Сабак жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабак жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Газ-оттекті кесу технологиясы мен жабдықтары
Материалдың қысқаша нұсқасы

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«АСТАНА ПРОФИ» ҚАЛАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ












Сабақ жоспары


Газ-оттекті кесу технологиясы мен жабдықтары

(сабақ тақырыбы)

Пән атауы Дәнекерлеу құрылғысын пайдалану, жөндеу және реттеу

Дайындаған педагог __Тулиева Н.Б______________________________

2020 жылғы "__" ____________



*

















Нұр-Сұлтан, 2020

1.Жалпы мәліметтер

      Курс, оқу жылы, топ: _________________

      Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру.

2. Мақсаты, міндеттер:

Газ-оттекті кесу технологиясы мен жабдықтарын меңгеру

      2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

сұрақ-жауап, түсіндіру

3. Сабақты жабдықтау

      3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

1. Сыздықова С., Аймурзаев Б., Дәнекерлеу құрылғысының өндірісі. А., 2018.

2. Т.Х Ғабитов. С.Е Нұрматов Газ және электрмен пісірушіні өндірістік оқыту А.,2018

      3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Оқулық, интернет желісі

4. Сабақтың барысы

а) Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып , түгелдігін , сабаққа дайындығын тексеру , оқу құралдарының түгелдігін , кабинет тазалығын қадағалау

Ә) Үй тапсырмасын тексеру

Дәнекерлеу автоматтары.

Тақырыптың жоспары :

Тақырыптың жоспары :

1. Газ-оттекті кесу технологиясы

2. Ацетилен- оттекті инжекторлы кескіш сұлбасы

Газ-оттекті кесу деп металды газ жалынының тұтану температурасына дейін қыздыруды пайдалануға және металдың тотығуының экзотермиялық реакциясына негізделген металды бөлу тәсілі. Металл тотығын жою үшін кескіш оттегі ағынының кинетикалық энергиясы пайдаланылады.

Кесу кезінде жылу көзі ретінде жанарғының (резак) қыздырушы жалыны мен темір мен болат қоспаларының тотығуының экзотермиялық реакциясы қолданылады.

Газ-оттекті кесуде әртүрлі газдар мен олардың қоспалары – ацетилен, пропан-бутан, мұнай газдары, бензин мен керосин булары және т.б. қолданылады.

Металды бөлу ге әсер ететін мынадай шарттар бар:

1) Жылу реакция температурасын қамтамасыз етуге жеткілікті болу қажет - 1000 - 1150 0С.

2) Металдың балқу температурасы оның оттегінде қарқынды тотығу температурасынан жоғары болу керек.

3) Металдың балқу температурасы кесу үрдісі кезінде пайда болатын тотықтардың балқу температурасынан жоғары болу керек.

4) Қалыптасқан қож сұйық ағымды болу керек.




1 - Мүштек; 2 – қыздырушы жалын; 3 - сұйық металл;
4 – кесілетін металл; 5 – кесуші оттегі ағыны;
6 – тотық қабаты; 7 – кесілген металл орны.

Газ оттекті кесу үрдісінің сұлбасы



Оттекті кесудің негізгі екі түрі бар: бөлгіш және беттік.

Бөлгіш кесу әртүрлі дайындамаларды ойып кесуге, табақты металды пішуге, пісіруге жиектерді кесуге және металды бөліктерге кесуге арналған басқа да жұмыстар үшін қолданылады.

Беттік кесуді металдың беттік қабатын алуға, беттік ақауларды жоюға және т.б. жұмыстарға қолданылады.

Оттекті кесу кезінде кескіштер жанғыш газды оттегімен дұрыс араластыру үшін, қыздырғыш жалынды қалыптастыру үшін және таза оттегі ағымын кесу аймағына беру үшін қызмет етеді.

Кескіштер тағайындалған міндеті бойынша - әмбебап және арнайы; газдарды араластыру принципі бойынша – инжекторлы және инжекторсыз; кесу түрі бойынша - бөлгіш және беттік кесу; қолданылуы бойынша – қолмен және машиналы болып жіктеледі.



Оттекті кесудің негізгі түрлері: а – бөлгіш;

б – беттік









1 – кескіш бастиегі; 2 – кескіш оттегі түтікшесі; 3 – кескіш оттегі вентилі; 4 – оттегі реттегіш вентиль; 5, 6 – оттегі және ацетилен жеңдерін жалғауға арналған ниппельдер; 7 – ұстағыш; 8 – түрқы (корпус); 9 – ацетиленді реттеу вентилі; 10 – инжектор; 11 - бекітікіш сомын; 12 – араластырғыш камера; 13 – түтікше; 14, 15 - ішкі және сыртқы мүштек; ,

Ацетилен- оттекті инжекторлы кескіш сұлбасы


Оттекті кесу технологиясы. Металды кесуді бастар алдында оның бетін тазартады. Кесу үрдісі металды оттегінде тұтану температурасына дейін қыздыру,дан басталады, одан соң кескіш оттегі ағынын кесу сызығына бағыттап кескішті жылжытып отырады.

Кескіш оттегі қысымы кесілетін металл қалыңдығы мен оттегінің тазалығына байланысты таңдалады.



5. Сабақ бойынша рефлексия

  1. Газ оттекті кесу технологиясы дегеніміз не?

  2. Ацетилен- оттекті инжекторлы кескіш сұлбасын айтыңыз?

  3. Оттеті кесудің қандай түрлері бар?

6. Үй тапсырмасы

  1. Металды бөлу ге әсер ететін шарттарды жазыңыз

  2. Ацетилен- оттекті инжекторлы кескіш сұлбасын сызыңыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.11.2020
683
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі