Тақыры
|
§2. Ежелгі адамдардың өмір
салты
|
Мақсаты
|
Оқушыларды ежелгі адамдардың
терімшілік, аңшылық және балық аулау шаруашылық түрлерімен
таныстыру.
|
Жалпы
мақсат
|
Жалпы адамзаттың дамуы , оның
әртүрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік, экономикалық және мәдени
өзгерістерге ұшырауын сыни тұрғыдан бағалауға дағдыландырып, осы
тұрғыда функционалдық сауаттылығын
арттыру.
|
Күтілетін
нәтиже
|
Оқушылар алғашқы адамдардың
тіршілігі,негізгі кәсіптері мен шаруашылық түрлерімен танысады,
оларды өзара талқылайды , терминдермен жұмыс жасау дағдысы
қалыптасады, жеке , жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын
дәлелдеп беруге үйренеді.
|
7модульдің
қолданылуы
|
«АКТ» , «Оқыту мен оқудағы
жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және
көшбасшылық».
|
Қолданылатын
әдістәсілдер
|
«Сұхбат», «Суреттер сөйлейді»,
әдісі , «Галерея», «Жасырын
сөз».
|
Қолданылатын
ресурстар
|
Флипчарт, маркерлер,
портреттер , интербелсенді тақта ,
стикерлер.
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Тренинг
|
Сәлемдесу. Түгендеу.
Сабаққа дайындығын бақылау.
«Көңіл куймен
алмасу»
Сәлеметсіңдер ме ,
балалар! Көіңл күйлерің
қалай?
Жақсы ма
?
Оқушылардың алдына
«Көіңл күй сөздігі» жазылған парақшылар
таратылды.
-Ішінен өздеріңнің
сезімдеріңе сәйкесін таңдап, бүгінгі көңіл күйлеріңмен
алмасыңдар.
Менің көңіл күйім
бір жаңалықты күтетіндей сезіліп тұр, себебі бүгінгі сабақта өзім
үшін жаңа дүниені ашамын деп
ойлаймын.
Менің көңіл күйім
бірқалыпты, мен қиындықтан қорықпаймын , қателік жасаудан да
қорықпаймын. Ары қарай да бірқалыпты жұмыс жасағым келеді.Көңіл
күйім көтеріңкі. Мен бұл пәнді ұнатамын. Үнемі қызықты тапсырмалар
орындаймыз.
Менің сезімім
шарықтап тұр. Менің ең сүйікті пәнім басталатынына қатты қуанып
тұрмын.
-
Сендердің қуанышқа толы
жүздеріңді көріп, мен қатты қуанып тұрмын , балалар! Сендердің
жұмыс жасауға дайын екендеріңді де көріп тұрмын . Ал менің көңіл
күйім құпияға әрі шабытқа толы болып тұр. Себебі, сендермен бірге
дүние тарихының тағы да бір құпиясын ашуға саяхаттаймыз. Солай ма,
балалар?!Онда бір –бірімізге сәттілік
тілейік!
|
Сабақ
кезеңдері
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-
әрекеті
|
Оқушылардың іс-
әрекеті
|
Білім
|
Сөзжұмбақ
|
-Балалар ,алдымен , үй
тапсырмасына көшейікші.Жасаған сөзжұмбақтарымызды бір-бірлерімізбен
алмасамыз.
|
Оқушылардың қасындағы оқушымен
алмасып, тез орындауға тырысады. Орындап болған соң, өзіне
тексертеді. Қате тапқан жағдайда жауабын өзі айтпайды, оқулықтан
бірге табады.
|
|
|
|
|
Түсіну
|
«Сұхбат »
әдісі
|
-
Иемденуші
шаруашылық
Балалар ,
жаңа тақырыбымызды бастайық. Оқушыларға тақырыпты тірек сөздерді
тақтаға жазу арқылы толығымен түсіндіріледі:
Терімшілік
Аңшылық
Балық аулау
Түсіндіру барысында,
әр тақырыпшадан кейін формативті бағалау «20 секунд» техникасы
қолданылады.
Оқушыларға сұрақтар
қойылып, жауапты тез арада беру талап
етіледі.
Сұрақтар:
1.Ең алғашқы адамдар
терімшілікпен неге жеке-жеке емес, бірлесіп айналысқанды жөн
санады?
2. Садақ пен жебенің
пайда болуы аңшылықтың дамуына қалай әсер
етті.
3. Балық аулаудағы
негізгі құрал қалай аталды және оны пайдалану жолдары туралы не
айтасыңдар?
Бұл оқушыларджың
қаншалықты түсінгенін аңықтауға мүмкіндік
береді.
(Неге? Қалайша?
Қалай ?).
|
Мұғалімді мұқият тыңдайды.
Мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді. Әр тарау соңында өзін
қызықтырған сұрақты қояды.
|
Қолдану
|
«Суреттер
сөйлейді»
|
-Балалар, жаңа түсіндіру
барысында негізгі тірек сөздерді жазып алған болатынсыңдар. Қазір
мен әр шаруашылық түріне сәйкес алғашқы еңбек құралдарының
суреттерін көрсетемін. Сендер олардың әрқайсысы қандай құрал, қалай
пайдаланылды, жасалу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, талдау
жасайсыңдар. Тапсырма қиын ба? Онда бастаймыз!Дұрыс жауап берген
оқушыларды мақтау керек, ал толық емес, аздаған қателіктермен жауап
берген оқушыға қателігін түсіндіріп , дұрыстау қажет. Бала өз
қателік жіберген тұсын білмесе, ақпарат сол күйінде сақталатынын
ұмытпағаны жөн.
|
Тақтаға ілінген суреттер мен
түсіндіру барысында жазылған тірек сөздер негізінде мәтін
құрастырып айтады.
|
Талдау
|
«Галерея»
ойыны
|
-Енді сурет саламыз.
Салғымыз келе ме? Ол үшін «Оқы қызық!» қосымшасындағы «Аң аулаудың
көне тәсілі» тақырыпшасын қарап шығуларың қажет. Себебі, суретті
ондағы мәліметке сәйкес саласындар. Яғни алғашқы еңбек құралдары ,
аңдар, адамдар көрініс табуы керек . Түсінікті ме? Түрлі түсті
қалам болмаса қара қарындашпен де салуға болады.Ал мен сендерге ақ
қағаз таратамын.
Міндетті түрде,
ондағы бірізділік сақталуы керек, яғни мәтінде жазылғандай еңбек
құралдары, оларды пайдалану техникасы көрініс табуы қажет. Бұл
оқушының есінде сақталуына
көмектеседі.
Оқушылар сурет салу
барысында сыныпты аралап, кім қандай бағытта салып жатқанын бақылау
қажет. Жетіспейтін тұстарын ескеріп, «Мүмкін, мынаны қосасың ,
сонда суретің одан да күштірек болмақ», «Мұнда мына құралдың суреті
жетіспей тұрған сияқты , соны да салсаң қалай болады?» деген сияқты
нұсқада айту қажет.
Оқушылардың суретін жоғары
бағалауға тырысыңыз.
|
Мәтіндегі көріністі
өз ойындағыдай етіп, қағаз бетіне түсіреді.Ең үздік шыққан сурет
иелері тақтаға шығады,
қорғайды.
Көмек ретінде салған суреттің
бетіне жаңа сөздерді(еңбек құралдарының атауы) жазып қоюына
болады.
|
Жинақтау
|
«Жасырын
сөз»
|
Қазір мен сендерге сөйлемдер
(оқимын) интербелсенді тақтадан көрсетемін. Онда кейбір сөздер
жасырын тұр. Сендер сол сөзді табу керексіңдер . Таба аламыз ба,
қалай ойлайсыңдар? Көрейік онда, бүгінгі тақырыпты қаншалықты
меңгергендеріңді.
|
Негізгі тірек сөзді
табады.
|
Тақырыпты
бағалау
|
«Ішкі және сыртқы
шеңбер»
|
Ойын ережесімен таныстыру.
Оқушыларды 2 шеңберге орналастыру; кіші шеңбер ішінде, улкен шеңбер
сыртында тұрады.Оқушылар бір –біріне сұрақ қояды, тиісті жауап
алғаннан соң келесі оқушыға қарай
жылжиды.
|
Оқушылар бүгінгі тақырыпқа
байланысты сұрақ қояды.
|
Рефлексия
|
«Өзін
бағалау»
|
Балалар , бүгінгі
біз жаңа тақырыптың төңірегінде біраз жұмыстар
атқардық.
Барлықтарың мейлінше
атсалысуға тырысыңдар, еңбек еттіңдер. Барлықтарың да мақтауға
лайықсыңдар.
Бірақ , менің сендерге қоятын
сұрағым бар.Әрқайсысың «Бүгінгі сабақта менің мақтауға лайық
жасаған іс-әрекетім» деген сұрақ төңірегінде ойланып көріңдерші .
Мысалы , Айгүл, сен айта қойшы , сен өзіңнің қай әрекетіңді немесе
жұмысыңды мақтауға лайық деп есептейсің? Барлығымыз стикерге
жазамыз. Қаласаңдар есімдеріңді жазсаңдар
болады
|
|
Үй
тапсырмасы
|
§2.Ежелгі адамдардың өмір
салты
«Пирамида
жасау»
|
-Үйге пирамида жасап
келу тапсырылды. Бірақ қағаз бетіне(күліп). Үлгісін көрсетейін.
Ежелгі адамдардың кәсіптерін маңыздылығына қарай өз ойларыңша
«Пирамидаға» орналастырасыңдар және не себепті екенін
түсіндіресіңдер. Түсініктеріңді астына немесе пирамиданың ішіне
жазуларыңа болады.
Қалауларың білсін . Тапсырманы
А4 қағазына орындаймыз
(мүмкіндігінше)
|
|
Сабақты
бағалау
|
Өз-өзін бағалау
|
Бағалау парақшасын
тарату
|
Өздерінің жасаған жұмысына
сәйкес бағалау парақшасын
толтырады.
|