Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Сабақ жоспар Қазақтың салт-дәстүрі – ұлттық құндылығы 6-сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларда салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы ұғым қалыптасады;
- оқушылар ұлттық құндылық болып табылатын салт-дәстүр түрлері «Ат қою», «Тұсаукесер», «Ашамайға мінгізу», «Байғазы беру» дәстүрлері жайлы білімдерін толықтырады,
салт-дәстүрлерін құрметтеуге баулыйды, сабақтастығын түсінеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
10 Қазан 2018
12887
12 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ әдебиетіТарау: Ұлттық және отбасылық құндылықтар. ФонетикаБөлім: Қазақтың салт-дәстүрі – ұлттық құндылығы | Мектеп: №81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясыТексерген: З.Ж.Джылыбаева___________Мұғалімі: Сыдах Аякоз | |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.1.4.1 – мәтіннң құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;6.4.2.1 – екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, ой екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану; | |
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсінеді, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейтеді. Оқушылардың басым бөлігі:Тақырыпқа байланысты тірек сөздермен бірнеше сөйлем құра алады.Кейбір оқушылар:әдеби тіл туралы түсінік беру, ауызша және жазбаша тілдің айырмашылығын ұғынады. | |
Бағалау критерийлері | Сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорын, ой-өрісін қалыптастырады;суреттерді пайдалана отырып,сөйлем қарапайым постерлер құрастыра алады. | |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады:Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Диалог құруға шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:Талдауға арналған сұрақтар: Не себебті ......деп ойлайсызишара | |
Құндылықтар | Жауапкершілік | |
Пәнаралық байланыс | Әдебиет пәнімен байланыс | |
Осыған дейін меңгерілген білім | ||
Жоспар | ||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер |
Сабақтың басыҚызығушылықты ояту4 минут | Кіріспе бөлім;Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындықТренинг арқылы жүзеге асады.Оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрып, бір-біріне тілектер айту.Бірін-бірі қолпаштап, қол соғу.Үй тапсырмасын тексеруТопта, жұпта бірін-бірі тексеру.Өткен тақырыптар ережелерін қайталау мақсатында бір-біріне сұрақтар қою.Қызығушылығын ояту кезеңі: жаңа тақырыпқа шығу үшін ән тыңдалады. 22 - аудио.19 секундтан бастап.Балалар бұл әнде не туралы айтылатынына тоқталады.- Дұрыс ендеше біздің тақырыбымыз –«Қазақ халқының салт - дәстүрлері».(Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.Ой қозғау: Салт дәстүрлер туралы өздерің не білесіңдер?(оқушылар пікірін тыңдау).шілдеханатұсау кесерсүндет тойбеташарМұғалімнің кіріспе сөзі:– Иә, балалар, салт дәстүрлер өте көп. Олар: тәрбие дәстүрлері, отбасы дәстүрлері, діни дәстүрлер, наурыз дәстүрлері, еңбек дәстүрлері болып бөлінеді. Әрбір халықтың салт - дәстүрі ұлттық рухани құндылығы болып саналады. Біздің еліміздің барлық дәстүрлерін зерттеп, зерделеп, кітап етіп шығарған – ауыз әдебиетінің жинақтаушысы, белгілі шежіреші, этнограф Сейіт Кенжеахметов.Видео «Қазақтың салт – дәстүрлері»Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді.Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.Ат мінгізіп, шапан жабу - Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға және сол сияқты елге еңбек сіңірген ардақты, айтулы азаматтарға ат мінгізіп, шапан жабу қазақ халқының ертеден келе жатқан аса лайықты, жарасымды ата салты яғни бұл «батыр», «ақын», «палуан» деген құрметті атақтардан кейінгі берілетін құрметтеу, сый-сияпат, марапат, мадақ (награда) белгісінің айғағы, ең жоғары құрметі ретінде беріледі.Жылу жинау - Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй–мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ортасынан бір адам ұйымдас- тырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшыраандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қартаға салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.Қонақасы – қонаққа арналған дәм, мәзір. Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге тосын келген немесе арнайы шақырылған қонақтың қадір-құрметіне, жас мөлшері мен туыстық қатынасына қарай сойылған малдың мүшелерінен сыбағалыт тартады; қонақасы - қазақша ет; мүше тарту.Қонақ кәде – қонақтың өнерін ортаға салуын сұрайтын салт. Дәстүрлі қазақ қоғамында қонақасы берілгеннен кейін үйге жиналған қауым әңгіме-дүкен құрып, шағын сауық кешін ұйымдастырады. Сол кезде мейманнан қонақ кәде жасауын өтінеді. Келген қонақ аса сыйлы әсіресе әнші, жыршы, шежіре айтатын қарт сал-сері болса, ауыл адамдары оларға қонақжайлық көрсетіп, бірнеше күн қонақ етіп, ән-жырын тыңдаған.Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.Туған жерге аунату - Қазақтар қай жаққа көшпесін, қай жақта жүрмесін, өздерінің туған жерін ұмытпайды, сонымен олар ежелгі дәстүрлері Туған жерге аунатуын сақтап келеді, онда өз туған жерінен жыраққа кеткен көптен жоламаған адамды әкеліп, өзінің сүйікті туған жерін көрсетеді, әдетте ғұрыпты сақтап оны жерге аунатып алуға болады.Ашамайға мінгізу – қазақы ғұрыптардың бірі. Қазақ ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойған, соның ішінде алғаш рет жеке атқа мінгізу рәсімін өткізген. Бұл рәсімде откізілетін шараны «Ашамайға мінгізу» немесе «Ашамай тойы» деп атаған. Бұл бала үшін де, ата-ана туысқандары үшін де ерекше оқиға, үлкен қуанышқа саналатындықтан ауқаттылар той жасап, ат шаптырып, көкпар тартқызған.Ашамай дегеніміз -баланы атқа мінуге үйрету үшін қолданылатын ердің қарапайым түрі. Ашамайдың ер сияқты екі қасы (алдыңғы және артқы), екі қапталы, оқпаны болады. Үзеңгінің орнына тепкішек қолданылады. Тепкішек тебінгіге жапсыра тігілген, шағын киіз қоржын. Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасайды.Оқушылар түсінгенін айтады. | https://www.youtube.com/watch?v=KdUNN6be5go |
Сабақтың ортасы5 минут | 1-тапсырма: Мағынаны таныту. Ой екпініТіркес екпіні – сөйлемдегі тіркескен сөздердің барлығының бір ғана екпінге ие болуы: қыпша бел, тез жазды т.б. 2-тапсырма. Дәптермен жұмыс. Мақал-мәтедерден ой екпінін тауып, мағынасын жұптасып, бір-бірлеріңе түсіндіріңдер. 3-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Үлгі бойынша ой екпінін өзгертіп, бс сөйлем жазыңдар.Үй жұмысы. 5-тапсырма«Салт-дәстүр – тәрбие негізі» тақырыбында эссе жазыңдар. Сөз саны – 50 | https://qamba.info/site/book/online |
Сабақтың соңы3 минут | Рефлексия:(МК) + Мен ................ үйрендім.-Маған .............. қиын. Кері байланыс «Бір +, бір - » Сабақ барысында сәтті шыққан 1 кезең, сәтсіз шыққан 1 кезеңді айту.Оқушы мен мұғалім кері байланысы.Өз-өзін бағалау ауызша жүзеге асады.Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді: | |
Қосымша ақпарат | ||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) |
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
ОйлануСабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)