Материалдар / Сабақ жоспарлары "Әдеп"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспарлары "Әдеп"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал әдеп пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге әдістемелік көмек болады деген үміттемін.Сол мақсатты алдыма қойып бірнеше сабақ жоспарларын, мысалыға: "Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды", "Туыстан жақын жоқ, ұмытуға қақың жоқ" деген сияқты бірнеше жоспарлар дайындадым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
2940
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды.

Мақсаты: Ата-ана сөзіне түсінік беру.Ардақта сөзін қастерлеп,иманды адам болуға,

                    Обал – сауап талаптарын сақтауға, адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

                    Адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары ұстауға баулу.

              Өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: әңгімелеу,пікірталас,сұрақ-жауап

Көрнекілік: даналық сөздер,суреттер,сұрақ жазылған үлестірмелер т.б.

«Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған.»    М.Горький.

«Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік.» Абай.

Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың.

"Бала - ата-ананың бауыр еті",

"Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар".

Жүру барысы: І.Кіріспе бөлім

1.Даналық сөздерді оқу,мағынасын ашу. (балалардың ойын тыңдау)

2.Ата-анаңды ардақтау дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Қандай адамдарды иманды, мейірімді деп айтамыз?

4.Мейірімділік, қайырымдылық қасиеттер барлық адамның бойында кездеседі ме?

5.Өзіміздің арамызда осындай адамдар бар ма?

ІІ.Негізгі бөлім

    Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып,терең тамырлануы,ең алдымен,олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асыруларына байланысты. Шынында да, өз ата -анасын құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кіші пейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр, олардан отбасынан тысқары әлемде не береке күтуге болады?Сондықтан қоғамның дамығандығының, мемлекеттің іргесі беріктігі мен азаматтарының көңілінен шығатын өркениеттілігінің басты шарты - экономиканы өркендету, әлеуметтік әділеттілік пен тәртіпті орнықтыру,білім- тәрбие берудің оңтайлы жүйесін құру арқылы әрбір отбасында адамгершілік,әдеп - инабат қарым - қатынастары салтанат құруына жағдай жасау.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы,адамның келешегіне сенімділігі- баланың ата -анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауыда.Бұл жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Ол және жас болсын, жасамыс болсын, баланың өмір бойы өтеумен болатын қарызы.

Сұрақтар: 1.Ата-ана деп кімді айтамыз?

Кіріптарға қайыр беру, мұқтаж жандарға көмектесу, қарттарды аялап, мүгедектерді қорғап, аялау.

2.Ата-анаңды ардақтау қалай орындалады?

Жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы, бәсіре т.б. жөн - жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипатпен орындалады.

    Инабатты болу,мейірімді,қайырымды болу – бұл адамдық, кісілік парыз.Ол үшін әрбір адам өзінің қайырымдылық борыштарын терең сезініп,іс-қимыл жасауға міндетті.

ІІІ.Пікірталас

1-топ: Жарлы болсаң да, арлы бол.

            Кімнің ұяты жоқ болса,соның иманы жоқ.

2-топ: Ұялмаған әнші болады.

(бір-біріне қарсы пікір айту)

ІҮ.Қорытынды бөлім

   1.Адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді атап бер.

   2. Ата-анаңды ардақтау дегенді қалай түсіндіңдер?

   3.Өзімізді осындай жақсы қасиеттерге қалай тәрбиелеуімізге болады?

+9

Туыстан жақын жоқ, ұмытуға оны қақың жоқ

Мақсаты: Ағайын сөзіне түсінік беру.Ағайын сөзін қастерлеп,иманды адам болуға,

                   Туған -тысқандық талаптарын сақтауға, адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

                    Адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары ұстауға баулу.

              Өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: әңгімелеу,пікірталас,сұрақ-жауап

Көрнекілік: даналық сөздер,суреттер,сұрақ жазылған үлестірмелер т.б.

Атың жақсы болса-қанатың,

Ағайын жақсы болса -санатың.

Аға ініге ұстаз.

