Материалдар / Сабақ жайлы жазба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жайлы жазба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар сабағына есеп беру үшін керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2018
1110
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жайлы жазба

Сыныбы: 8

Пәні: қазақ әдебиеті. Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Әпке» драмасы

Ұзақ мерзімді жоспарда ұсынылған оқу мақсаттарына сәйкес оқу мақсаты алынды: 8.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу. 8.Б/С3.Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: «Әпке» драмасының мазмұнын біледі, түсінеді. Шығармадағы кейіпкерлерді жіктеп, эссе жазады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерге талдау жасай алады. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылықтарын қолдана отырып эссе жазады. Кейбір оқушылар орындай алады: кейіпкерлер арасындағы диалогты қара сөзбен баяндай алады. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.Бағалау критерилері: драмалық шығармадағы кейіпкерлер бейнесін талдайды. Гуманистік тұрғыдан өз көзқарасын білдіреді.

Ойлау деңгейлеріне Блумның жоғары ойлау дағдылары: талдау, жинақтау, бағалау алынды. Тілдік мақсаттарға оқушылар: бауырмалдық, қамқорлық туралы қасиеттерді меңгереді. Әпке сөзінің мағынасын жан-жақты түсінеді. Оның өмірде алатын орны мен атқарар рөлі туралы қй бөліседі. Шығармадағы тірек сөздер мен термин сөздерді үш тілге аударады. Бас кейіпкер әпке арқылы отбасы мейірімін жоғары ұстайды; қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таниды, «Отан отбасынан басталады» дегендей, бүгінгі Қазақ елінің дамуына үлес қосуға тырысады. Сабақтың өн бойында талқыланатын мынадай сұрақтарды ұсындым: 1.Қамажай неліктен Қабенге тұрмысқа шықпауға бел байлады? 2.Тимур мен Нәзила арасындағы даулы мәселе қайдан басталды? 3.Омар мен Гауһардың арасындағы қарым-қатынас қалай өрбіді? 4.Қамажайдың бауырларына деген қамқорлығы қандай әрекеттерінен білінеді?

Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, бауырмалдық, құрметпен қарау, ізгілік, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу секілді құндылықтарға баулимын.

Сабақтың ортасында оқушыларды топқа бөлуден бастадым.

Бауырларына  байланысты 4 топқа бөліну (Ағасы, інісі, әпкесі, сіңлі-қарындасы барлар)

Топқа бөлінгеннен кейін оқушыларға оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері хабарланады. АКТ мүмкіндіктері арқылы «Әпке» драмасынан үзінді көрсетіледі. Үзіндіні көрсету арылы оқушыларға жетелеу сұрақтары қойылады. Бейнероликтен қандай іс-әрекеттерді көріп отырсыңдар? Бауырлар арасындағы диалогтың деңгейі қандай?

Топтық жұмыста «Бірлескен жұмыс» әдісін қолдану арқылы пьеса кейіпкерлерін талдайды (мәтін үзінділерімен жұмыс, образдарды ашады, драмалық көрініс көрсетеді). 1-топ: «Ағам» тобы- Қамажайдың інілері – Тимур, Омар, Ермек. 2-топ: «Әпке» тобы - Әпке – жанашыр адам 3-топ: «Қарындас» тобы- Құрбы қыздар – Назила мен Гауһар. 4-топ: «Інім» тобы - Камила мен Сұлухан.

Жұптық жұмыста оқулықпен жұмыс. Үзіндіні рөлге бөліп оқып, кейіпкерлеріне мінездеме береді. Өздеріңе ұнаған кейіпкерлердің мінез ерекшеліктерін шығармадан алынған мысалдар арқылы дәлелдейді.

Кейіпкерлер

Шығармадан үзінді

Менің ойымша

Қамажай



Тимур



Омар



Нәзилә



Гауһар



Сұлухан

Светлана



Жеке жұмыста «Әңгімеге негізделген жазу» әдісін қолдану арқылы әдеби эссе жазады. Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалап, жанрлық ерекшелігіне сай автордың идеясы арқылы ашылған көркемдік шындықты жазады.

Жеке жұмыста «Неге ? Неге ? Неге?» әдісі қолдану арқылы кейіпкерлер арасындағы іс-әрекетті анықтайды.

?

Шығарманың аты «Әпке»

Қамажай Қабеннен бас тартты

Тимур мен Нәзилә арасындағы даулы мәселе болды


Сабақта қолданылған қалыптастырушы бағалаудың түрлері:

  • мадақтау;

  • су таразысы;

  • дескриптор арқылы;

  • қол шапалақ;

  • кері байланыс.


Рефлексия: Сабақты жоспарлауда оқу бағдарламасынан оқу мақсатымды айқындадым. Сабақ мақсатым бойынша бағалау критерий құрылып, тапсырмалар дайындадым. Оқушының оқу жетістігін арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оларды шынайы бағалау үшін дескрипторлар құрдым. Жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыруда оқушы қажеттілігін ескере отырып, тапсырмаларды жүйелі қолдануды мақсат еттім. Саралап оқыту мен белсенді оқыту әдістері оқушылардың тақырыпты дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді. Жоспарланған тапсырмаларға уақыт өлшемі беріліп, бағаланып отырады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!