Оңтүстік Қазақстан
облысы
Мақтарал ауданы
Асықата кенті
“Қайнар” мектеп-гимназия”
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Джуркабаева Г.Б
Сабақтың тақырыбы: С.
Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
Мақсаты: С.Мұқановтың
шығармашылығынан мәлімет бере отырып, «Саятшы Ораз» әңгімесінің
мазмұнынын, әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың саятшылық
өнері туралы меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
С.Мұқановтың шығармашылығынан
мәлімет бере отырып, «Саятшы Ораз» әңгімесінің мазмұнынын,
әңгімедегі Ораз бейнесін ашады, халқымыздың саятшылық өнері туралы
меңгереді.
Әдіс-тәсілдері:
“Сұрақ менен, жауап сенен”“Миға шабуыл”,
“Синквейн”,
“Мозайка” жеке, топтық
жұмыс
Мен сабағымды бірінші «Жақсы
сөз-жан ырысы» демекші, «Қос шеңбердегі комплименттер» ойсергегімен
бастадым. Бұл ойсергекте оқушылар шеңберге тұрып, бір-екіге
саналып, бірінші саналғандар ортаға жылжып, қос шеңбер жасайды.
Шеңбердегі оқушылар бүгінгі күнге, алдағы уақыттарына, ұстаздарына,
отбасыларына өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып
шықты.
Бірлік түбі-береке» бөлімінде
оқушылар сурет қиындылары арқылы жыл мезгілдеріне байланысты
топтарға бөлінеді.
Сыныпты төрт топқа бөлдім.
«Жаз», «Қыс», «Көктем», «Күз»
Топқа бөліп болған соң, топ
мүшелеріне «Миға шабуыл» әдісі арқылы ақынның өмірі мен
шығармашылығына және бүгінгі өтетін тақырыпқа байланысты оқушыларға
сұрақтар қойылды.Сол сұрақтар арқылы мен бүгінгі өтетін тақырыбымды
ашып алдым.
Сұрақтар:
1.С.Мұқанов нешінші жылдар аралығында өмір
сүрген?
2.Қай жерде дүниеге
келген?
3.Саятшылық деген
не?
4.Құсбегілік
5.Қазақ халқында қандай өнер
түрлері бар?
6.Аңшылық өнер туралы не
білеміз?
7.Қазақтың құсбегілері қандай
құстарды қолға үйреткен.
8.Ораздың бойындағы өнер мен
ұлттың қасиеттер.
9.Ораз құс салумен жылдың қай
мезгілінде айналысады?
Сабағымды ары қарай «Жұмыла
кіріскен жүк жеңіл» бөлімімен жалғастырдым. Бұнда оқушылар алдын
ала оқып келген «Саятшы Ораз» әңгімесінің мазмұнын топ арасында
талқылап, қорғап беру мақсатында оқушыларға түрлі түсті қағаздар
таратылады. Түрлі түсті қағазда топтарға әңгімені талдау мақсатында
тапсырмалар берілді.
1.Жаз тобына: Жоспар
құру.
2.Қыс тобына: Шығарма
құрылысына талдау жасау.
3.Көктем тобына: Кейіпкерлер
әлемі
4. Күз тобына:
“Синквейн”
(Әр топ өздерінің
тапсырмаларын сурет салу, өлең жолдарымен, қара сөзбен келтіріп,
қорғап беру керек.)
«Синквейн» әдісін, «Бес жолды
өлең» әдісі деп айтамыз. Бұнда оқушылар қазақ тілімен
байланыстырады. Зат есімге, сын есімге, етістікке әңгімеден сөз
жазып, сол сөздерді қолданып сөйлем құрайды. Осы сөздерді қолданып
өлең де шығарады.
Сергіту сәтінде топтар жеке
жұмыс жасайды. Тақтаға құстарға байланысты сөзжұмбақтар ілінеді.
Сол сөзжұмбақта саятшылыққа байланысты құстардың аты жасырылған.
Дұрыс тапса тоғыз құстың аты шығады.
Ендігі кезекте оқушылардың
ізденушілік қабілеттерін байқаймыз. «Ізденіс ғылымға апаратын жол»
бөлімінде оқушылар стикерлер арқылы жұптарға бөлінеді, жұптар
саятшылыққа байланысты құстардың суреттерін бөліп алып, сол бойынша
ізденгендерін ортаға салды.
Мысалы: Ораз болды жайдары,
Аң
аулады, құс салды.
Ол
әзілқой құсбегі
Аң
аулап жүріп, күн көрді.
Қорытынды бөлімінде оқушылар
критерилер арқылы бағалау парақшаларына өздерін
бағалады.
Критерилер арқылы бағалау
Өзін-өзі бағалау
1 .
|
Өткен тақырыпты білемін, үй тапсырмасына
дайынмын.
|
|
2.
|
Топтық тапсырмаға қатыстым, тапсырмаларды дұрыс
орындадым.
|
|
3.
|
Тақырыпқа сай оқулықтан тыс мәліметтер
білемін.
|
|
4.
|
Тапсырмаларды орындау барысында қателіктер
болмады, өз бетімше жұмыс жасай аламын.
|
|
5.
|
Бүгінгі тақырыпты толық
меңгердім.
|
|
Үйге тапсырма:
“Саятшылық туралы аңыздар” тақырыбында
мәліметтер жинап келу.
Рефлексия ( Кері
байланыс)
“2 жұлдыз, 1
тілек”
1.Бүгінгі сабақтан нендей ой
түйдің?
2.Сен үшін сабақтың қандай құнды жәйттері
болды?
3.Сабақ бойынша пікіріңіз,
ұсынысыңыз?