Жақсы аға -орман,

Жақсы іні-қорған.

Жүру барысы: І.Кіріспе бөлім

1.Даналық сөздерді оқу,мағынасын ашу. (балалардың ойын тыңдау)

2.Ата-анаңды ардақтау дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Қандай адамдарды иманды, мейірімді деп айтамыз?

4.Мейірімділік, қайырымдылық қасиеттер барлық адамның бойында кездеседі ме?

5.Өзіміздің арамызда осындай адамдар бар ма?

ІІ.Негізгі бөлім

Ешкім де туысқан-туғансыз ,ағайынсыз емес.Кім болса да,адамнан шығып,адамнан тараған,сонысымен ол көп жапырақ-бұтақты,көп тамырлы ағашқа ұқсайды.

Туыстар дегеніміз-сол бір түбірден өскен бір ағаштың бұтақтары тәрізді.Көрген тәрбиесі,алған нәрі,бұрынғыдан қалған мирас -мұрасы,62 тамыры арқылы тұла бойға тараған қаны бір.Сондықтан туысқандық байланысты ұсақ-түйек ұғыспастыққа,ниеті бұзықтардың өсек-аяңы мен араға аярлықпенен ши жүгіртуіне немесе дүние-пұлға қарамай,әрқашан да береке-бірліктің өзегі етіп сақтап,нығайтып отыру керек.

Сұрақтар: 1.Ата-ана деп кімді айтамыз?

Кіріптарға қайыр беру, мұқтаж жандарға көмектесу, қарттарды аялап, мүгедектерді қорғап, аялау.

2.Ата-анаңды ардақтау қалай орындалады?

Жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы, бәсіре т.б. жөн - жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипатпен орындалады.

    Инабатты болу,мейірімді,қайырымды болу – бұл адамдық, кісілік парыз.Ол үшін әрбір адам өзінің қайырымдылық борыштарын терең сезініп,іс-қимыл жасауға міндетті.

ІІІ.Пікірталас

1-топ. Ағайын тату болса,ат көп,

Абысын тату болса,ас көп.

2-топ: Жақыныңды жат етсең,

Жатқа күлкі боласың.

ІҮ.Қорытынды бөлім

   1.Ағайын туғандардың ең жақсы қасиеттерді атап бер.

   2. Туыстар дегенді қалай түсіндіңдер?

   3.Адамгершілікке қалай тәрбиелеуімізге болады?

Өз үйім - өлең төсегім

Мақсаты: Отбасы сөзіне түсінік беру.Отбасы сөзін қастерлеп,иманды адам болуға,

                   Туған -туысқандық талаптарын сақтауға, адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

                    Адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары ұстауға баулу.

              Өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: әңгімелеу,пікірталас,сұрақ-жауап

Көрнекілік: даналық сөздер,суреттер,сұрақ жазылған үлестірмелер т.б.

Жүру барысы: І.Кіріспе бөлім

1.Даналық сөздерді оқу,мағынасын ашу. (балалардың ойын тыңдау)

2.Отан отбасынан басталады дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Үйлену деп нені айтамыз?

4.Мейірімділік, қайырымдылық қасиеттер барлық адамның бойында кездеседі ме?

5.Отбасындағы тәрбиенің кереметі не?

ІІ.Негізгі бөлім

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

Отбасы - шағын мемлекет,

Мен - президент, сен - премьер,-

дегені бар. Шынында, отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі мен міндет - қызмет бөлінісі, кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс - тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Және оның өзі адамзат қоғамының сан ғасырлық дамуы барысында өткелектен өткізіп, жетілдіріп, берік қалыптасқан.

Отбасындағы тәрбиенің кереметі - еңбекке баулу. Ол адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды.

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағаты, бала -шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді.

Хан ордасы ,салтанатты сарайларда талай күн аунап-қуанып жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда,төрінің тарлығынан көсілгенде,сирағы сыртқа шығып кетсе де, Жиренше шешен: "Айхай, менің боз ұйым, кең сарадай өз үйім", -деп,жаны жай тапқан екен.Бұл аңызда ұлкен шындық, терең мағына бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық,өз үйінен кең де керемет мекен жер жоқ жжер жүзінде.

Сұрақтар: 1.Үйлену дегеніміз не?

2.Отан отбасынан басталады дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ.Пікірталас

1-топ. Ағайын тату болса,ат көп,

Абысын тату болса,ас көп.

2-топ: Жақыныңды жат етсең,

Жатқа күлкі боласың.

ІҮ.Қорытынды бөлім

   1.Ерлі - зайыпты дегендер кімдер.

   2. Анасына қарап қызын ал дегенді қалай түсінесіңдер?

   3.Отбасындағы тәрбиенің кереметі - еңбекке баулу

Отбасының әдебі

Мақсаты: Отбасының әдебі сөзіне түсінік беру.Отбасы сөзін қастерлеп, иманды адам болуға, туған -туысқандық талаптарын сақтауға, адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

     Адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары ұстауға баулу.

  Өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, сұрақ-жауап

Көрнекілік: даналық сөздер, суреттер, сұрақ жазылған үлестірмелер т.б.

Жүру барысы: І.Кіріспе бөлім

1.Даналық сөздерді оқу, мағынасын ашу. (балалардың ойын тыңдау)

2.Отбасының әдебі дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Үйлену деп нені айтамыз?

4.Мейірімділік, қайырымдылық қасиеттер барлық адамның бойында кездеседі ме?

5.Отбасы әдебінің кереметі не?

ІІ.Негізгі бөлім

Жігіттің жаны мен жаны, арманы мен арманы табысқан жар тауып, шаңырақ көтеруі,өз отауын тігуі оның ғұмырындағы ең қуанышты, ең елеулі, ең ауапты, сонымен қатар ата ана, туыс- тумасы, оны аз десеңіз, ағайын жұрты үшін аса мәнді, айтулы оқиға боып табылады. Қыз ұзату, келін түсірудің жалпақ елге жария етіліп, туған - туысқан, жекжат- жұрағат, дос - жаран, ауыл аймақ түгел қатысатын қызықты той, мереке болуының, тіпті жігіт пен қыз жағының қолы қысқалық етіп, ұлан- асыр тойға шамасы жетпегеннің өзінде,екі жақ та қолдан келгенін аямай, ет жақын ағайынның демеуімен "бір шабылып", той ырымын жасап берудің мәнісі сонда. Демек, үйлену де өмірге келгендей, қуанышты, үміт-тілекті келешекпен жалғастыратын мәнді нәрсе деп қаралады.

Сұрақтар: 1.Үйлену дегеніміз не?

2.Отбасның әдебі дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ.Пікірталас

1-топ. Ағайын тату болса,ат көп,

Абысын тату болса,ас көп.

2-топ: Жақыныңды жат етсең,

Жатқа күлкі боласың.

ІҮ.Қорытынды бөлім

   1.Ерлі - зайыпты дегендер кімдер.

   2. Анасына қарап қызын ал дегенді қалай түсінесіңдер?

   3.Отбасындағы тәрбиенің кереметі - еңбекке баулу

Әдеп 11"Ә"сынып 06.12.2016ж

Кіші пейілділік - кісілік белгісі

Мақсаты: Кіші пейілділік - кісілік белгісі сөзіне түсінік беру. Отбасы сөзін қастерлеп, иманды адам болуға, туған - туысқандық талаптарын сақтауға, адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

     Адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары ұстауға баулу.

  Өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, сұрақ-жауап

Көрнекілік: даналық сөздер, суреттер, сұрақ жазылған үлестірмелер т.б.

Жүру барысы: І.Кіріспе бөлім

1.Даналық сөздерді оқу, мағынасын ашу. (балалардың ойын тыңдау)

2.Отбасының әдебі дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Үйлену деп нені айтамыз?

4.Мейірімділік, қайырымдылық қасиеттер барлық адамның бойында кездеседі ме?

5.Отбасы әдебінің кереметі не?

