Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Сабақ жоспары
Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні бойынша қалыптастырушы бағалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
09 Ақпан 2023
378
4 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
6-сынып
1
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының
нәтижесі.Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы
бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп
алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі
болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен
мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге,
бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан ................................................................................... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография» Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім «Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика»Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім «Әлемнің жеті кереметі. Лексикография» ............ Ошибка! Закладка не определена.
2-тоқсан ................................................................................... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім «Астана - мәдениет пен өнер ордасы. Лексика» .. Ошибка! Закладка не определена.
3-тоқсан ................................................................................... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім «Тарихи тұлғалар.Лексика».............................................................................................
Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология»Ошибка! Закладка не определен
Бөлім «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология»Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім«Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология».........65
4-тоқсан ................................................................................... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім «Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология» .......... Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім «Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация»Ошибка! Закладка не определена.
3
1-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»
Оқу мақсаты
6.1.1.1- Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы
бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбын, келесі бөлігіндегі
мәселені болжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Суреттерді мұқият қарап, онда Қазақстанның қандай жерлері бейнеленгенін жұпта
әңгімелеңіз. Суреттер арқылы тыңдалым мәтінінің тақырыбын болжап, талқылаңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- бейнеленген суреттер бойынша жұпта әңгімелеседі;
- суреттер арқылы мәтіннің тақырыбын талқылайды.
2. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдап, талқылаған тақырыптарыңызбен салыстырыңыз
және мәтіннің келесі бөлігі не туралы болатынын болжаңыз.
Қазақстанның көрікті жерлері
1-бөлігі
Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап, әдемі
жерлер көп. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ
ғасырдың орта кезінде белгілі бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс
Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының
шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды,
Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.
2-бөлігі
Жоғарыда аталған демалыс орындарының әрқайсысының табиғаты ерекше. Демалыс
үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлердің табиғаты көркем, ауасы таза,
суы мөлдір.
Мұнда денсаулығы нашарлаған адамдардың тынығып, күш жинап, ем қабылдап, күшқуатын қалпына келтіруге барлық жағдай жасалған.
Дескриптор
Білім алушы
- жұпта талқылаған тақырып пен мәтінінің тақырыбын салыстырады;
- мәтіннің келесі бөлігіне болжам жасайды.
4
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
6.1.4.1 - мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара
отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау
Білім алушы
• Мәтіннің құрылымдық ерекшелігін ажыратады
• Сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ойды анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз және құрылымдық ерекшелігіне назар аударып, сұрақтарға жауап
беріңіз.
Қазіргі таңда республикамызда туризмнің барлық түрлері дамып келеді. Сондықтан
болар, демалуға қолайлы ел ретінде Қазақстанның танымалдылығы күн санап артуда.
Сонымен еліміздің қай жерлерін міндетті түрде көру керек?
Бірінші орында кіші Швейцария – Бурабай. Ол республикамыздағы ең танымал туристік
бағыт саналады. Бұл жердің әсем табиғаты, көптеген қонақүйлері, шипажайлары мен
дамыған инфрақұрылымы демалушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл
жер халық арасында екінші Швейцария деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай,
ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.
Бурабайда демалып үлгерсеңіз, онда Ұлы Жібек жолы бойымен экскурсиялық саяхатқа
аттануға болады. Бұл бағыт ең танымал және тарихи маңызды орындар арқылы өтеді. Жол
бойында қазақ халқының бірегей сәулет және археологиялық ескерткіштері, атап айтсақ,
Айша-Бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері орналасқан. Осы жерлерден ерекше рухани
күш алуға болады.
Қазақстанда көз тартар көрікті жерлер, тарихи мекендер жеткілікті. Атап айтсақ, Шарын
шатқалы мен Шарын өзені, Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ
курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық
саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы. Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.
Халқымыздың пейілі сияқты кең, көңілі сияқты дархан даламызда жабайы табиғатпен
қауышып, рухани азық алып, жері, суы мен ауасының шипасын көруге мүмкіндік бар. Одан
басқа не керек?
1. Мәтін қанша бөлімнен тұрады?
A) І
B) ІІ
C) ІІІ
D) ІV
2. Мәтіннің кіріспе бөлімінде не туралы айтылады?
A) Демалушыларға жасалған жағдай туралы
B) Еліміздің әлемге әйгілі сұлу жерлері туралы
C) Еліміздің саяхат саласының өркендеуі туралы
D) Тарихи маңызды орындардың өркендеуі туралы
3. Мәтіннің негізгі ойы қандай?
A) Ем қабылдайтын демалыс орындарын жетілдіру керек.
B) Жер аумағы халқымыздың ниеті тәрізді өте кең.
C) Қазақ елінде демалатын әсем жерлер баршылық.
D) Тарихи жәдігерлерді қалпына келтіруге көмек қажет.
Жауаптары: 1D
2C
3C
5
Дескриптор
Оқу мақсаты
Білім алушы
- мәтіннің құрылымдық ерекшелігін анықтайды;
- сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
Бөлім «Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика»
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
6.2.2.1 - Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің
стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік
құралдар арқылы тану
Білім алушы
• Ауызекі және әдеби сөйлеу стилін, тілдік
ерекшеліктерін анықтайды
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтіндерді мұқият оқып, стилін ондағы сөздер арқылы анықтап, дәлелдеңіз.
1-мәтін
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егін даласынан жаяу келе жатса, жолда жатқан бір
ескі тағаны көреді. Ол баласына:
— Балам, анау тағаны ала жүр, — дейді.
— Іммм, сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын? - дейді еңкейіп, тағаны алуға ерінген
баласы. Әкесі үндемейді, тағаны өзі иіліп алады да, жүре береді.
Қаланың бір шетіне келгенде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі
қайырылып, бағанағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, шие
сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады. Сонымен шиені орамалына
түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен
соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді. Артында келе жатқан баласы жерге түскен
шиені жалма-жан жерден алып, аузына салады. Біраздан соң және бір шие, одан кейін тағы
бір шие, сонымен әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жейді. Ең
соңында әкесі тоқтап тұрып:
— Балам, көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға ерініп
едің, енді сол тағаға алған шиені бінеше рет еңкейіп алдың. Бұдан былай есіңде болсын,
балам, аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азды қанағат ете білмесең,
көптен де құр қаласың, - деді.
2-мәтін
Бірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай қайтқанда,
бір топ қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан
керек десеңдер, қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып
әкелдірейін, бізді босатыңдар», - дейді. Қарақшылар: «Бізге мал керек», - дейді. Сонда Төле
би: «Менде мал көп, бай адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің
атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып жіберейін», - дейді. Хатты былай жазады:
«Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған
адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босағамдағы
күмісімді қоса беріңдер». Қарақшылар екі жігітті бидің аулына жібереді.
6
Ауыл адамдары бидің бұл хатын түсіне алмай, қатты дал болады. Сонда келіні
Данагүл былай дейді: «Жоқ, би атам 40 қарақшының қолына түскен екен. 40 құнан атан
дегені – 40 мықты жігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақбас ата дегені – 8 ақсақал кісі, ал
атаған алтыны мен күмісі – баласы және келіні – мен ғой. Қой, тез жетіп, би атамды
құтқарайық». Сөйтіп Данагүлдің ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне
айдатып, олардың соңынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні
Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады. Осылайша бұлар Төле би мен оның серігін босатып
алады. Осы оқиғадан соң, Данагүлдің ақылдылығы мен тапқырлығы елге жайылыпты.
2. Екі мәтінді мұқият оқыңыз. Кестеге сүйене отырып, мәтіндерді салыстырыңыз.
Мәтіндер
Стилі
Тақырыбы
Мазмұны
Тілдік
ерекшеліктері
1-мәтін
2-мәтін
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді мұқият оқып, стилін анықтайды,
дәлелдейді;
- мәтіндерге салыстырмалы талдау жасайды.
Оқу мақсаты
6.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне
сай құрылымын сақтай отырып мінездеме,
құттықтау құрастырып жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Құттықтау, мінездемені жанрлық, стильдік
ерекшелігіне сай құрастырып жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жағдаятты мұқият оқып, отбасы мүшесінің біріне арнап құттықтау жазыңыз. Құттықтаудың
стильдік ерекшелігін, құрылымын еске түсіріңіз. Орфографиялық норманы сақтаңыз.
Әке, ана, бауырларыңыз - сіздің отбасыңыздағы ең құрметті жандар. Олардың үйде
орындары да ерекше. Бір қызығы, бүгін сіздің үйде бірнеше адамның туған күні қатар келіп
тұр. Сіз біреуіне қолдан сыйлық жасасаңыз, біреуіне арнап құттықтау жазамын деп шештіңіз.
Ендеше іске сәт.
Дескриптор
Білім алушы
құттықтаудың жанрлық және стильдік
ерекшелігіне сай құрылымын сақтап жазады;
жағдаят негізінде құттықтау жазады.
-
7
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
6.3.6.1 - мәтіндегі орфографиялық және
пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле
ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау
Білім алушы
• Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық
қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп
түзетеді, редакциялайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп,
дәптеріңізге жазыңыз. Қателерді түзетуде сөздіктер мен емле ережелеріне сүйеніңіз. Екпін
түрлерін ажыратыңыз.
Сен қосылып немерем,
Кеңейді ғой керегем.
Әттең қолдан келмейді,
Айды алып берер ем.
Ақ тілегі атаның
Саған терді төгер ем,
Бар нәрсемді берер ем.
Оның бәрін аз десең,
Жан беруге көнер ем,
Сен аман бол немерем!
Ұрлап жатыр күн-түн-ді,
Көп, күттім мен бұл күнді.
Ешнәрсеге қимаймын,
Сенің таза күлкіңді.
Жатыр күлкің жаңғырып,
Жұртты естен тандырып.
Балғын тілің жүр менің,
Мейірімімді қандырып.
Әжеңді де жұбаттың,
Қайғымызды уаттың.
Қартайған да атаңды,
Жас баладай қуанттың.
Дескриптор
Білім алушы
мәтінді мұқият оқып, қателерді анықтайды,
түзетеді;
ережелерге сүйеніп, дәптерге түзетіп
жазады;
екпін түрлерін ажыратады.
-
8
Бөлім «Әлемнің жеті кереметі. Лексикография»
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
6.3.4.1- Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац
түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе
бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын
көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
Білім алушы
• Тақырыптан ауытқымай, құрылымын сақтап, эссе
жазады
• Көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Берілген суреттерді мұқият қарап, аталған тақырып бойынша ой шақырып, эссе жазуға
дайындалыңыз.
Ұлы Қытай қорғаны
Петра (Иордания)
Колизей (Рим, Италия) Мачу-Пикчу (Оңт.Америка)
Тәж Махал (Үндістан) Иса пайғамбар мүсіні (Базилия)
Чичен-Ица (Солтүстік Америка, Мексика)
2. «Әлемнің жеті кереметін» «Әлемнің жаңа жеті кереметі» деп уақыт өткен сайын өзгертіп
отыру дұрыс па?». Осы мәселеге байланысты өзіндік көзқарасыңызды білдіріп, тақырыптан
ауытқымай, құрылымын, мазмұнын сақтап, нақты аргументтер келтіріп, эссе жазыңыз.
Орфографиялық норманы сақтаңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыптан ауытқымай, құрылымын,
мазмұнын сақтап, эссе жазады;
- көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын
білдіреді.
9
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
6.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,
детальді ақпаратты анықтау
Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнына қатысты детальді
ақпаратты анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Аспалы бақты кім салдырды?
Патшаның сүйікті жарының есімі кім?
Бақ қай шахарда орналасқан?
Бақты салуға не себеп болды?
Бақтың жойылып кетуіне не әсер етті?
Кім қазба жұмыстарын жүргізді?
