400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабак жоспары тақырыбы: Зат есім 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал 3 сыныптарға арналған көмекші құрал ретінде пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы




Қазақ тілі


Мектеп: 180 ЖББ КММ

2 «Ғ» сынып

Мұғалімнің аты-жөні : Протаева Б.

Сабақтың тақырыбы

Зат есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.2.3.1 Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды сөздік қорын толықтырады;

2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды;

2.1.5.1 Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді.

Сабақтың мақсаттары

зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше орын алатынын ұғындыру; зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын рөлі мен мәнін ашу

Жетістік критерийлері

Зат есім жөнінде өткен сабақтарда алған білімдерін тиянатайды

зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше орын алатынын ұғынады

Сөздік қор


Әдептілік, мектеп ережесі, үзіліс кезіндегі ереже, оқушы міндеті, ақылды , байсалды , сыпайы , әдепті , алғыр , білгіш, ізетті , мейірімді, бауырмал, кішіпейіл, тілалғыш,білімді, әдемі, талапты, сүйкімді, шыншыл, қайратты, ақкөңіл, еңбекқор, қайырымды, әділетті, намысшыл, адал, сыйлы, шыдамды,батыр.

Құндылықтарды дарыту

Мектептегі, үзіліс кезіндегі ережелерді сақтай отырып, оқушы бойында әдептілік, мәдениетті болу, сыйлау және зияткерлік әдептері қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Белсенді тақтадан суретті қарау арқылы АКТ пәнімен байланыс, музыка желісімен сергіту сәтін орындау арқылы музыка пәнімен байланыс, үзіліс кезіндегі ережелерді, әдептілік арқылы өзін – өзі тану пәнімен байланысады.

Алдыңғы меңгерілген білім

«Әңгіме оқуды дамыту» тақырыбы бойынша мәтіндермен жұмыс орындалған.Суретке қарап көріністі әңгімелей алады.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында таныстырылым көрсеткенде қолданылады, әдептілік ережесін қарастыруда өзін – өзі тану пәнімен байланыс орнайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


(Ұ) Шеңбер құру. Алдымен балалар өзіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез – құлыққа байланысты сөздерді таңдап, соған өз атын тіркеп айту керек.
Оқушы қызығушылығын ояту.

- Ерте-ерте, ертеде бір үлкен ел өмір сүріпті.

Бұл елде сөздер отау құрып бір - бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін - бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты.

Бұл ел қалай аталады екен, балалар?

Дұрыс, бұл ел «Сөйлемдер» елі деп аталыпты.

Өткенді бекіту:
«Доптың саған сұрағы бар» ойыны
Сұрақтары:
1. Сөз дегеніміз не?
2. Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін не дейміз?
4. Қосымша нешеге бөлінеді?
5. Жұрнақ деген не?
6. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата.
7. Қанат сұрақтарға төмендегідей жауап берді. Қате жауаптар болса, түзетіңдер.

Кім? не? сұрақтарына заттың санын білдіретін сөздер жауап береді.

Не істеді? қайтті? не қылды? сұрақтарына заттың сынын білдіретін сөздер жауап береді.

Қандай? қай? деген сұрақтарға заттың қимылын білдіретін сөздер жауап береді.

Қанша? неше? деген сұрақтарға заттың атын білдіретін сөздер жауап береді.


Әдептілік мінез – құлыққа байланысты сөздер.

Сабақ ортасы


Ережені оқушылардан сұрау

Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер?деген сұрақтар қойылады.

Адамға- кім?, жануарлар мен заттарға –не? деген сұрақ қойылады.

(Т) ойын «қол шапалақта, отыр»

Әр топ бөлек-бөлек тақтаға шығады. Отырған оқушылар сөздер айтады. Тақтадағы оқушылар кім? Сұрағына жауап беретін сөздер айтылса, қол шапалақтайды, ал не? Сұрағына жауап беретін сөздер айтылса отыра қалады.

Оқулықпен жұмыс. Танымдық жаттығулар
10 – жаттығу .
Өлеңді оқы. Өлеңнен кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.

11-жаттығу. Немере, шөбере дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

12-жаттығу. «Ойлан, тап» сұрақтарға жауап беру.

Әкеңнің әкесі-

Әкеңнің анасы-

Анаңның анасы-

Анаңның әкесі-

Өзіңнен кіші қыз болса-

Өзіңнен кіші ұл болса-.......

Өздік жұмысы. Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

11-жаттығу. Көшіріп жазу.

Шығармашылық тапсырма.

Нағашы жұртты жазу.

Ребусты шешу.










Сабақтың соңы


Кері байланыс




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі