Сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Допты қозғалыста ұстап және беру үшін баскетболшы тек екі адым ғана жасай алады. Жүгірудің бөліктеріне (фазаларына) тірелетін және тірелмейтін жағдайларын алмастырып отыру тән. Бұлай үйлестірудің жалпы құрылымы мынадай: тірелмейтін жағдайда допты ұстайды (аяқ жерге тірелгенде бір адым жасалады деп есептеледі). Сосын басқа аяқпен екінші адым жасалады да, одан кейінгі тірексіз жағдайда, яғни үшінші адым жасалып болғанша допты қолдан жібереді. Сөйтіп, бірінші адымның алдындағы тірексіз жағдайда допты ұстау үшін қолды алға созып, сосын оны кеудеге қарай тартады да, келесі екі адымда допты беру үшін алға шығарады. Қозғалыс кезінде допты беру секіріс кезінде де, орындалуы мүмкін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ

2022-2023 оқу жылы

Сабақ жоспары № 31

Модуль/пән атауы

Дене шынықтыру

Сабақтың тақырыбы

Баскетбол. Қозғалыста допты беру

Педагог

Сейдімхан Алмасхан Әуелханұлы

Курс

1

Топ

Л-22-9-2

СЖД-22-9

ОП-22-9-1



Сабақтың өткізілетін күні

22.12.2022

23.12.2022

23.12.2022



Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері

Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың сеткасына салу және өз сеткасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.

Бағалау критерийлері

Дене шынықтыру сабақтарында спорттың ойын түрлері бойынша қауіпсіздік техникасы ережелері түсіндіріледі;

Оқу-әдістемелік құралдар, әдебиеттер

СТО деңгейлеп оқыту, түсіндірмелі хабарлау, сұрақ-жауап, топқа бөлу арқылы

сыни тұрғысынан дамыту әдістері.Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,

өзіндік жұмыс, оқулық пен жұмыс логикалық сұрақтар қою, шығармашылық тапсырмалар, хронолгиялық кесте құру.

К.Жахин, Е.Юркова Физическая культура.Методическое пособие.

Часть 1,2 Алматы кітап 2016 ж.

М.Адамбеков,М.Тұяқбаева,Е.Уанбаев Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі.

Әдістемелік ұсыныстар Дене тәрбиесі Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

У.Марчибаева, Д.Токтарбаев, Е.Стоцкая, С.Сыздыков, Р.Сидорова, Н.Моисеева, Л.Тунгышмуратова Адаптивная физическая культура и спорт.

Учебное пособие. Нур-султан 2019.

Техникалық құралдар, материалдар



Кітап, секундомер, баскетбол добы, ысқырық.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)

Студенттермен сәлемдесу. Сабаққа даярлығын тексеру.


2 Үй тапсырамасын тексеру кезеңі

(20 минут)

1. Баскетбол. Қозғалыста допты беру

2. Негізгі ойындағы бұрылыстарды қалай жасау.

3.Дене жаттығуларын жасау.

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі (5 минут)

Ұжымдық жұмыс. Миға шабуыл.

Оқушылар берілген сөздерге:

1.Ассоциация құрайды.

2.Өзара байланысырып дене жаттығуларын жасау.

Мұғалім сабақ тақырыбы, мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырады. Топтасады. Топқа бөлінеді.

4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі)

(30 минут)

Допты қозғалыста ұстап және беру үшін баскетболшы тек екі адым ғана жасай алады. Жүгірудің бөліктеріне (фазаларына) тірелетін және тірелмейтін жағдайларын алмастырып отыру тән. Бұлай үйлестірудің жалпы құрылымы мынадай: тірелмейтін жағдайда допты ұстайды (аяқ жерге тірелгенде бір адым жасалады деп есептеледі). Сосын басқа аяқпен екінші адым жасалады да, одан кейінгі тірексіз жағдайда, яғни үшінші адым жасалып болғанша допты қолдан жібереді. Сөйтіп, бірінші адымның алдындағы тірексіз жағдайда допты ұстау үшін қолды алға созып, сосын оны кеудеге қарай тартады да, келесі екі адымда допты беру үшін алға шығарады. Қозғалыс кезінде допты беру секіріс кезінде де, орындалуы мүмкін. Бұл ретте секіру екінші адымда бір аяқпен итерілу арқылы орындалады. Допты өте шапшаң беруді жүгірістің алғашқы адымында да жүзеге асыруға болады. Тек тірексіз фазаның кезінде де орындалуы мүмкін: допты тірексіз жағдайда қабылдап, осы жағдайдан беруді орындайды. Баскетболшы бір адым жасамай, қолға тиген бойда, келесі адамға береді. Шапшаңдықты және бағытты өзгертіп допты алып жүру.



Баскетбол ойынының ережесімен таныстыру;

          -қозғалыста допты беру әдісін көрсету;

          -допты қағып алу әдісін көрсету;

Ойынның мәні – ережеде көрсетілген уақыт ішінде қарсылас команданың корзинасына көбірек доп салуға деген ойыгшылар ұмтылысынан көрінеді. Допты тек қана қолмен ойнайды. Команда құрамы 10 адам болады. Алайда алаңда әр жақтан 5 адам ғана ойнай алады. Алаңның көлемі онша үлкен емес (26х14) м.. Осылардың барлығы допқа ие болып және оны корзинаға лақтыруға немесе қарсыластың шабуылына белсенді түрде қарсылық жасап, допқа ие болуға ұмтылуға мүмкіндік жасайтын, серіктестердің өзара, дәл іс-әрекеті қажет болатындай ойын жағдайын жасайды. Ойында жүгіріс, жүріс, секірулер мен лақтырулар секілді қозғалыстың табиғи түрлері пайдаланылады. Олар қолданылатын жағдайдың көп түрлілігі мен өзгермелілігі, адамда дене қабілеттерінің дамуының белгілі деңгейін, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларының мол қорының болуын талап етеді. Баскетболмен шұғылдануды дұрыс ұйымдастыра білсе, оның адам ағзасына жан-жақты, жақсы әсері мол. Бұл ойын балаларды көбірек қызықтыруда. Төменгі жастағы балалар кіші баскетболмен көптен айналысады. Қозғалыста (жүгіруде) допты беру және ұстау. Баскетбол ережесінде қолында добы бар ойыншының жүрісін (екі адым) шектейді.




5. Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі)

(20 минут)

- студенттермен кері байланыс орнатыту, диалогқа түсіру, сұрақтарды талдау.

- өтілген тақырып бойынша әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, пысықтап, бекіту және қорытындылау.

- Баскетбол ойнаудағы басты қозғалыстарды білу.

Баскетбол ойынындағы қозғалыста допты беру қалай жүзеге асады?


6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі (5 минут)

  1. Топтық шабуыл кезінде допты қалай беру әдісін қайталау.

  2. Қақпашылардың жақсы техникасын үйрену.

  3. Баскетбол ойыннының қозғалыста допты беру техникаларын өз бетінше жетілдіру.

7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут)

Рефлекция:

  • не білдім, нені үйрендім

  • не түсініксіз болды

  • қандай қателіктермен жұмыс істеуім керек



Педагог: ______________ Сейдімхан А.Ә











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2023
297
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі