Материалдар / Руханиадамгершілік құндылықтарының сапасын арттыру жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Руханиадамгершілік құндылықтарының сапасын арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Көп мəлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2020
285
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет
алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ
тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.
«Біз тұрғызатын қоғамдарды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани
байлығы мол адамдардан тұру керек» - деді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Рухани тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарын тәрбиелейді. Жеке тұлғаның ақыл-ойы мен іс-
әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге рухани көзқарас
қалыптастырады.
Шығыс ғұламалары Омар Хайям: «Адамдардың пайдалысы - адамдарға пайда келтіргендер» десе,
Рудаки бұл ойды одан әрі нақтылай түседі: «Өмір - теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса
кемеңіз».
Демек, әлемдегі қайғы-қасіреттердің болу себебі адам өмірінде адамгершілік құндылықтардың
және арман-мұратының болмауынан екен.
Сондықтан да ізгіліктің ең үлкені - адамдарға жақсылық жасау деп түсінсек, мұның өзі адамның
бойында ізгіліктің болуынан бастау алады екен. Біреулер қоғамда көп ғылымның, біреулер үлкен
байлықтың иесі болар.
Бірақта адамда адамгершілік қасиеттер болмаса, бұл жеткен жетістіктері жалаң, жадағай болып
шығады. Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі - кез келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана
емес, оның рухани - адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас
ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жол көрсетуде.
Рухани-адамгершілік тәрбие дұрыс дағдылар мен әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау
дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығы.
Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-
өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарларға және экологияға
жақсылық тілеп, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан рухани-адамгершілік білімі жеке
тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы -
руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап,
жетілдіруге ұмтылады. Тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өз тағдырын халықтың
тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдарының алдындағы жауапкершілігін
сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау.
Жас ұрпаққа рухани тәрбие мен білім беру адам дамуының рухани үйлесімділігін, өмірдің
құндылықтарын түсінуге, өзін қоршаған ортамен үйлесімділікте ұстай білуі, жердегі тіршілікті
сақтау үшін өзінің қажеттілігін түсінуді қамтамасыз ету.
Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап (мысалы, ұжымдық үдеріс
қауымдастық пен жеке тұлғалылыққа алмасты, ұлттық, қоғамдық құндылықтардан гөрі жеке
құндылықтар басымдылық таныта бастады), жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл
жағдайлар азаматтарымыздың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты
қарымқатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық
мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу
қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік
үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және
жастарды оқыту және тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әр адам өз
бойындағы қабілеттерін толық жүзеге асырып, өз мемлекетімізге ғана емес, бүкіл адамзат
иігілігіне пайда келтіре алатындай болуы керек. Баланың бойындағы қабілеттерін ашып, оның өз


Page 2

жан-дүниесіне үңіліп, өз болашағына деген сенімін ояту, өзін-өзі құрметтеп, өз ар-ұжданымен
өмір сүруі қандай маңызды десеңізші!
Яғни, өздерінің дене және рухани күштерін жете бағалайтын, өз тілегі мен сезімін қажетті арнаға
бұра алатын, өзіне талап қоя алатын, өз күшіне, өз қабілетіне, өмірлік мақсаты мен міндетіне жету
жолындағы мүмкіндігіне сенімді, Отанын, елін-жерін сүйетін, рухани-адамгершілік құндылықтары
қалыптасқан толық адамды тәрбиелеу болып табылады. Басты ерекшелігі сонда - адами
құндылықтарды оқытуға бағытталған. Ал «адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз бұл
қағидалар практикада, күнделікті өмірде қолданылады дегенді білдіреді. Білім берудің шынайы
мақсаты адам баласына тән қабілеттердің көрініп, ашылуы болып табылады». Оқушыларға
рухани-адамгершілік білім беруді мақсат еткен жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды
негіз етеді. Жоғары рухани құндылықтар: махаббат, жақсылық, өмір мәні, ақиқат, еркіндік,
сұлулық, адамның өзіндік құндылығы, лайықты өмір сүру, жалпы адамгершілік және т.б. Осы
құндылықтардың мәні не, маңызы қандай, мақсаты неде дегенге келетін болсақ,
құндылықтардың әрқайсысы адам баласының өмірлік ұстанымына тікелей әсер-ықпал етіп, жеке
тұлғаның бағыттылығын, оның сенімдерін, дүниеге көзқарасын, идеалдарын, ұмтылыстарын, өмір
сүру түрін еркін таңдай алуын өз бетінше іске асырып, жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға
мүмкіндік береді. Ұлттық құндылықтар: ұлттың тілі, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы,
мәдениеті, өнері, әдебиеті, музыкасы, ата-мұрасы және т.б. Еліміздің білім беру жүйесінде жас
ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде руханилық пен адамгершілікке бағдарлап білім-тәрбие
беру ісі өткір мәселе саналады. Осы тұрғыда ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оны білім
мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәрбие беруді, оны үздіксіз білім берудің көзіне айналдыруды,
оның тереңдігі мен рухани шындығын балалық кезден бастап сіңіруді мұрат етіп отыр


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!