Сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер. Сабақтың мақсаты: жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін мессенджерлерді пайдалану; желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

1-бөлім. «Программалау» (ортақ тақырыбы: «Жанды табиғат»,

«Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтың аты-жөні

Альмурзина Айымгүл Айбатырқызы

Күні

19.10.21

Сынып: 3 «б», «в»

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

        1. жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін мессенджерлерді пайдалану;

        2. желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру;

3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Әлеуметтік желілермен мессенджерлерді қандай мақсатта қолданатыны және оның қандай қаупі бар екені туралы әңгімелейді.


Көптеген оқушылар:

Желідегі ақпарат алмасу программалық қосымшаларымен танысады.


Кейбір оқушылар:

Мессенджерлерде бірлесіп жұмыс істеудің тиімді жақтарын біледі


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.



Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Бүгінгі қоғамды компьютер, смартфон, интернет, әлеу-меттік желісіз елестету мүмкін емес. Сондықтан қазір цифрлық қоғамда өмір сүріп жатырмыз деп айтуымызға болады. Цифрлық қоғамға айналуымызға әлеуметтік же­ лілер мен мессенджерлер ерекше ықпал етті. Әлеуметтік желіге тіркелу арқылы өзің туралы дерек-терді қоюға болады. Сонымен бірге өзің сияқты тіркелген басқа да желі қолданушыларымен мәтіндік, дыбыстық және бейнеақпарат алмасу мүмкіндігі бар. Бүгінгі таң-да Facebook (Фейсбук), Instagram (Инстаграм), Twitter (Твиттер) және ВК (ВКонтакте) әлеуметтік желілері өте танымал.

Мессенджер (ағыл. messenger) – бір не бірнеше адаммен бір уақытта жедел хабар алмасуға арналған арнайы програм-малық қосымша.

Әлеуметтік желілерді білім саласында қолданудың үлкен пайдасы бар. Бүгінде білім саласында қолданылып жүрген «Kundelik.kz» және «Bilimal.kz» электрондық күнделіктерін әлеуметтік желіге жатқызуға болады.

Оқулықпен жұмыс істеу

«Жәшіктегі кітаптар» әдісі

Ортаға әсем безендірілген жәшік әкелінеді.

  • Мұғалім: «Сыртындағы суреттерге қарап, осы жәшіктің ішінде не бар екенін тапқан оқушыға сыйлығымыз бар».

  • Оқушылар: «Кітап».

  • Мұғалім: «Дұрыс, кітап!».

Оқушылар әрқайсысы өз кітаптарын алып, 5 минут көлемінде мұғалімнің тапсырмасы бойынша кітаптағы тақырыптың мәтінін оқиды. Содан соң балалар 5 минуттай бір-

біріне осы оқулықтағы тақырып туралы ойларын жеткізу тапсырылады. Бір-біріне сұрақтар қойып, ойларын толықтырады.

Жұптық жұмыс «Венн диаграммасы» әдісі


Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі.

Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.


Әлеуметтік желі мессенджерлерді салыстыр. Ұқсастық пен айырмашылығын анықта. Мысалы, фейсбук пен уатсап.


Дескриптор

  • Әлеуметтік желі мен мессенджерлерді салыстырады.

  • Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

ҚБ: смайлик





Мұғалімді тыңдайды


























Оқулықтағы тақырыпты оқиды


















Тапсырманы орындайды


















































Смайлик

Интербелсенді тақта/ компьютер
















оқулық

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:

Өзін-өзі бағалау.



Үй тапсырмасы

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер ажырату














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2021
508
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі