Материалдар / Сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2024
82
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы (ІІ бөлім) (сабақ тақырыбы)

Пән атауы: Қазақ әдебиеті.

Дайындаған педагог: Оразбекова Зауреш Мұхтаровна

Сабақ типі: Дәстүрлі.

Оқыту мақсаты: Көркем шығармадағы автор бейнесіне талдау жасау, көркем шығарманың тілдік ерекшелігі бойынша шығармашылық жұмыс орындау.

Сабақ мақсаты: (тәрбиелік мақсаты) Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, академиялық шыншылдық, өмір бойы білім алу, әлемдік азаматтық Шешендікке баулу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету (құндылықтарды игерту).

Бағалау критерийлері: 1. Автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды;

2. «Бесеудің хаты» драмасының мазмұнымен құрылысымен танысады;

3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдайды.

1.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі 2. Блум таксономиясы: Білу; Түсіну; Қолдану; Талдау. Бағалау: Шығармадан алған тәрбиелік танымды өмірмен салыстырып көріңіз.

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

Слайдтар, қосымша-дидактикалық материалдар, оқулық әдебиеттер, бейнероликтер, аудио, видео құрылғылар.

 3.2 Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар: Презентация.

https://youtu.be/D7rh0gP1Ouo «Қош бол, Шераға!». Шерхан Мұртазаның өмір жолы туралы деректі фильм



https://youtu.be/5ZnbHrQzB0I Шерхан Мұртаза - Бесеудің хаты (Эпилог) (Аудиокітап) https://youtu.be/a2ElrWKydOI Шерхан Мұртаза – «Бесеудің хаты» (ІІ бөлім) (Аудиокітап)

 4. Сабақтың барысы

Сабақтың басы_(10 мин)

Амандасу. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. Білу; Түсіну.

Үйге берілген тапсырмаларды сұрау, тексеру. а) Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасы ІІ бөлім бойынша қысқаша мәліметтер сұралады, айтылады. ә) Венн диаграммасы. Кейіпкерлерді салыстыр. 
І топ: Сталин мен Голощекин.

ІІ топ: Рысқұлов пен Мүсірепов. Сабақтың ортасы(25 мин)

1-тапсырма Мағынаны тану.  Қолдану; Талдау а) https://youtu.be/D7rh0gP1Ouo «Қош бол, Шераға!». Шерхан Мұртазаның өмір жолы туралы деректі фильм

ә) Оқулықтан 1- бөлім төртінші, бесінші сурет, 2 - бөлім бірінші, он үшінші суретті оқу. 

б) Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдаңыздар. в) https://youtu.be/5ZnbHrQzB0I Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» (Эпилог) аудиокітапты мұқият тыңдаңыздар. Дескриптор: 1. Оқулықтан 1- бөлім төртінші, бесінші сурет, 2 - бөлім бірінші, он үшінші суретті мұқият оқиды. 2. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдайды. 3. «Бесеудің хаты» драмасының мазмұнымен құрылысымен танысады; 4https://youtu.be/5ZnbHrQzB0I Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» (Эпилог) аудиокітапты мұқият тыңдайды. 5https://youtu.be/D7rh0gP1Ouo «Қош бол, Шераға!». Шерхан Мұртазаның өмір жолы туралы деректі фильмді тыңдайды.







2-тапсырма.
1. Проблемалық сұрақтар: 
• Қалай ойлайсыздар, бұл қасіретке қазақ халқы қалай ұшырады? Кім кінәлі. 
• Осы қасіреттен қазақ халқы қандай зардап шекті? 
• Драманы оқу барысында қандай сезімде болдыңыз? 
• Шығарманы оқу барысында қандай тәрбие алдыңыз? 
• Осы аштықтан қазақ халқын кім құтқарды? 

2. https://youtu.be/a2ElrWKydOI Шерхан Мұртаза – «Бесеудің хаты» (ІІ бөлім) (Аудиокітап) мұқият тыңдаңыздар.

3. Автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтаңыздар.

Дескриптор: 1. Берілген сұрақтарға толық жауап береді. 2. https://youtu.be/a2ElrWKydOI Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» (ІІ бөлім) аудиокітапты мұқият тыңдайды.

3. Автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды
Қорытынды: Алланың қаһарынан жалбарынып құтылуға болады, адамның қарғысынан құтыла алмайсың. 

Ойтолғау.

1.«Бесеудің хаты» драмасындағы кейіпкерлерді ата

2. Драма дегеніміз не?

3. Диолог, монолог туралы не білеміз?

4. Жазушы «Бесеудің хаты» драмасына қандай тарихи оқиғаны арқау етті?

5. Ашаршылық дегенді қалай түсінесіңдер

6. Қалай ойлайсыңдар, бұл қасіретке қазақ халқы қалай ұшырады?

7. Кім кінәлі?

6.Оқулықпен жұмыс: «Бесеудің хаты» драмасын рөлдерге бөліп оқиды.

Топпен жұмыс:  

1-топ: Ғ.Мүсірепов аштықты өз көзімен көрген жерін тауып оқы. /Екінші бөлім, екінші сурет 185-186 бет/

2-топ. Сталин Қазақстандағы жағдайды қалай білген жерін тауып оқыңдыр /Пролог/

3-топ. Драмада Мүсірепов өзі өмір сүрген заман жайлы: «Жорғалар-жортақ, батырлар-қорқақ болған сұм заман»- дейді /189-бет/. Ал сіздер сол бір нәубет жайлы не айтар едіңіздер? Мүсіреповтың осы пікірімен келісесіз бе?
4-топ. Сталин - Голощекиннен «Қазақтар қандай халық?» - деп, сұрады? үзінді тауып оқы. /Екінші бөлім, он екінші сурет 193-194 бет/

7. Шығармағы сатылай кешенді талдау:

Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты»





  1. Авторы: Ш.Мұртаза

  2. Тақырыбы: Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясаты, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов бастаған халық қалаулылары ашына жеткізуі, қуғын-сүргін.

  3. Әдеби жанр: драмалық тарихи туынды.

  4. Эпикалық жанр түрі: пьеса

  5. Негізгі идеясы: ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры.

  6. Шығарманың композициялық құрылысы:

1.Шығарманың басталуы: Елдегі қиын жағдайды, аштықты өз көзімен көруі.

2.Шығарманың дамуы: Ғ.Мүсірепов бастаған бесеудің Сталинге хат жазуы.

3.Шығарманың байланысуы: Хаттың жолда ұсталуы

4. Шығарманың шиеленісуі: Голощекиннің Сталин алдындағы есебі,

коллективизацияны тездетуді тапсырды.

5.Шарықтау шегі: Хаттың Голощекин қолына түсіп, бесеуін Крайкомға, бюроға шақырылуы.

6.Шығарманың шешімі: Бюро шешімімен бесеуінің ату жазасына кесілуі

  1. Шығармадағы кейіпкелер:

1.Жағымды: Тұрар Рысқұлов

Нұрхан ақын

Балым

Хұсни

Ғабит Мүсірепов,

Мансұр Ғатаулин,

Мұташ Дәулетқалиев

Қадыр Қуанышев

Емберген Алтынбеков

2. Жағымсыз: И.В. Сталин

Ф.И. Голощекин

Құрамысов

Иванов

Жантоқов

Елеусіз

Қарабаев

Исаев

Цербер

  1. Әдеби теориялық ұғымдар:

Ирония - жазушысымақ,

Теңеу: өрт сөндіретіндей,тұяғы күйген тауықтай,

Құбылту: басбұзар ұлтшылдар,қорқаулар,екіжүзділер

Дисфемизм: оңбағандар,өтірікші,жалақор,бәлеқор,

Метафора: қайрат-қыран, қайғы-жылан

Мақал-мәтелдер: «Бұқпадан шыққан жау жаман, бүйірден шыққан дау жаман» /186-б/, «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» /190-б/, «Төременен тіреспе, күштіменен күреспе» /193-б/, «Үрерге иті, сығарға биті жоқ» /197-б/, «Ат арыса-тулақ, адам арыса-аруақ» /199-б/, «Ораза-намаз тоқтықта» /200 бет/, «Қайрат-қыран, қайғы -жылан»

  1. Тәрбиелік мәні: балаларды отансүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, бірлікке жетелейді.

Сабақтың соңы (10 мин)

Кері байланыс: 1-топ:

Кейіпкерлер бойындығы жаман қасиеттерді топтастыру

2-топ

Шығарманың тәрбиелік мәні немесе Кейіпкерлер бойындығы адами қасиеттерді топтастыру

Бекіту сұрақтары:

1-топ: Драманың маңыздылығы неде деп ойлайсыз?

2-топ: Оқу барысында қандай сезімде болдыңыз?

1-топ: Сталин халық қомқоршыларын қалай жазалады?

2-топ: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. (31 мамыр)

Рефлексия

Түйін сөз... Мен үшін жаңалық... Мен үшін жұмбақ...  



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!