ІІ.Негізгі бөлім

Кіші пейілділік дегеніміз - жеке адамның айналасындағыларға қатысы жөнінен өзінің қандайда бір алабөтен артықшылығы немесе ерекше құқықтары бар деп санамауы, жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке бастық керек - жарағын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес шектеуі, барлық адамға құрметпен қарап, өзінің ғана мүдделеріне қатысы бар жекелеген адамдардың ұсақ - түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі, сонымен қатар өзінің жәнеммбасқалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне сын көзбен қарауы.

Адам - әлеуметтік тіршілік иесі. Осыдан адамның басқалар алдындағы, қоғам алдындағы, табиғат алдындағы жауапкершілігі, міндет - парызы келіп шығады. Осыны сезіну оны кіші пейіл етеді.

Кіші пейілділік, қарапайымдылық адамның барлық іс - әрекетінен, қимыл -қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез - құлқынан, тәртібінен, сөзінен, ең ақыры, киген киімінен де аңғарылып тұрады.

Кіші пейіл адам адамгершілігі мол, мейірбан болады, кісіге қарасуға, қол ұшын беріп, жәрдемдесуге әзір тұрады. Кіші пейілділік жәй нәрсе емес, ол - мінезз, әлеуметтік мәртебе, көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады.ол үшін де халық: "Кіші пейілділік - кішілік емес, кісілік", - деп, оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген.

Сұрақтар: 1. Кіші пейілділік - кісілік белгісі дегеніміз не?

2.Қарапайымдылық дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ.Пікірталас

1-топ. Жасанды кіші пейілділік - жақсы қасиет емес.

2-топ: Жалған кіші пейілділік те, менмендік сияқты, жиіркенішті.

ІҮ.Қорытынды бөлім

   1.Ерлі - зайыпты дегендер кімдер.

   2. Анасына қарап қызын ал дегенді қалай түсінесіңдер?

   3.Отбасындағы тәрбиенің кереметі - еңбекке баулу

Әдеп 11"В"сынып 21.12.2016ж

Жомарт жоғын білдірмейді

Мақсаты: Жомарттық, сараңдық сөзіне түсінік беру. Жомарттық сөзін қастерлеп, иманды адам болуға, туған - туысқандық талаптарын сақтауға, адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

     Жомарттықтың асыл қасиеттерін жоғары ұстауға баулу.

  Өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, сұрақ-жауап

Көрнекілік: даналық сөздер, суреттер, сұрақ жазылған үлестірмелер т.б.

Сараңдықтың емі жоқ.

Жомарт - ер, халайықтың құрметтісі,

Сараң - арсыз, малдың күзетшісі.

(Ахмет Йүгінеки)

Сараңда бар болса да - жоқ,

Жомартта жоқ болса да - тоқ.

(Мақал)

Жүру барысы: І.Кіріспе бөлім

1.Даналық сөздерді оқу, мағынасын ашу. (балалардың ойын тыңдау)

2.Сараңдық, жомарттық дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Сараңдық , жомарттық деп нені айтамыз?

4.Мейірімділік, қайырымдылық қасиеттер барлық адамның бойында кездеседі ме?

5.Дүниедегі ең бақытты адам деген сөздің кереметі не?

ІІ.Негізгі бөлім

Жомарттық - бір адамның еінші адамға немесе адамдар тобына қарымтасыз,міндеттеусіз қызмет қылып, жақсылық жасауға шын пейілділігі, нақты ісі арқылы көрінетін өте жақсы қасиеті. Жомарттық - жомарт адамның қанына сіңген мінезі.

Қазақтың: Жақсылыққа жақсылық-

Әр кісінің ісі.

Жамандыққа жақсылық,

Нар кісінің ісі,-

дейтін тамаша мақалында "нар кісі"ұғымы жомарт мағынасын беретінін дәлелдеп жатудың қажеті болмас.

Сұрақтар: 1.Сараңдық, жомарттық дегеніміз не?

