Сабақ . 7 сынып. Операциялық жүйе туралы ұғым. Операциялық жүйенің объектілерімен жұмыс.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ . 7 сынып. Операциялық жүйе туралы ұғым. Операциялық жүйенің объектілерімен жұмыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жасақтармен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Информатика

Сынып: 7 «A», «Б»

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе туралы ұғым. Операциялық жүйенің объектілерімен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жасақтармен таныстыру.

  2. Дамытушылық: Компьютердің жұмыс істеу принципін үйрету мен бағдарламалық жасақтама түрлерін ажырат білуді, қажеттіліктерін анықтай алуды үйрету.

  3. Тәрбиелілік: Адам мен компьютердің ұқсастықтарын көрсету, компьютерде ұқыпты жұмыстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, практикалық

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа сабақ түсіндіру

  3. Практикалық жұмыстар

  4. Сабақты бекіту

  5. Үй тапсырмасы

    1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу.











ө











ң











д











е






с

а

қ

т

а

у





б


л









и

н

ф

о

р

м

а

ц

и

я


т


а











в


а








с

и

г

н

а

л




б

а

й

т


а











л


б









о


е









г


р






к

о

д

т

а

у









ы











қ






Тігінен:

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.

2. Олармен тіл таңбалары көрсетілетін символдар жиыны.

3. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

4. Үздіксіз сигнал

5. Ақпаратпен жасалатын әрекет.


Көлденеңнен:

6. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

7. Айналадағы дүние туралы мәліметтер.(орысша)

8. Ол арқылы адам немесе құрылғы ақпарат алатын физикалық процесс.

9. Сегіз разрядты екілік сан.

10. Белгілі алфавиттің көмегімен ақпаратты көрсету.



Жаңа сабақ.


Операциялық жүйе дегеніміз - оперативті жадты, процессорды, сыртқы құрылғыларды және файлдарды басқаратын, қолданушымен сұхбаттасатын бағдарламалар жинағы.

Операциялық жүйенің қызметі өте көп, ол әр уақытта жұмыс қалпында болады. Мысалы, қолданбалы бағдарламаларды орындау үшін оны сыртқы жадтан (дискіден) іздеу керек, оған оперативті жадтан орын тауып, онда орналастырып, содан кейін процессор бағдарламаны орындауға жүктеледі. Онымен қоса операциялық жүйе қолданбалы бағдарлама орындалу кезінде машинаның барлық құрылғыларының қызметін басқарып, істемей қалған жағдайда диагностикалық хабарлама шығарып отырады.

Дербес компьютерлерге арналған кең қолданудағы ОЖ атаулары: MS-DOS, Windows, Linux.

Операциялық жүйе қолданушымен экранда көрсетілетін сұхбаттық орта арқылы байланыс жасайды: "Жұмыс үстелі", файл-менеджер және басқалары арқылы. Қандай да бір іс-әрекетті орындау үшін қолданушы сұхбаттық ортаның элементтеріне жүгініп, ОЖ-ге сәйкесінше бұйрық береді. Мысалы, ол қолданбалы бағдарламаны іске қосу командасы, файлдарға қатысты команда, ағымдағы уақытта немесе күнді хабарлау командасы, компьютерді қайта жүктеу командасы болуы мүмкін. Осы әрекетті орындап болғаннан кейін операциялық жүйе қолданушының кезекті командасын күтіп, тыныштық жағдайға көшеді. Ондай жұмыс істеу режимі сқұхбаттасу режимі деп аталады. Операциялық жүйенің арқасында қолданушы ешқашан өзін тастанды санамайды. Дербес компьютердегі барлық операциялық жүйелер қолданушымен сұхбаттасу режимінде жұмыс істейді. Сұхбаттасу режимін көбінесе интерактивті режим деп атайды.


Контекстік мәзір


Операциялық жүйе әр түрлі объектілермен жұмыс істеу кезінде тұрақты қолданбалы интерфейспен қамтамасыз етеді. Windows және Linux операциялық жүйелерінде объекттің қасиеттерімен және оларға қолдануға болатын амалдармен танысу үшін контекстік мәзір қолданылады.

Мәзір - ол экраннан шығарылатын тізім, қолданушы сол тізімнің ішінен өзіне қажетті элементті таңдай алады.

Объект - белгілі қасиеттермен және іс-әрекеттермен байланысқан құжат, бағдарлама, құрылғы т.с.с. Объекттің аты және белгісі болады. Объекттің қасиеттерімен және оларға қолдануға болатын амалдармен танысу үшін контекстік мәзірді қолдануға болады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде Опреациялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады. Себебі:

  1. ОЖ компьютердің барлық мәліметтерін өңдеу жұмысын ұйымдастырады;

  2. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады.

  3. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырады.

ОЖ түрлері көп. Бірақ біз Windows типті Ож-ді қарастырамыз. Бұл ОЖ-ні әзірлеген американың Microsoft компаниясы.

Компьютерде жұмыс жасау негізінен оның ОЖ-мен жұмыс істеу болып табылады. Сондықтан компьютермен жұмыс жасаудың жеңіл, қиындығы оның ОЖ-нің адаммен қандай қарым-қатынас ұйымдастыруына байланысты. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі – интерфейс деп аталады. Интерфейстің екі түрі бар. Олар: командалық және терезелік.


Практикалық жұмыс


1 тапсырма.

Мына тізімнен қайсысы а) жүйелік БЖ-ға, б) қолданбалы БЖ-ға жататынын айтыңдар.


  1. қазақ тілін үйрену бағдарламасы;

  2. WORD'0 2007 мәтіндік редакторы;

  3. MS-DOS операциялық жүйесі;

  4. вирусқа қарсы бағдарлама DrWeb 4.05;

  5. Windows '98 операциялық жүйесі;

  6. пернетақта тренажеры;

  7. WinZip мұрағаттау бағдарламасы;

  8. DOOM II компьютерлік ойындары;

  9. CorelDraw графикалық редакторы.



2 тапсырма.


Суретте берілгендерді қатесіз орналастырыңдар.






Сабақты бекіту.

Қорытынды.

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқып келу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.04.2018
571
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі