Материалдар / Ш дыбысын буында,сөзде ,сөйлемле дұрыс айтуға машықтандыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ш дыбысын буында,сөзде ,сөйлемле дұрыс айтуға машықтандыру

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды сөйлеу тілінде ш дыбысын дұрыс айтуға үйрету туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2020
766
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ш дыбысын (буын, сөзде, сөйлемде) машықтандыру.

Балалармен амандасу. Балаларды оқу қызметіне дайындау.
Дайындық жаттығуларын жүргізу.
Мақсаты: дыбысты дұрыс айтуға қажет сөйлем мүшелерінің қалпын, қимыл қозғалысын дамыту.
Тіл жаттығуларын жасату үшін тақтадағы жәндіктің суретінің (жасыл құрттың) денесін орналастырып, әр жаттығуды орындау арқылы толық сурет шығарады.

2. Ерінге арналған жаттығулар: «Сусиыр» (ауызды кең ашып, жабу) «Бақаның күлкісі» (тістерді көрсетіп, жымию),« Пілдің тұмсығы» (ерінді алға қарай созып, у - у - у деп айту);
Тілге арналған жаттығулар:
«Қамыр илейік» жаттығуы
Жымия отырып, тілді ауыздан шығарып, ерінмен ұрғылау керек және тісімізден тілді тістелейміз. Тілдің ұшынан, түбіне дейін және керісінше бағытта орындалады. 5 - 6 рет жасау керек.
«Күлше» жаттығуы
- Ауызды ашып, жалпақ тілді астыңғы ерінге бос орналастырып 5 - 10 сек. ұстап тұрамыз.
«Желкенді қайық» жаттығуы
- Ауызды кең ашып, тілдің ұшын созып, алдыңғы күрек тістің тістің түбіне қоямыз (қайықтың желкеніне ұқсатып). Сол қалыпта тілді 5 - 10 сек. ұстаймыз.
«Кесе» жаттығуы
- Ауызды ашып, тілдің екі жанын қайырып, тілдің ұшын жоғары көтеріп, тілді кесе пішініне келтіру керек. Сол қалыпта 5 - 10 сек. ұстап тұру керек. Тіл жоғарғы тістерге тимеуі керек. Жаттығуды 5 - 6 рет қайталау.
Дыбысты айту кезінде тыныстың қалпын сақтау және дұрыс тыныстауға арналған жаттығу:
«Қарды ұшырайық» жаттығуы
- Ауызды кең ашып, тілді жалпақ етіп, ауыздан шығара отырып, қолғаптың үстіне қойылған мақтаны(қарды), тілдің ұшына қатты үрлеу арқылы ұшыру керек. Бірінші мұрын арқылы терең тыныстап, ауаны тілдің ұшына үрлеу арқылы шығару керек.

Балаларға алдыңғы оқу қызметінде танысқан дыбысты есіне түсіру. «Шегірткенің» мультфильмін көрсетіп, оның даусын тыңдату арқылы. Бұл не?- деп сұрақ қойылады.
- Шегіртке – деп жауап беріледі.
Шегіртке қандай дыбыс шығарады.
Аудио дыбыс арқылы шегірткенің (шырылын) дыбыстауы естіледі.
Қане, бірге қайталап айтайық!
- Ш - Ш - Ш - Ш - Ш
Балалар бүгін біз, сол шегірткенің дыбысын буында, сөзде және сөйлемде дұрыс айтуды үйренеміз.
Ол үшін «Ш» дыбысын айту кезінде ерін мен тілдің орналасу қалпын көрейік.
Енді «Ш» дыбысының әріптік таңбасымен танысайық.
Балаларға осы «Ш» дыбысынан басталатын буындар қатарын бірге айтқызып, осы буыннан басталатын сөздердің суреті көрсетіліп, бала өзі жалғастырып, буынды сөзге айналдырып айтуы керек.
«Буындарды қайтала» жаттығуы
Ша - ша - ша - Шана
Шо - шо - шо - Шортан
Шу - шу - шу - Ашу
Ше - ше - ше - Шелек
Ши - ши - ши - Шие
Шұ – шұ - шұ - Шұлық
Аш - аш - аш - Қарындаш
Ыш - ыш - ыш - Ғарыш
Ұш - Ұш - Ұш - Ұшақ
Іш - іш - іш - Ілгіш
«Сақ құлақ» ойыны
Мақсаты: Баланың есту арқылы «Ш», «С» дыбысын ажыратуға және «Ш» дыбысын есту арқылы тануға машықтандыру.
Шарты: Әр баланың қолына екі жәндіктің (жылан, шегіртке) суреті бар көтергіштер беріледі. Балаға бірнеше суреттер көрсетіліп, аты айтылады, бала сөздің «Ш» немесе «С» дыбысынан басталғанын естіп, ажыратып, қолындағы суретті көтеруі керек.
«Поездың терезелерін орналастыр» ойыны
Мақсаты: Балаға сөздегі «Ш» дыбысын тыңдау арқылы анық айтқызуға үйрету. «Ш» дыбысын сөздің басында, ортасында және соңында тұрғанын анықтап, сөзде «Ш» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру. Көру арқылы есте сақтауын дамыту.
Шарты: Балаларға алдына үш түсті(қызыл, сары, жасыл) вагондар қойылады (вагондарда 4 терезе болады) және олардың алдына «Ш» дыбысы бар түрлі суреттер қойылады. Әр бала өз алдындағы суретті алып қарап, айтып, «Ш» дыбысы сөздің басында кездессе, бірінші қызыл вагонның терезесіне, ортасында кездессе, сары вагонға, сөз соңында кездессе, жасыл түсті вагонның терезесіне орналастырады.
«Аз, көп» ойыны
Мақсаты: Балалардың сөзде «Ш» дыбысын дұрыс, нақты айтуын машықтандыру. Заттардың жекеше және көпше түрін ажырату түсініктерін қалыптастыру.
Шарты: Балаларға екеуден карточкалар таратылады. Әр карточкада жекеше және көпше заттардың суреті бейнеленген. Бала сол заттың жекеше және көпше түрде бейнеленген суреттерді біріктіріп, сол заттарды жекеше және көпше түрде атап беруі керек.
- Қане, енді біз балалар мына тақтадағы суреттерге назар аударайық.
Осы сурет бойынша сөйлем құрайық.
- Суретте нелер және кім бейнеленген?
- Бала не істеп жатыр?
- Бұл кім?- деген сұрақтар қойылып, баладан сөйлем құрап айтуды, сөйлем ішінде кездескен «Ш» дыбыстарын дұрыс айтуға, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру.
Тілді жаттықтыру.
Ша - ша - ша – Күн қандай тамаша;
Ша - ша - ша – Қуанамыз балаша;
Ша - ша - ша - Аспанда ұшты шағала;
Ше - ше - ше - Көктем келді кеше;
Ше - ше - ше - Үлкен екен көше.
Ше - ше - ше - Көрдім сені кеше.
Балалардан бүгін қандай дыбысты айтып машықтанғанын және ол қандай, ненің дыбысы екенін қорытындылап сұрап, балаларға қабырғада ілінген жәндіктердің қандай дыбыс шығаратынын айтып, сол жәндіктерді ұшырып, жүргізе отырып, дыбыстарын салу(айтуы) керек.
- Балаға «Шегірткені» қозғай отырып, «Ш» дыбысын айтқызу.
Балаларды ойынға белсенді қатысқаны үшін мадақтау.

































Ч-Щ дыбыстарын ажырату. (қысқа мерзімді жоспар)

Тақырыбы:

Ч- Щ дыбыстарын ажырату

Сабақтың түрі:

Логопедиялық топтық сабақ

Дефектолог-логопедтің аты-жөні:

Х.Сайдалиханова

Оқу мақсаты:

В.В.Воронкованың 3, 4 типологиялық тобы

Сабақ мақсаты:

Ч мен Щ дыбыстарын анықтап ажырата білу; Артикуляциялық жаттығуларды орындату; Дұрыс тыныс алуын, дем шығаруын қадағалау; Есту зердесі, қабылдау, логикалық ойлауын дамыту; фонематикалық есту қабілетін дамыту, ырғақты есту және айту.

Күтілетін нәтиже:

Ч мен Щ дыбысы мен әріптерін ажырата білу керек;

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Қалыптастырушы бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме!

Миға шабуыл (допты лақтыру)оқушыларға сұрақ қою.

Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)

- Қазір ауа-райы қандай?

- Қыс мезгілінде жиі не жауады?

- Бүгін аптаның қай күні?

«Кубизм әдісі» Артикуляциялық жаттығуларын орындату

Тілге арналған жаттығуларды арқылы кубикті лақтырып отырып орындату

«Тәтті тосап»- жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару
«Ат шауып келеді»- - ауызды кең ашып тілді таңңдайға жапсыру-айыру немесе таңдай қағу.

«Сағат»- тілді жіңішкертіп ұстап оңға солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек
«Тісімізді тазалайық»- ауызды кішкене ашып,жымиып тістерді көрсету керек. Тілдің ұшын оңға-солға , жоғары – төмен жылжытып, «астыңғы тістерді тазалау».

Бет-бұлшықеті мен мимикаға арналған жаттығулар

Түрлі түсті гүлдердегі смайликтер арқылы жымыю, күлу, ашулану, ренжу эмоцияларын көрсету.

Тыныс алу жаттығулары 

Оқушыларға бір-бір қарандашты үлестіріп,оларды үрлетіп орнынан қозғалту.
