Семирамиданың аспалы бағы
Тигр және Евфрат жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопотамия өз
қойнауына талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет
туындысы – Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары
Семирамидаға арнап салдырған аспалы бағы. Оның тарихы былай еді: кәмелетке толған
Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның ханшасы Шамурматқа (грекше
Семирамида) құда түсіп үйленеді. Сүйікті жарымен бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ
көркіне ақылы сай ассириялық ханша сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр
ашып сөйлеспейді. Жатса-тұрса елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті
райхан гүлдерін, кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел мен
аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық. «Қайткенде сүйіктімнің
бабын табамын?» деп көп ойланған патша «туған жерін көз алдына келтірем» деп, айрықша
әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем
террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын
плиталар қояды, оған қоса құнарлы май топырақ төгіледі. Құнарлы топыраққа әлемдегі бар
әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап,
жасанды тоғандарды толтырады. Бақшаның беті солтүстік батысқа қарайды, күнбатыстан
соққан самал жел Семирамида ханшайымның жабырқаған көңілін жадыратады.
Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898
жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәтижесінде аспалы бақтың қалдықтары
Ирактағы Хилла қаласынан табылады.
Дескриптор
-
Білім алушы
мәтіннің мазмұнын анықтайды;
сұрақтарға жауап береді;
детальді ақпаратты анықтайды.
10
Оқу мақсаты
6.2.1.1 - мәтіннен негізгі және қосымша, детальді
ақпаратты анықтау, түсіндіру
Бағалау критерийі
•
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Мәтіннен
негізгі,
қосымша,
ақпараттарды анықтайды
детальді
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Александрия маягі
Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия қаласының
маңында орналасқан. Қала атын әлемге танытқан Фарос маягі біздің заманымыздың III
ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктің
биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай
үлкен көлемдегі құрылыстың авторы – Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғылған
құрылыстың бір қабырғасына ол: «Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл
құрылысты теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым», – деп ойып жазған. Оның үстіне
саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді
келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты белгілі болады.
Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап тапқан құрылғылар
пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты мұнараның төменгі қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл
төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші
қабаттың сегіз қыры сегіз жақтан соққан жел бағытына ыңғайластырылған. Үшінші қабатта
биіктігі жеті метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл
айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл теңіз
кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып
келген.
2. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратыңыз.
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
1.
1.
2.
2.
3.
3.
3. Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтап, түсіндіріңіз.
Фарос қайда орналасқан?______________________
Маяк қашан салынды? _____________________
Маяктың биіктігі қанша? ________________________
Авторы кім? ______________
Дескриптор
Білім алушы
− мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды;
− қосымша ақпараттарды ажыратады;
− сұрақтарға жауап беріп, детальді ақпараттарды
түсіндіреді.
11
2-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика»
Оқу мақсаты
6.1.2.1 - әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери
тақырыптарға байланысты диалог,
монологтердегі (хабарландыру, жаңалық)
көтерілген мәселені талдау
Бағалау критерийі
•
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Тақырыпқа қатысты (диалог, монолог, өмірбаян,
хабарландыру) көтерілген мәселеге талдау жасайды
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, жұпта талқылаңыз.
Астана - әсем қала
Осыдан 15 жыл бұрын Астананы көшіру идеясы іске асты. Тарихқа үңілсек, бұл идея
бұрын да көтерілген. Айталық, Әлихан Бөкейхановтың «Григорий Николаевич Потанин»
атты мақаласындағы «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда
университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған Шоқан,
Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» деген
сөздерді еске түсірейікші. Өкінішке орай, ол кезде қалыптасқан саяси ахуал Алаш жұртын
Қараөткелге (қазіргі Астана) шоғырландыруға мүмкіндік бермеді. Ол мүмкіндік өткен
ғасырдың соңындағы азаттықпен бірге келді. Қазақ тарихының жаңа беттері ашылды.
