Материалдар / С. Мұратбеков "Жусан иісі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

С. Мұратбеков "Жусан иісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттап,шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
1389
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: қазақ әдебиеті

Бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Тақырыбы: С. Мұратбеков "Жусан иісі"

Мектеп: Қазақ мектеп-гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің есімі: Токпанова Сандугаш Кайыржановна

СЫНЫП: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

6.1.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;

6.3.3.1 шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақ мақсаттары

Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды, шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдайды, эссе жазады.

Жетістік критерийлері

  • кейіпкерді тек тұрғысынан сипаттау

  • кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдау

  • эссе жазу

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Салыстырады, талдайды, эссе жазады, өмірмен байланыстырады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Метафоралық бейне,

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:


Талқылауға арналған сұрақтар:

-Неліктен Бейбарыс сұлтан саудагерлерге жусан әкелуді тапсырады?

-Ал біз оқып жатқан хикаяттың «Жусан иісі» деп аталуының себебі неде?

-Неліктен жусан шөбінің иісі Бейбарыс сұлтанға туған жерге деген сағынышпен байланысты, ал Аян үшін әкесіне деген сағынышпен байланысты?

-Бұл хикаятты басқаша атауға бола ма?

- Барлық пікірлерді салыстырып келіп, хикаяттың басқаша емес, тура осылай аталуы себебіне аргумент келтір.

Алдыңғы оқу


С. Мұратбеков "Жусан иісі" хикаяты

Жоспар

Жоспарлан-

ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин.


Психологиялық ахуал. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Топқа бөлу. Жусан шөбінің суреттері арқылы (дәрмене жусан, талшық жусан, тықыр жусан, ермен).

Бейнежазба. Сұлтан Бейбарыстың Дешті Қыпшақтан келген саудагерлерге жусан алдырып, туған жерінің иісін аңсайтыны туралы.

"Сұрақ-жауап" әдісі.

-Неліктен Бейбарыс сұлтан саудагерлерге жусан әкелуді тапсырады?

-Ал біз оқып жатқан хикаяттың «Жусан иісі» деп аталуының себебі неде?

-Неліктен жусан шөбінің иісі Бейбарыс сұлтанға туған жерге деген сағынышпен байланысты, ал Аян үшін әкесіне деген сағынышпен байланысты?

-Бұл хикаятты басқаша атауға бола ма?

- Барлық пікірлерді салыстырып келіп, хикаяттың басқаша емес, тура осылай аталуы себебіне аргумент келтір.

(Әкесінің суреті де жоқ, тоннан шыққан жусан шөбінің иісі ғана әкесін есіне түсіреді. Сондықтан "Жусан иісі" деп аталған дұрыс сияқты.)






https://balapan.kaztrk.kz/news/dara-tulga/mysyr-sultany-beibarys-118500

Сабақтың ортасы


10 мин.


















































10 мин.






1-тапсырма. Хикаяттың басты кейіпкерінің тұлғалық болмысын тек тұрғысынан талдау.

1-топ. Шығарманың басты кейіпкерінің тұлғалық болмысын «Ментальді картаға» түсіріп, іс-әрекеттеріне баға беру



DrawObject1

DrawObject4 DrawObject5 DrawObject3 DrawObject2


дәлел дәлел

DrawObject7 DrawObject8 DrawObject6 DrawObject9


DrawObject10 DrawObject11

дәлел

DrawObject12 дәлел

DrawObject13



2-топ. Сызбаны пайдалана отырып, шығармадағы Аянның жағдайы мен көңіл күйінің өзгеру динамикасын көрсет.


"Көңіл күй графикасы"

Ренжу

Қобалжу

Қуану

Жылау

Аяу

Көңілсіз

Қорқыныш

Бақытты

Сенімді

Таңғалу

Ойлану

Қуану











3-топ. Соғыс кезіндегі балалар өмірі мен қазіргі кездегі балалар өмірін салыстыру.

DrawObject15 DrawObject14











4-топ. "Метафоралық бейне табу" әдісі арқылы Аянның бейнесін ашу.

Аянды неге ұқсатамыз? Коллаж жасау.



ҚБ. Сағат тілі арқылы өзара бағалау.



2-тапсырма. Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, "Әке-асқар тау" атты әдеби эссе жазу.

Әй, мен сендерге бір қызық айтайын ба,- деді ол сүйінші сұрап тұрғандай қуанышты үнмен. -Мен бүгін таң алдында түсімде ағамды көрдім. Рас айтам. Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрынымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім... Әжем ылғи: «ағаңды анау Жусандытөбенің үстінде, мал қайырам деп жүргенде, айдалада тапқанмын» дейтін... Менің ағамда жусанның иісі содан қалған... Сөйтіп жатып ұйықтап едім, түсіме кірді...

Мен де ылғи көкемнің пальтосын жамылып жатамын. Менің көкемнің пальтосынан да жусанның иісі шығып тұрады - деді бір бала.

Сөйткенше болған жоқ, тұс-тұстан жамырай дуылдап соғыста жүрген әкелеріміздің, ағаларымыздың үйде қалған киімдерін еске алып, олардан шығатын иісті сөз етіп кеттік. Және бір қызығы - көпшілігіміз ол иісті жусанның - дәл өзіміздің ауылдың іргесіндегі жусанның иісіндей дестік. Онан бір кезде Аян:

Менен де жусанның иісі шығып тұрады, ағама тартқанмын,-деді.



Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, эссе жазады

-эссе құрылымын сақтайды (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім);



-отбасылық құндылық тұрғысынан талдайды;


-




-Авторға қандай сұрақ қояр едіңдер?




Ментальді карта















Көңіл күй графикасы













Венн диаграммасы











Коллаж жасауға

қар, жаңбыр, су, ағаш, жүрек, т.б. суреттер беру


































Дескриптор

Сабақтың соңы

5 мин.

-Сабақ басында қойған мақсатты жеттік пе?

Рефлексия





Үйге тапсырма

- Аянның арғы тағдыры қалай дамыды деп ойлайсыңдар? Болжам жасап, Әңгімені жалғастырып жазу.


















Талшық жусан

Тықыр жусан

Дәрмене жусан. Дәрмене жусан (Artemisia cina Berg.) шөбі - Оңтүстік Қазақстанның эндемикалық өсімдігі (сурет 4), сұр-жасыл жартылай бұта, көптеген негізінде ағашталған сабақтары бар, жалаңаш жапырақтары екі рет, үші рет қауырсынды телімделген, гүлдері ұсақ түтік тәрізді сарғыш, сыпырғы тәрізді гүлшоғырға жинақталған. Дәрмене жусанының сесквитерпеноиды – сантонин фармокологиялық әсердің кең спектріне ие: антигельминттік қасиетімен қатар, қабынуға қарсы, антипиретикалық, гемолитикалық, кардиотониялық, иммуномодулдеуші, сонымен қатар ісікке қарсы әсерге ие

Ащы ермен (











Қазақ халқы үшін жусан қасиетті өсімдік ретінде саналған. Алыс сапарға шыққанда бір уыс жусанды өзімен алып та жүрген. Мына бір аңызға на­зар аударыңызшы: «Ертеде бір батыр жігіт өз елін тастап жат жұртқа кетіп қалған екен. Оны елге қайтару үшін қаншама рет барған елшілердің сөзіне құлақ аспапты. Сонда бір тапқыр да­нышпан елде өскен кепкен жусан­ның бір бумасын апарып иіскеткенде елге деген ерекше сезімі оянып, көзі­нен жасы тамшылап, жедел туған еліне оралыпты». 



Жазушы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясында «Шөп атаулыдан да қой оты мық жусан мен ұсақ, тырбықай бетеге болмаса, өнге бойшаң, тамыры босаң шөптерді жұлып, ұшырып әкете­тін әдеті бар. Тегінде Шыңғыстаудың асыл шөбі мық жусан. Бұл қойдың ырысы» деп жусанның мал үшін де маңызына тоқталған. 



Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішіндегі ең ащысы әрі пайдалысы. Әсерлі әңгіме­лерге арқау болған. Бұл оның ерекше қасиетін, ерекше құдіретін көрсетеді. Мысалы, ертеректе Олим­пиада ойын­дарында жеңіп шыққан­дарға сыйлық ретінде жусаннан жа­сал­ған сусын іш­кізетін болған. Рим­дік­тер жусан тұн­басын асқазан ауру­ларын емдеуге пай­даланған. Ал қытай­лықтар аяқ­киімдеріне жусанның жа­пы­рағын са­лып жүрсе, тамаққа деген тәбетті ар­тырады деп есептеген. 



Жусанның жұпар иісі туралы және ол қазақ даласының қасиетті өсімдігі екендігі жайында аңыз әңгімелер көп кездеседі екен. «Жусансыз жерді от деме, көжесіз елді тоқ деме» деген халық нақылы да текке айтылмаған. Тіпті Ескелді би бабамыздан қалған «Изен, жусан бол­маса шөпте береке болмайды, ауыз бірлік болмаса, көпте береке бол­май­ды» деген нақылдың да текке айтыл­мағаны анық. 



Ренжу

Қобалжу

Қуану

Жылау

Аяу

Көңілсіз

Қорқыныш

Бақытты

Сенімді

Таңғалу

Қуану

Ренжу

Қобалжу

Қуану

Жылау

Аяу

Көңілсіз

Қорқыныш

Бақытты

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!