Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ КЕПІЛІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алматы қаласы
«Абай ауылындағы №2 орта мектеп» КММ География-тарих пәні мұғалімі
Хайырболат Алтын
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ КЕПІЛІ
2017 жылдың 12 сәуір айында Елбасымыздың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді. Қазақстан халқы аталған мақаладағы Елбасы идеясы мен алға қойған мақсаттарын, бағыт – бағдарын жаңашылдық жаршысы ретінде қабылдап, алға асқарлы мақсаттар қоя бастады. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бірнеше бөлімдерді қамтиды. Кіріспе бөлімде еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқандығын және Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жолдауда жариялады. Осы негізде саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алу ісіне тоқталды. Мемлекет мақсатының айқындығын және әлемдік даму деңгейіндегі 30 елдің қатарына қосылу мәселесін баса айтты. Мұндай деңгейге жету үшін үздіксіз даму қажет екендігін жас ұрпаққа жеткізді. Рухани жаңғыруға жол тәуелсіздік алған жылдардан бастап салынғандығына баса на- зар аударта отырып: «Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен ны- сандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік» [1]- дей келе, Елба- сы осы тұғыр аясында келелі рухани жаңғыруға қол жеткізу мәселесінің бірнеше бағдарын тараушаларда ұсынды.
Ұлт болып тұтастықта болашаққа қадам басудағы рухани қазынаның орнын Елбасы айқындап берді. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Мақаласында жалпы болашақтағы еліміздің рухани бағдарын жоспарлы екі үлкен бағытпен қарастырған. Бірінші тарау «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана ту- ралы» деп аталады. Онда «...Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек», - деген ұлағатты ұстанымды алға қойған.
Елбасы заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажеттігін және
жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайтындығын насихаттаған. Н.Ә.Назарбаев тұтас қоғамның және әрбір қазақ- стандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті. Атап айтсақ бірінші бағыт «Бәсекеге қабілеттілік». Елбасы «Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз
– ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны- мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапа- лы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекеге қабілетімен айқындалады» деп атап өте келе, әрбір қазақстандық, сол арқылы ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керектігін және ол үшін компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар тұтас ұлттың алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттар екендігін алға қойды.
Осы орайда «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар қабылданды. Бұл бағдарламалар ұлтымызды рухани жаңғыртуға баста- ма екендігін атап өтті. Екінші бағыт «Прагматизм» деп аталады. Елбасы «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пай- даланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылдыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайда- лану көргенділікті көрсетеді» деп анықтама берген. Осы ұстанымды бастама ретінде алып, халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келгендігін жастарға өнеге ретінде жеткізу ұрпақ алдындағы орындалуы тиіс іс-шаралар деп түйіндеген. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жол- да әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизміне қол жеткізуді негіздейді. Реализм мен прагматизм онжылдықтардың ұраны болуы шарт де- ген. Батыста, ірі державаларда болып жатқан сайлау науқандары тіпті дамыған елдерде де жұртшылықтың бос демагогия мен популизмге қарсы иммунитетінің жоқтығын, өтірік – қаңбақ, шын – салмақ екенін түсіне бермейтінін паш етті. Әлемде шын жүйріктердің емес, «тіл жүйріктердің» заманы туған ба дерсіз. Бұл халықаралық қоғамдастық кезігіп отырған кезекті
«сын-қатер» болса керек. «Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады» деген
Н.Назарбаев алдағы онжылдықтардың ұранына
«реализм мен прагматизмді» ұсынады. Біз – баба- лар батасы дарыған, ата аманатын аялаған елміз.
Сондықтан Елбасы Тәуелсіздік жылдары қоғамды бос демагогия дертінен арылтуға күш салды. Оның орнына елді өркендетер түбегейлі жаңаруларға жұмылдырды. Білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке бағдарлады. Бұл – қалыпты өмірді қауіпті өмірге айналдырмаудың және нақты жаңғырудың қамы. Біз тек ұлтымыздың бойындағы жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытсақ, жымиып күліп, жылмаң сөйлеп, жыландай жылжыған жат идеологияларға лайықты тойтарыс берсек, жерұйықтай мемлекетке айналамыз. Үшінші бағыт «Ұлттық бірегейлікті сақтау» деп аталады. Қазақстан тарихы – бұл рухани дамудың, күрес пен табандылықтың және жасампаздықтың жылнамасы. Мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізу Қазақстанның сан ғасырлық тарихының дәуірлік оқиғасы болды. Осы құндылық негізінде ұлттық бірегейлікті сақтауды алға кою мемлекет үшін маңызды. Елбасы біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуді басты назарға ұстай отырып, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту көзделуде. Қазақ елі қазір өркениетті елдермен иық теңестіруге, дамудың жаңа сатысына көтерілуге тал- пынуда. Дегенмен, жаһандық өзгерістерге сай болу үшін алдымен ұлттық ерекшелігімізді сақтай білуіміз керек. Шын мәнінде, көз ілеспес шапшаңдықпен да- мып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет. Бұл арада рухани жаңғырудың ең басты шар- ты – ұлттық кодымызды сақтау екенін әрдайым есте ұстап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін қалыптастырғанымыз абзал. Ұлттық кодты сақтау дегеніміз – ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету деген сөз[2]. Ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық ру- хани құндылықтарымыздан бастау алады десек, мына өзгермелі дүниеде сол құндылықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыру деген сөз.
Қазақ халқының дәстүрлі мадениетін сақтай оты- рып, келешек дамуға қол жеткізу назарда болуы ке- рек. Ұлы Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана деп бағалаған Елбасы жас ұрпақты баянды бірегейлікке шақырды.
Елбасы осындай басымдықтарды негіздей оты- рып, бұл тақырып бойынша екі жолды негіздеді.
«Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тар- ту керек». «Білімнің салтанат құруы» атты бағытта тәуелсіздік тұсындағы Қазақтандағы білім мәселесін талқылай келе білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет деп түйіндеді. Тек жоғары білімді және рухани бай халық қана сыртқы әсерлерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере алады. Сондықтанда мақала қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық жобалар ретінде бірқатар ша- ралардан тұратыны өте маңызды. Ұлт көшбасшысы атап көрсеткен бұл шаралар еліміздің дамуының жаңа деңгейіне көтерілуіне өз септігін тигізетініне сенімдімін.
Бесінші бағыт «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» атты бағыт. Дамудың эволюциялық дамуына жол салу табысты қоғам кепілі екендігіне назар аудара отырып, күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашаққа бағдар жасаудың маңыздылығын саралады. Ал- тыншы бағыт «Сананың ашықтығы» жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігін атап өтті. Мақаланың басты бағыты «Таяу жылдардағы міндеттер» болып табыл- ды. Ең алдымен Елбасы қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауды айта келе:
«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, ла- тын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса оты- рып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек.
2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс. Жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады. Аталған мақаласында Елбасы Үкіметке нақты тапсырма бере отырып, қай уақытта, қалай латын қарпіне өтетінімізді айтып отыр. Яғни, 2025 жылға қарай іс-қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар, бәрі де латын әліпбиімен басылады деген сөз. Бұл қоғамдық ғылымдар үшін міндеттелетін үлкен шара болары анық. Әсіресе, Тіл білімі институтына үлкен жауапкершілік артып отыр. Әрине, бұған үлкен дайындық керек.
Мақалада айтылған ойлардың тереңдігінен Елбасының тарихты терең білетіндігі, сонау түркі халқының көне жазуынан бастап барлығын ой елегінен өткізе айтқанын байқау қиын емес. Халқымыз небір аласапыран замандарда көп қиындық көрді. Араб жа- зуынан латынға, латыннан кириллицаға көшіп жүре тұра халқымыз білімге ұмтылысының арқасында ешбір халықтан қалыс қалған жоқ. Бұл біздің жоғары мәдениеттілігімізді аңғартса керек. Бүгін міне, тәуелсіз елде есімізді жинап, өз жазуымызды қалыптастыруымыздың сәті келген сияқты. Себебі, оң мен солымызды әбден танып, өткеннің кемшіліктері мен жетістіктерін бойымызға сіңіріп нақты шешім жа- сайтын дәуірге жеттік. Сондықтан бұл – Елбасының сарабдал саясатының аясында жасалған үлкен қадам. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасын қолға аламыз» [3] деп осы мәселе басымдығын айтты. Сондай-ақ патриотизмді дамыту мақсатында «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналу керектігін ата- ды. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі. Сондықтан, қазір ғалымдардың алдына зерттеу-зерделеу тұрғысында үлкен мақсат- міндеттер қойылып отыр[4].
ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек,
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жоба- сын іске асыруға тиіспіз деген ұсынысты да білдірді.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихынан сыр шертетіндігін айтты. Жоба- да адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы, бүгінгі заманауи Қазақстанның келбетінің көрініс табуы негізделген. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының өн бойына алтын арқау болып өрілген. Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологиялар- ды меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы, халықаралық коммерциялық һәм концептуалды жобаларды ілгерілетуі маңызды. Бұл – Қазақстан көшбасшысы айтқан «бәсекеге қабілеттіліктің» бір шарты.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: руха- ни жаңғыру» атты мақаласы 12 сәуір, 2017 http://www. akorda.kz/
Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, Дер кезінде қабылданған шешім // Сұхбат, 2017
Оразалы СӘБДЕН Рухани дүниені қайта жаңғыртуға тиіспіз // Сұхбат, 2017
Серік ПІРӘЛИЕВ Ұрпақ игілігіне айналдырсақ // Сұхбат, 2017