Тәуелсіз мемлекет құру және оның жаңа астанасын таңдау бақыты Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Өзінің төлтумасына балаған Астана қаласы
туралы толғауын Елбасы: «Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе,
сонау алыстағы 1992 жылы туған еді, бірақ мен ол кезде мұны аузымнан шығармадым,
өйткені Қазақстанның экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді», - дей келіп,
1992 жылы, Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық болып сайлағаннан кейін, мен
Ақмолаға келдім. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге
қарадым. Маған қаланың ортасында ағып өзен жатқан болса, қашан да сол ұнайтын. Өзен
қалаға ерекше бір көрік береді, мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың бойында
Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында
Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама Астаналар ылғи өзен жағасына салынған.
Санкт-Петербург – Невада, Мәскеу – өзі аттас өзенде, Париж – Сенада, Лондон – Темзада
тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығына орналасқан» - деп
жеткізді. Деректерге көз салсақ, Арқа төсіне көшіп келген жылдары Астанадағы тұрғындар
саны 290 мыңдай болған. Ал қазіргі есеп үш еселенді, 800 мыңға жуықтады. Ішкі көші-қон
есебінен бас қаламызға қоныс ауыстырғандар саны 1999 жылдан бастап қарқын алды. Сол
жылдары еліміздің түкпір-түкпірінен Елордаға 62 мыңға жуық адам көшіп келген. Биылдың
өзінде Астанаға 40 мыңнан астам адам табан тірепті.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінде көтерілген мәселені талқылайды.
12
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
6.2.6.1-оқылым страгияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп
оқу
•
Білім алушы
Мәтінге қатысты оқылым стратегияларын
қолданады
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі тірек сөздердің, астын сызыңыз.
Асқақтай бер, Астанам!
Қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару Астанасы төрткүл дүние тамсанатын,
әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы
ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы жұмыр жерді толғандырған
тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім
кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Соның айқын дәлеліне келсек, 2010
жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана
Саммитін өткізгелі бері Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейі қуаттала
түскендей болды. Айбарымызды асқақтатқан Азиаданы қоспағанда халықаралық саяси һәм
экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар, жоғары деңгейдегі
халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Бір сөзбен айтқанда, Астана
қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға сүйреп
келеді. Ал ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі шаралардың да
Астанада өткізілуі Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз. Расында, ЭКСПО халықаралық
көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес, даңқын асыра түсті. Мұндай ауқымды
шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі тұр десек артық айтқандық емес.
2. Мәтіннен Астана қаласының абыройын асқақтатуға үлес қосқан елеулі оқиғаларды
іріктеңіз. Неологизм сөздер, термин сөздерді ажыратыңыз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі тірек сөздердің астын сызады;
- оқылым стратегияларын қолданады;
- неологизм, термин сөздерді ажыратады.
13
Оқу мақсаты
6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі
құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу
себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Төменде берілген пікірмен сіз қаншалықты келісесіз? Өз пікіріңізді білдіріп, эссе жазыңыз.
Бүгінде Астана қаласы адам танымастай өзгерді. Қонақтардың көбі бұрынғы астанамыз
Алматымен салыстырғанда, қала көшелерінде ұлттық нақыштағы ою-өрнектер кең қолданыс
тапқандығын айтады. Тіпті, көшелерге берілген көне қала атаулары мен қазақтың ақынжазушылары, билері мен хандарының есімдері қалаға ерекше күш беріп тұрғандай.
Дескриптор
Білім алушы
-берілген жағдаятқа сай эссе жазады;
-эссенің тақырыбынан ауытқымайды;
-абзацтар жүйесін сақтайды;
- өзіндік көзқарасын білдіріп,
келісу-келіспеу себептерін айқын жазады.
14
Бөлім «Тарихи тұлғалар. Лексика»
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
6.1.5.1-тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты
сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен
байланыстыру
Білім алушы
• Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді
• Ақпараттарды өмірмен байланыстырады
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын жұпта талқылаңыз.
Қаныш Сәтбаев – 1950 жылдары аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болған геолог
ғалым. Ол Қазақ Ғылым Академиясының құрылтайшысы, ал 1945 жылы оның тұңғыш
президенті болады. ХХ ғасырдың орта шенінде минерология ғылымдарының докторы
Қаныш Имантайұлы Қазақстанның орталық бөлігіндегі табиғи қазба байлықтар шоғырланған
ірі кен орындарын ашады. Көп уақыт өтпей оның аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болады.
Әйгілі ғалым соғыс кезінде немістер Украинадағы жез кендерін басып алған кезде,
Қазақстанның орталығынан жез өндіретін кен орындарын ашады. Орыс ғалымдары оның
жетістігіне таңдана қарайтын. Қаныш Сәтбаевтың топонимикалық білімі жоғары еді.
Қаныш Сәтбаев жастайынан этнографияға қызыққан. Бала кезінен әртүрлі жер-су
атауы туралы аңыз әңгімелерді тыңдап өседі. Ер жеткен соң геология ғылымы саласына
қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. Дегенмен өзінің топонимикаға деген
қызығушылығын да жоғалтқан емес. Кейіннен мұның оған орасан зор пайдасы тиеді. Яғни
жер атауларына байланысты ірі кен орындарын қысқа мерзімде анықтап, қоғамды жаңа
ресурс көзімен қамтамасыз етеді.
Қаныш Имантайұлы Қарағанды облысында өмір сүретін ақсақалдардан
топонимикалық атаулардың шығу тарихы туралы деректер іздейді. Нәтижесінде атабабаларымыздың мыс, қола, темір сынды пайдалы қазбаларды көне заманнан бері
пайдаланғаны анықталады. Себебі бұл жер-су атаулары көне заманда қолданысқа енген.
Айта кетсек, ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен
Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық
Қазақстанның металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Қаныш Сәтбаев кім?___________________________
Оның жетістігінің сыры неде? ___________________________
Ғалым жастайынан неге қызығып өсті? ___________________________
Сәтбаевтың еңбектері неге арналған? ___________________________
Ол қандай картаны жасауда көп еңбек етті? ___________________________
3. Мәтінге қатысты ақпаратты қазіргі өмірмен байланыстырып, жұпта талқылаңыз.
Қаныш Сәтбаев ашқан кен орындары қазіргі уақытта бар ма? Ғалым ол кен орындарын не
үшін зерттеді деп ойлайсыз? Қаныштың қазіргі қазақ ғылымында қандай үлесі бар деп
ойлайсыз?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
- мәтінге қатысты ақпаратты қазіргі өмірмен байланыстырады,
талқылайды.
15
Оқу мақсаты
6.1.1.1 -мәтіннің атауын талқылау және алғашқы
бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені
болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіннің тақырыбын, келесі бөлігіндегі
мәселені болжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Берілген сөздерге қарап, мәтіннің атауын талқылаңыз.
Хан сайлау, үш жүз, Сабалақ, малшы.
2. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің не туралы екенін болжап, өз
жауабыңызбен салыстырыңыз. Көнерген сөздерді ажыратыңыз.
Абылай туралы аңыз
Жиырмаға жетпеген жас Абылай хан қасында Оразаулық деген сарт жолдасы бар,
Есіл бойында Атығай, Қарауыл деген елге келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бағып,
жылқышы болып жүріпті: - Атың кім? - деп сұрағанға: - Атым Сабалақ! - депті. Бай
бәйбішесіне айтыпты: (Осы жерден тоқтатылып, оқушылар болжамы тыңдалады)
- Өзге жалшыдай көрме, мұны, күте гөр! Бойында қасиеті бар екен. «Қалайша» десең,
алты күн, алты түн аш жүрсе де, өз қолымен бір ас құйып ішпейді. Ол жарты аяқ ас ішсе де,
сарқытын біреуге бермей, ішпейді. Өзі жерге бір отырмайды.
Сол уақытта қазақтың жылқысын түп көтере қара қалмақ Қатысыбан деген жау
алыпты. Қазақ «қылқұйрық» деп көтеріле аттаныпты. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжаралы көкжал Барақ,
Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары, керей, уақтан шыққан Сары, Баян бәрі аттанып,
қалмаққа барса, қалмақ шеп құрып, қазаққа алдырмапты. Неше күн жатып, «сасық қамал»
болып, қалмақтан жылқысын айыра алмай, «салы суға кетіп» қайтпақшы болыпты.