2. Сараңдық, жомарттық дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ.Пікірталас

1-топ. Жомарт бергенін айтпас,

Ер айтқанынан қайтпас.

Қолы ашықтың жолы ашық.

Сараң, сараңның күні - қараң.

(Мақал)

2-топ. Жомарт кісінің қателіктерін кешіріңдер, себебі Алла тағала, ол сүрінген сайын, қолынан ұстап, құлатпайды.

Төмендегі алушы қолдан жоғарыдағы беруші қол жақсы.

("Мың бір хадистен")

ІҮ.Қорытынды бөлім

1.Сараңдық, жомарттық дегеніміз не?

2. Сараңдық, жомарттық дегенді қалай түсінесіңдер?

Әдеп 11"Ә"сынып 20.12.2016ж

Сабыр - ақыл серігі

Мақсаты: Сабыр - ақыл серігі сөзіне түсінік беру. Отбасы сөзін қастерлеп, иманды адам болуға, туған - туысқандық талаптарын сақтауға, адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

     Адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары ұстауға баулу.

  Өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, сұрақ-жауап

Көрнекілік: даналық сөздер, суреттер, сұрақ жазылған үлестірмелер т.б.

Сабырлылық - мінездің түр қазығы.

(О.Бальзак)

Ақыл - адам көрігі, ақылдың сабыр - серігі.

(М.Әуезов)

Жүру барысы: І.Кіріспе бөлім

1.Даналық сөздерді оқу, мағынасын ашу. (балалардың ойын тыңдау)

2.Сабыр - ақыл серігі дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Сабыр - ақыл серігі деп нені айтамыз?

4.Мейірімділік, қайырымдылық қасиеттер барлық адамның бойында кездеседі ме?

5.Ашу - алдында, ақыл соңында деген сөздің кереметі не?

ІІ.Негізгі бөлім

Сабыр - әдепті адамдарға тән мінездің аса жақсы түрі. Ол - қандай жағдайда да адамның өзіне - өзіие бола білуі, ұшқары сезімге бой алдырып, жеңілтектік жасамай, ұстамды болуы, әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып іс істеуі; іс - әрекетін алдына қойған мақсатына бағындыра білуі, сезімдерін қадағалай алуы, тосын жағдайға душар болғанда, торықпауы немесе шалт қимылдарға бармауы. Сабырлылық - адамның ерік - жігері күштілігінің көрсеткіші әрі адамгершілік қатынастардың негізі. Сабыр - әдептілік - инабаттылықтың рухани тірегі. Сондықтан сабырдың қасиетін сан ғасыр бойы сынақтан өткізіп, анықтаған ата - бабаларымыз:

Сабырлы жетер мұратқа,

Сабырсыз қалар ұятқа.

немесе

Сабыр түбі - сары алтын,

Сақтаған жетер мұратқа,-

деген сияқты мақалдар шығарған.

Сұрақтар: 1.Сабыр - ақыл серігі дегеніміз не?

2. Сабыр - ақыл серігі дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ.Пікірталас

1-топ. Сабын кірді ашады,

Сабырсыз сырды ашады.

Жақсылықтан үміттенсең, сабыр ет.

(Ахмет Йүгінеки)

2-топ: Иманның абзалы - сабыр мен шындық -дүр.

Сабыр мен тақат - Алланың ісі,

Сасқалақтық - шайтанның ісі.

("Мың бір хадистен")

ІҮ.Қорытынды бөлім

1.Сабыр - ақыл серігі дегеніміз не?

2. Сабыр - ақыл серігі дегенді қалай түсінесіңдер?

Он к бровям моим прирос

Он залез мне в валенки

Говорят он - Дед Мороз

А шалит как маленький

-----------------------------------------------------------------------Он к бровям моим прирос

Он залез мне в валенки

Говорят он - Дед Мороз

А шалит как маленький

--------------------------------------------------------------------------

Он к бровям моим прирос

Он залез мне в валенки

Говорят он - Дед Мороз

А шалит как маленький

Әдеп 11"Ә"сынып 27.12.2016ж

Доссыз өмір - тұзсыз ас

Мақсаты: Достық сөзіне түсінік беру. Достық сөзін қастерлеп, иманды адам болуға, туған - туысқандық талаптарын сақтауға, адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

     Жолдастықтың асыл қасиеттерін жоғары ұстауға баулу.

  Өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, сұрақ-жауап

Көрнекілік: даналық сөздер, суреттер, сұрақ жазылған үлестірмелер т.б.

Досы жақсының - өзі де жақсы.

(Ахмет Йүгінеки)

Досыңменен дос болғанға шаттан,

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

(Мақал)

Жүру барысы: І.Кіріспе бөлім

1.Даналық сөздерді оқу, мағынасын ашу. (балалардың ойын тыңдау)

2.Достық, жолдастық дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Достық , жолдастық деп нені айтамыз?

4.Мейірімділік, қайырымдылық қасиеттер барлық адамның бойында кездеседі ме?

5.Дүниедегі ең бақытты адам деген сөздің кереметі не?

ІІ.Негізгі бөлім

Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

Ол туралы ұлы философтар менақын- жазушыларға қоса, ұстаздар мен педагог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбағаны кемде - кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зор маңыздына байланысты екені даусыз.

Сұрақтар: 1.Достық дегеніміз не?

2. Достық, жолдастық дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ.Пікірталас

1-топ. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

Жақсы дос ашып айтар,

Жаман дос қосып айтар.

(Мақал)

2-топ. Досың мың болса да - аз,

Дұшпаның біреу болса да - көп.

Асы көптің - тәні семіреді,

Досы көптің - жаны семіреді.

(Мақал)

ІҮ.Қорытынды бөлім

1.Достық дегеніміз не?

2. Достық, жолдастық дегенді қалай түсінесіңдер?

Shape1

Shape2

Shape3

Shape4

Shape5

Shape6

Shape7

Shape8

Shape9

Shape10

Shape11

Shape12

Shape13

Shape14

Shape15

Shape16

Shape17

Shape18

Shape19

Shape20

Shape21

Shape22

Shape23

Shape24

Shape25

Shape26

Shape27

Shape28

Shape29

Shape30

Shape31

Shape32

Shape33

Shape34

Shape35

Shape36

Әдеп 11"А"сынып 9.01.2017ж

Қонақ атаңнан да үлкен

Мақсаты: Достық сөзіне түсінік беру. Достық сөзін қастерлеп, иманды адам болуға, туған - туысқандық талаптарын сақтауға, адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

     Жолдастықтың асыл қасиеттерін жоғары ұстауға баулу.

  Өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, сұрақ-жауап

Көрнекілік: даналық сөздер, суреттер, сұрақ жазылған үлестірмелер т.б.

Досы жақсының - өзі де жақсы.

(Ахмет Йүгінеки)

Досыңменен дос болғанға шаттан,

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

(Мақал)

Жүру барысы: І.Кіріспе бөлім

1.Даналық сөздерді оқу, мағынасын ашу. (балалардың ойын тыңдау)

2.Достық, жолдастық дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Достық , жолдастық деп нені айтамыз?

4.Мейірімділік, қайырымдылық қасиеттер барлық адамның бойында кездеседі ме?

5.Дүниедегі ең бақытты адам деген сөздің кереметі не?

ІІ.Негізгі бөлім

Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

Ол туралы ұлы философтар менақын- жазушыларға қоса, ұстаздар мен педагог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбағаны кемде - кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зор маңыздына байланысты екені даусыз.

Сұрақтар: 1.Достық дегеніміз не?

2. Достық, жолдастық дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ.Пікірталас

1-топ. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

Жақсы дос ашып айтар,

Жаман дос қосып айтар.

(Мақал)

2-топ. Досың мың болса да - аз,

Дұшпаның біреу болса да - көп.

Асы көптің - тәні семіреді,

Досы көптің - жаны семіреді.

(Мақал)

ІҮ.Қорытынды бөлім

1.Достық дегеніміз не?

2. Достық, жолдастық дегенді қалай түсінесіңдер?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!