектеп/МҰ: Жалпақсаз бастауыш

Күні:

Педагогтің аты-жөні: Сейсен Асель Жұлдызбайқызы

Мектепалды сынып/топ

Қатысушылардың саны:9

Қатыспағандардың саны:1

Оқыту мақсаттары

Кез келген санды бір санға арттырса, одан кейінгі сан шығатынын түсіну.

Кез келген саннан бір санды кемітсе, одан бұрынғы(алдыңғы) сан шығатынын түсіну.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

-кез келген санды бір санға арттырса, одан кейінгі сан шығатынын, кез келген саннан бір санды кемітсе, одан бұрынғы (алдыңғы) сан шығатынын түсінеді.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-кез келген сан үшін алдыңғы жəне кейінгі санды атайды.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-оның алдындағы жəне одан кейінгі санды біле отырып, санды анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пəндік лексика жəне терминология: -кейінгі, алдыңғы

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

Осы санға қатысты кейінгі сан қалай туындайтынын жəне осыған қатысты алдыңғы сан қалай туындайтынын түсіндір.

Қалай ойлайсың, алдыңғы жəне келесі сандар орындарын ауыстыра ала ма?

Санаудың қандай түрлерін білесің?

Жазу:

-түрлі түсті қарындаштармен бояу, біріктіру сызықтарын жүргізу.

Алдыңғы білім

Заттардың сандық ұғымы туралы тұрмыстық білім, геометриялық фигуралар мен денелердің атауы.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басталуы-3 минут



5 минут

Ынталандыру.

окушылармен «кел санайық санамақ» санату

Өзектендіру. Оқушыларды «вагон ойынын» қолданып «жұп және тақ» сандар етіп екі топқа бөлу.

Слайд

Ортасы 9–21

Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Əртүрлі заттардың кезектілігін көрсету .

Бүгінгі сабақта алдыңғы,кейінгі сандарды атауға үйренеміз.

Карточкаларды балаларға таратып, карточкаларды ретімен сызып қостыру. Реттік санауды дұрыс айтқан балаларды смайлктерді беру арқылы мадақтау.

Жаңаны ашу.

(Ұ) Балаларға əліппе-дəптердегі № 1 тапсырманың суретін қарап, балалардың футболкаларындағы нөмірлері бойынша алдыңғы жəне кейінгі баланы атауды сұрайды.

Сергіту сəті. Сандар әлемі

Слайд
















Әліппе- дәптері










слайд

Рефлексия22–25

Рефлексия. Қорытынды жасап балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалайды.

Егер қателіктер көп болса, төменгі сатыға смайликті жабыстырады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыға смайликті жабыстырады.



Shape1 Shape2

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!