Сонда жылқының соңынан қалмай қуған жылқышылардың бірі Сабалақ қазақтың
қайтарына көзі жеткен соң, көптен оңаша шығып, атынан түсіп, шүберек белбеуін
құрығының басына байлап, ту қылып, қалмақтың қамалына «Абылай!» деп жалғыз кетті
дейді. Құданың құдіретінің шеберлігінің тамашасы, өзіне атса оқ өтпейді, шапса қылыш
өтпейді. «Кірген жерін есік, шыққан жерін тесік» қылып, жападан-жалғыз өзі қалмақтың
қамалын бұзып, жылқының жусау тезегіндей топырлатып тастаған соң, қазақтың батырлары
тұс-тұсынан кіріп, қалмақты жебір-жесір қылып шауып, талап, шаш-етектен олжаға қарық
болысып қайтысыпты. Жауды жеңіп, көңілдері тынған соң арғын, найманның батырлары:
- Кеше бізден айтылмаған аруақ, шақырылмаған ұран қалған жоқ, бәрі дәнемеге жарамады.
Бұл өзі жалғыз болса да тегі, заты кім екені белгісіз болса да, бәрімізден бақ-талайы жоғары,
аруағы күшті екен. Бұрынғының сөзі бар еді «қой асығы деме, қолайыңа жақса сақа қой»
деген. Кел, осыны хан көтерелік! - деп әу десіп, Атығай Есенаман байдың еркесіне алып
келіп, ақ отау көтеріп, ақ кигізге салып, хан көтерген екен.
Дескриптор
Білім алушы
-мәтіннің атауын талқылайды;
-алғашқы бөлігі арқылы мәселені болжайды;
- көнерген сөздерді ажыратады;
-өз болжамдарымен салыстырады.
16
Оқу мақсаты
6.2.7.1 – энциклопедия, сөздік, балаларға
арналған газет-журналдардан қажетті
ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Ақпарат
құралдарынан
алынған
қажетті
мәліметтердің авторына сілтеме жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан өзіңіз үлгі тұтатын тарихи
тұлға туралы ақпарат жинаңыз. Алған ақпаратыңыздың авторына сілтеме жасаңыз. Ол
тұлғаны неге таңдағаныңыз туралы және не себепті үлгі тұтатыныңызды айтып дәлелдеңіз.
Дескриптор
Білім алушы
- өзі таңдаған тұлға туралы ақпараттарды іріктейді;
- ақпараттардың авторына сілтеме жасайды;
- үлгі тұту себебін анықтап, дәлелдейді.
Оқу мақсаты
6.3.2.1 - жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне
сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме,

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп, тұлғаның өмірбаянын
жазыңыз. Өмірбаянның жанрлық және стильдік ерекшелігін, құрылымын сақтап жазыңыз.
Дінмұхамед Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында,
қызметкердің отбасында өмірге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған.
Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы Зәуре Баирқызы үй
шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. 1930 жылы Алматыдағы №14 орта мектепті
бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед
Қонаевты Мәскеудің түсті металл институтына оқуға жібереді.
1936 жылы институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған
Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне
жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас
инженері және оның директоры болады.
1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың қиын күндерінде тылдағы жұмысты
ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің
орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі
кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады.
17
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары
болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны
Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен
ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек
сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі
астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің
ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының және басқа да
атаулы ғимараттары тұрғызылды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға
жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық
дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған
шағында кенеттен қайтыс болды.
Дескриптор
Білім алушы
− мәтіннен тұлға туралы ақпараттарды іріктейді;
− жанрлық және стильдік ерекшелігін ескеріп,
өмірбаян жазады.
18
3-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология»
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
6.2.1.1- мәтіннен негізгі және қосымша,
детальді ақпаратты анықтау
Білім алушы
• Мәтіннен негізгі, қосымша, детальді
ақпараттарды ажыратады
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.
Су - тіршілік көзі
Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті
тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді.
Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға
асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон
ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды
бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет»,
«бейбітшілік» деге

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)