шапалақтау



доп








айна









кубик








смайлик



қарандаш

Негізгі кезең

Қима сурет бойынша жұмыс. Оқушыларға қима сурет 5 бөлшектерін үлестіріп, суретті құрастырып, ненің суреті екенін сұрау.

  • Суреттен не көріп тұрсыңдар?

- Балалар, суреттегі заттардың атын атайық.

-Щетка, чемодан.

Жұмбақ шешу                

Тіс кірлесе тазартар,

Киімнің кірін тазартар,

Бәтеңкеңді жаңартар,

Бұл не? (щетка)

Керегінді саласың,

Керек  кезде табасың (чемодан)

-Енді, осы сөздер қандай дыбыстан басталып айтылып тұр?

-Щ, ч.

-Бүгінгі сабақта ч, щ дыбыстары туралы білімдерімізді толықтырамыз.

-Үн мен салдырдың қатысына қарай қандай дауыссыз дыбыс түрлері бар?

-(қатаң, ұяң, үнді)

-Біз қандай дыбыстарға ерекше тоқталып жатырмыз?

-Орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстарға тоқталып жатырмыз.

Щ Ч бұл қатаң дауыссыз дыбыстар

Щ – ызың,Ч- шұғыл.

Екеуі де тілді алды дыбыстар.

Екі дыбыстың артикуляциялық кескіні бойынша дыбысталуын көрсету, айту

Щ дыбысы - ауызда тіл ұшы мен таңдай арасындағы саңлау түріндегі кедергіге кездесіп, шығатын дем С дыбысынан төмен болып естіліп шу шығарады. Жұмсақ Щ дыбыс ш-дан тіл үстінің жоғарырық орналасуымен, оның ілгері ығысуымен, одан тіл мен алдыңғы тіс арасы тарылуымен, сонын нәтижесінде шыжылдаған шудың күшеюімен ерекшеленеді.

Ч дыбысы-жабысқан Т мен Щ дыбыстарының тығыз бірігуін танытады. Алғашында тіл альвеол астындағы таңдай алдына жабысады. Тіл үсті мен бүйірлері Щ дыбыстарындағыдай қалыпта болады. Жұмсак таңдай көтеріледі, дауыс перделері ажырайды.

Буындық құрылымымен жұмыс

Тақтадағы ашық буындарды оқу

Ча , ща, чо, що, чу, щу.

Карточкамен жұмыс. Топқа карточкада жазылған буындарды беріп, берілген буындардан (чем-, щет-, ащ-, поч-) сөздер құрау: ащы, чемпион, щетка, чек, карточка, плащ. Бұл сөздердегі ч, щ дыбыстары дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

Балаларға жіктік жалғау пайдаланып грамматикалық құрылымын өзгерту. Чемпион сөзін жіктеу.

Үлгі: Мен почташымын. Сен почташысың. Сіз почташысыз. Ол пошташы. Біз почташылармыз. Сендер почташысыңдар. Сіздер почташысыздар. Олар пошташылар.

Көркем жазу.Тақтадағы екі әріпті үлгі бойынша жазу.

Ч,ч

Щ,щ -екі элементтен тұрады. Бас әріпі және кішкентай әріпі.

Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту

«Естігенде шапалақта». Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Ең алдымен жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардың арасынан берілген дыбысты белгілейді. 

Байланысытырып сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырма

Сериялық суретті реттілікпен қойып, сөйлем құрастыру.








бас бармақ










қима сурет























Екі дыбыстың артикуляциялық кескіні

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Үлкен шеңбер құрамыз

Құс болып қанат қағамыз

Қайта отырып

Қайта тұрып, орнымызды табамыз



Бекіту кезеңі

Жеке жұмыс. Карточкамен жұмыс.

Әріпті табу. Тиісті әріпті қою.

Әріптер қатарынан щ мен ч әріпін табу: ж, щ, з, м, а, ч, р, с, т.

Сөздегі нүкте орына тиісті әріпті жаз: а...ы, бор..., карто...ка.

қошеметтеу

карточка

Рефлексия

«Ыстық орындық» әдісі кері байланыс орнату. Оқушыларды жеке –жеке ортадағы орындыққа отырғызып сұрақ қою.

  • Щ дыбысынан басталатын сөздерді ата.

  • Ч дыбысынан басталатын қандай сөз білесің?

  • «Борщ» деген сөзде Щ дыбысы бар ма?

  • «Чемпион» деген сөзде Ч дыбысы қай буында кездеседі?

  • Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыстармен жұмыс жасадық?

Сабақта жақсы қатысып, белсенділік танытқан балалар өздері үш медальдың біреуін таңдап өзін-өзі бағалау

мадақтау

қартоп




медаль





Қорытындылау







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!