Рухани жаңғыру: кітапхананың шығармашылық жұмысын дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғыру: кітапхананың шығармашылық жұмысын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапханаларда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізетін шаралар туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Рухани жаңғыру: кітапхананың шығармашылық жұмысын дамыту



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нүрсүлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу», деп мақсат қойды. Аталған мақсатты орындау барысында мемлекетіміздің өркениетті даму деңгейіне жетуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ -оқырмандарды білім нәрімен сусындатқан рухани қазына, заман талабына сай білім мен ғылымның, шығармашылық және мәдени дамудың, ақпараттық жетістіктерін насихаттау жұмысын жүргізіп келетін мәдениет ордасы болып табылады.Осы мәдениет ордасының қарамағында Ақтөбе қаласында 14 кітапхана жұмыс істейді.

Кітапханаларда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Цифрлы Қазақстан» - жастар игілігінде» информина, жерлес ақын Есенбай Дүйсенбаевтың 80 жылдығына орай "Жүлделі жырдың жүйрігі" атты поэзиялық слэм, «Ұлы даланың кемел келешегі» әңгіме промоакция, Ақын Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақ жырының тұңғиығы» поэзия сағаты өткізілді, және жыл аяғына дейін жылдық жоспарға сәйкес өткізіледі.

Әр дәуірдің өз талап-тілегі бар. Жаһандану дәуірі есік қаққалы жұрт жаңа технологияның тілін меңгеруге көшкен. Заманның көшінен қалмау – уақыт талабы. 2017 жылы қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізеді. Осы бағдарламаның аясында шаралар өткізу барысында «Мобильді QR кітапхана» жобасы ұсынылды.Жаңа және тез өзгеріп отыратын мобильді технологиямен қалмай қатар жүруге, және барлық жастағы оқырмандардың кітапхана қызметін қолдануға түрткі болатын, кітапханаларда оқырмандарға қосымша ақпарат ұсынудың тиімді әдісі, сондай-ақ инновациялық технологиялар ретінде кітаптарды, авторларды және кітапхананың құзыреттілігін насихаттауда көмек үшін белсенді түрде QR кодтар пайдаланылады. Кітапхана оқырмандары қолдарында смартфондары болса QR-кодты сканерлеп алуларына болады, қосымша ақпаратты қолдану үшін: кітаптың авторының сайтына немесе кітапқа қатысы бар, және берілген кітап қамтитын сайтқа ауысу керек туралы, кітапхана қызметкерлері түсіндіру жұмысын жүргізіп келеді.

Сонымен қатар 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Web-РАБИС бағдарламасы қолданысқа енгізілді. Web-РАБИС бағдарламасы «Кітап қорын толықтыру», «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап беру» және «Оқырмандарды тіркеу» сынды бес модульді біріктіреді.

Web-РАБИС пайдаланушыға құжаттардың толық мәтінімен және жер шарының кезкелген нүктесінен олардың аудио-бейне-интернет қосымшаларымен жұмыс істеуге, мобильді құ­рылғы арқылы электрондық каталогтарды қарауға мүмкіндік беретін толықмәтінді және гипермәтінді мәліметтер қорын құруды жүзеге асырады. Оқырмандарға ақпаратты шығару үшін компьютермен жұмыс істеуге машықтануды аса талап етпейтін қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс жасал­ған. Қажет ақпаратты жылдам және ауқымды іздеу барлық электрондық каталогтар және библиографиялық сипаттама элементтері мен олардың үйлесуі бойынша жүргізіледі.
Күнделікті оқырмандар қажетті кітап­тары мен газет-журнал­да­ры­на сұранысын осы бағдарлама арқылы электронды түрде тапсырыс беріп, ол жедел түрде орындалып, сапалы қызмет көрсетілуде. Web-РАБИС бағдарламасы оқырман­дар үшін өте тиімді, уақытты үнемдейді және қажетті кітаптары мен газет-жур­нал­дарын тез тауып алады.

Заман талабына сай ұлттық құндылықтарымыз бен рухани байлығымызды сақтау, оны жас ұрпақтың бойына сіңіру бағытында кітапханаларда бірқатар шаралар өткізіліп келеді.

2018 жылы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының жетекшісі, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары А.Р.Раимкулованың бекітуімен (31 тамыз 2017 жыл) «Ауылдық кітапханаларды жаңғыруы мәдени, ағарту және демалыс орталығының Ережесіне сәйкес №2 А.Пушкин атындағы қалалық және №5 С.Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасында коворкинг аймақтары ашылды. Қазіргі таңда коворкинг аймақтарында мәдени-көпшілік шаралар өткізілуде.

Халық көп шұғырланған елді мекендерде кітапхана ашу біздің негізгі мақсатымыз, осы орайда жергілікті сатирик-жазушы М.Төрежан қолдауымен Ақтөбе қаласы Алматы ауданындағы Қарғалы тұрғын үй алабынан жаңа кітапхана ашылды.

Бүгінгі таңда барлық қалалық кітапханаларда оқырмандардың саны күннен-күнге артуда. Себебі, кітап қорындағы шетел әдебиеттері мен Ресей баспаларынан шыққан ғылыми кітаптарға қызығушылық пен сұраныс өсті. Жыл сайын кітап қоры оқырмандардың сұранысы мен талабы бойынша жаңарып, толықтырылып отырады. Сондық­тан да кітапхананың жұмысы күнделікті ақпараттың және жаңалық­тың алаңы ретінде оқырман­дарға қалтқысыз қыз­мет ету аясын кеңейту жолдарын іздес­тіріп, әрбір қазақстандық азамат­тың рухани өсуіне мол үлес қосып, рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруда аянбай еңбек етуге тиісті. Елбасы Жолдауы, уақыт талабы бізді осыған міндеттейді.



Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері

Сейтмаганбетова Жаркын Бахиткереевна, Ақтөбе қаласы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2020
484
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі