Сабақ "Геометриялық фигуралар және қарапайым салулар." 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ "Геометриялық фигуралар және қарапайым салулар." 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Геометриялық фигуралар және қарапайым салулар.(кесінділердің қосындысы және айырмасы, тік төртбұрыш(шаршы )

Мақсаты:

1. Оқушылардың геометриялық фигуралар туралы білімін тиянақтау.

2. Геометриялық фигуралардың периметрін және ауданын есептеу тәсілдерін жетілдіру.

3. Ұқыпты, алғыр болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сызба, геометриялық фигуралар.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу. Сабақтың қожайыны – оқулық, оның көмекшілері – дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш және белгі карточкалары. Баланың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру: № 9,7- бет (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

Мақсат қою

Жаңа сабақты түсіндіру:

Ауызша жұмыс. а). Фигураларға қара. Аттарын ата.Shape1 Shape2 Shape3

Shape4 Shape5 Shape6 Shape7 Shape8

Shape9 Shape10


ә) Ауызша есептеулер.

1. Сөйлемнің қайсысы дұрыс?

А). Тіктөртбұрыштың ауданы – бұл оның қабырғаларының ұзындығының қосындысы.

Ә). Тіктөртбұрыштың периметрі – бұл оның өзіне сыйғызатын аудандар бірлігінің саны.

Б). Шаршының периметрін табу үшін оның қабырғасын 4 есе арттыру керек.

Геометрияның даму тарихынан үзінді:

«Геометрия» сөзі грек тілінен шыққан. «Гео» - жер, «метео» - өлшеймін. «Геометрия» Ежелгі Мысырда біздің дәуірімізге дейін 2000 жылға жуық бұрын, яғни 4000 жыл бұрын туған. Египет перғауыны әрбір мысырлыққа азғантай жер бөліп берген, олар перғауынға жер үшін салық төлеп отырған. Бірақ Ніл өзені ылғи тасып, жер телімдерін басып қала бергеннен кейін, перғауын жер телімін қаншалықты кішірейіп қалғанын, соған сай енді қанша салық салу керектігін білу үшін жер өлшегіштерді жіберіп отырды. «Геометрия» Мысырда осылай туып, одан басқа елдерге тараған.

Ежелгі Грекия мысырлықтардан олардың геометриялық білімдерін үйренді. Нақ Ежелгі Грекияда «Геометрия» логикалық талдау және дәлелдеу жүйесімен ғылым ретінде қалыптасты. Бұл ғылым геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылымға айналды.

1.

Төртбұрыш және үшбұрыш сыз.

Оларды әріптермен белгіле және белгіленуі бойынша ата және жаз.

Мына сұрақтарға жауап бер.

Қандай көпбұрышты үшбұрыш деп атайды? Қандай көпбұрышты төртбұрыш деп атайды?

Әр төбені, әр қабырғаны, әр бұрышты белгілеу үшін неше әріп пайдаланылды?

2.

Кесінділерді, түзулерді, сәулелерді, үшбұрыштарды, төртбұрыштарды суреттегі белгіленуі бойынша жаз және ата:

ЕД – кесіндісі, АВ,СА- түзулері, МС,СЕ- сәулелері,КМВ,СКЕ- үшбұрыштары,ДСАО,МОЕК- төртбұрыштары.

3.

Дәптеріңе әр түрлі А,В,С,Д,Е,К нүктелерін белгіле: Оларды кесінділермен тізбектей қос.Сонда шыққан көпбұрыштың белгіленуі бойынша аталуын жаз. АВСДЕК- көпбұрышы.

Осы көпбұрыштың төбелерін, қабырғаларын және бұрыштарын белгіленуі бойынша оқы.

Сергіту сәті.

Қостық біз, көбейттік біз,

Қатты шаршап кеттік біз.

Кәне, тұра қалайық,

Қимылдасын қол-аяқ.

Кірпікті де қағайық,терең демді алайық,

Орнымызға отырып,

Сабаққа назар салайық.

4

Қабырғаларының ұзындығы 2 см және 4 см тік төртбұрыш сыз.Оны әріптермен белгіле және сол бойынша аталуын жаз. Неліктен оны тік төртбұрыш деп атадық? Оның қандай қасиеттерін білесің? Осы тік төртбұрыштың ауданын және периметрін тап.

Тік төртбұрыш.

а – 4 см

в – 2 см

S - ? см2

Р - ? см

Шешуі: S = 4 см *2см=8 см2 Р = ( 4см+ 2см) *2 =12 см

Жауабы: 8 см2, 12 см.

5. Кесте бойынша тік төртбұрыштың ауданын тап:

S= 2 см* 3 см = 6 см2

S = 2 см * 6 см = 12 см2

S = 2 см * 12 см = 24 см2

S = 2 см * х см = 2х см2

6.

Қабырғасының ұзындығы 3 см шаршы сыз. Оны әріптермен белгіле және сол бойынша аталуын жаз. Неліктен ол шаршы деп аталады? Осы шаршының ауданын және периметрін тап:

Шаршы:

а – 3 см

S - ? см2 Р - ? см

Шешуі: S = 3 см * 3см =9 см2 Р = ( 3 см + 3 см) *2 = 12 см

Жауабы: 9 см2 , 12 см.

7. Кесте бойынша шаршының ауданын тап:

S = 2 см * 2 см = 4 см2

S = 3 см* 3 см = 9 см2

S = 4 см * 4см = 16 см2

S = х см * хсм =х2 см2

9.

Үш таңбалы кез келген сан жаз. Оның цифрларының орындарын ауыстырып, әр түрлі үш таңбалы сандар жаз. Сол сандардың ең үлкенін разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте:

Мысалы: 345 саны, 543, 534, 453, 435, 354. Ең үлкені - 543 =500 + 40 +3

10. Тез есептеп үйрен:

( 400 *2 + 200 – 1000) + ( 50 * 2 : 20 : 5 ) – ( 900 : 9 :100 – 300 *2 : 600) =0 + 1 – 0 = 1

Сабақтың қорытындысы:

- Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер?

- «Геометрия» туралы не білетін болдық?

- Периметрді, ауданды қалай табамыз?

Үйге тапрсыма : № 8, 13- бет.

Бағалау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2018
2268
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі