Материалдар / «С дыбысымен жомарт күздің жемістеріне саяхат»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«С дыбысымен жомарт күздің жемістеріне саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша логпедтерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2018
326
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылдық округі әкімінің аппараты»

«Раушан» бөбекжай – бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны













«С»дыбысымен жомарт күздің жемістеріне саяхат»





Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі



Логопед :Даулеткулова Г .Т











Тақырыбы: «С дыбысымен жомарт күздің жемістеріне саяхат»
Кезең: сөзде машықтандыру кезеңі
Мақсаты: «С» дыбысын «ғажайып қорапша» ойыны арқылы сөзде анық, дұрыс айтуғаүйрету. Балаларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру.Балаларға күз байлықтары: астық, көкөніс, жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру.Күдікті заттарға жоламауға, бөгде адамдармен сөйлеспеуге және өз өмірін сақтандыруға тәрбиелеу.


Түзете - дамытушылық: Балалардың артикуляциялық мүшелерінің қозғалыс белсенділігін арттыру. Дұрыс тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру. Қолдың ұсақ моторикасын мозайка және дәнді - дақылдармен жұмыс жасау арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Логопедті мұқият тыңдауға, өзін - өзі баға дұрыс беруге және өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Айна, салфетка, стакан, түтікше, мозайка, дәндер, суреттер, слайд.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, слайд көрсету.
 

Сөздік жұмыс: жемістер, көкөністер.

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Аманбысың ,алтын күн!

Аманбысың, жарқын күн!

Маған жылу, жарық бер,

Қуаныш пен шаттық бер.

Ұйымдастырушылық-ізеністік:

Сұрақ-жауап:

1.Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

2.Күз мезгілінде неше ай бар?

3.Күз мезгілінде бақшада, бақта не піседі?

-Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Жомарт күздің жемістері»

Тақтадағы суреттке назар аудару, олар туралы жұмбақ жасыру.

  1. Бір-бірлеп үзіп жейсің,
    Бір жегенде жүзін жейсің. (Жүзім)

  2. Әрі қызыл, әрі тәтті,
    Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

  3. Бақта, бақшада күзде піседі барлығы. ( Жемістер)

Жалқаубек: Мұнда не болып жатыр, мына жерден өтіп бара жатып дауыстарыңды естіп келдім, ой бұл жерде сабақ оқып жатыр екен ғой. Қайта жөніме кетейін

Логопед:Жалқаубек кел,кел, сенің мына жүрісің дұрыс емес. Балалар Жалқаубектің үстіне қараңдаршы лас, кір, шаң екен.

-Бұлай жүруге болады ма?

-Жалқаубектің қолында кола, кериешки бұл заттарды жеуге болады ма?

-Бұндай тағамдар адам денсаулығына өте зиян, оның үстіне кір қолмен тамақ жеуге болмайды.

-Жалқаубек сен барда беті-қолыңды жуып кел де балалармен бірге сабақ үйрен. (Бетін жууға кетеді)

-Тәти, тәти мұнда бір күдікті зат жатыр, анам маған бөтен күдікті заттқа жолама деген.

Логопед: Қана,қане мен көрейін шынында балалар мұнда күдікті зат жатыр, арырек тұрыңдар, мен 102 номеріне қоңырау шалып көмек сұрайын

Құтқарушылар келіп балаларға бөтен күдікті заттарға жоламаун және бөгде адамдар шақырса бармаулары туралы айтып түсіндіреді.

Жалқаубек сен жарадың, сен болмағанда балалардың денсаулығына зиян келуі мүмкін еді. Біз қорқатын қауіп-қатер жоқ Жалқаубек бізді құтқарып қалды, біз де оған сабақ үйретіп көмектесейік.

- мына суреттерді алып, осы сурет бойынша өнер орталығына үш топқа бөлінейік. (сурет б\ша үстелге жайғасады)

- Балалар мен сендерге бір дыбыс жасырамын, сол дыбыс ненің даусы екенін табуларын керек?
- Бәріміз мұқият тыңдап көрейікші ненің дыбысы?
- Иә, дұрыс жыланның дыбысы екен.
- Жылан қалай дыбыс шығарады, бәріміз бірге айтайықшы?
- Балалар қандай дыбыс естіліп тұр?
- Жарайсыңдар, балалар!
- Бүгін біз «С» дыбысын дұрыс, әдемі айтып үйренеміз.
- Алдымыздағы айнаға қарап «С» дыбысын айтайықшы?
-«С» дыбысын айтқан кезде ерініміз, тіліміз, тісіміз қандай қалыпта болады екен?
- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар «с» дыбысы созылмайды, кедергіге ұшырап барып айтылады.
- «С» дыбысы дауыссыз дыбыс, оны көк текшемен белгілейміз.


Әр топқа сұрақ қояды (пайдасы, түсі, пішіні туралы)

-Алманың пішіні қандай?

-Алма қайда өседі?

-Алма тобы өздерің жаттаған тақпақтарыңды естеріңе түсіріп көріңдерші? Кім айтады?

-Қиярдың түсі және пішіні қандай?

-Олар қайда өседі?

-Қиярдың түсі қандай?

-Адам өміріне қандай пайдасы бар?

-Қызанақтан не жасауға болады?

-Қызанақтың пішіні, түсі қандай?

-Өткен сабақтағы қызынақ туралы тақпақтарыңды еске түсіріп кім айтып береді?

Сергіту сәті: Музыка әуенімен сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен жасайды.

Жемістерге байланысты математикалық мысал есептер.

1-ші есеп: Аулада екі құс отырды оған тағы бір құс ұшып келіп қосылды, барлығы неше құс болды?

2-ші есеп:Даяна бақшадан үш алмұрт теріп әклді оған анасы нағы екі алмұр әкеліп қосты, барлығы неше алмұрт болды?

3-ші есеп: Сұрқоянның үш сәбізіне бір сәбіз қоссақ неше сәбіз болады?

4-ші есеп:Айшаның төрт қызанағы болған ол бір қызанағын Асенге берді, өзінде неше қызанақ қалды?

Оқу қызметін қорытындылау:

Қауын, қарбыз, қияр, қызанақ, т.б.

Көкөністер қайда өседі?

Көкөністер бақшада өседі.

Жемістерге не жатады?

Алма, алмұрт, шие, өрік, т.б.

Олар қайда өседі?

-Бізге берер пайдасы қандай?

Сабаққа белсене атсалысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жыл мезгілінің ай аттарының атауларын.

Игереді:Дәстүрден тыс тәсілдерді пайдаланып сурет салуды және табиғи заттан бейне жасауды.

Меңгереді:Қол қимылдарын,қиялын дамытуды және бөгде заттарға, адамдарға жоламауды.














































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!