Материалдар / сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ислам дінінің рөлі және Қазақстанда таралуы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2018
1218
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып:9

Факультатив:Зайырлы мемлекет және дінтану негіздері

Мерзімі:5.02.18


Тақырыбы:

Қазақ мемлекеттілігі қалыптасуындағы Исламның рөлі

  • Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Қазақ мемлекеттілігі қалыптасуында Ислам қазақ хандарының мемлекеттік идеологиясына айналғанын, исламның ханафиттік-сунниттік бағытының қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін орнықтыруға тигізген пайдасы туралы мағлұмат беру.

  • Дамытушылық: Ислам дінінің құндылықтары болып табылатын діни - сәулет ескерткіштері, ежелгі қалалар, кесене, медреселер туралы материалдарды тауып, слайд, бейне ролик жасауға баулу.

  • Тәрбиелік: Діни сауаттылыққа тәрбиелеу, рухани құндылықтарды, адамгершілік, имандылық қасиеттерді оқушы бойына сіңіру.

  • Сабақтың әдісі: өзара белсенділікті арттыру,өзіндік шығармашылық тапсырмаларын қорғау.

  • Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тарихи ескерткіштердің суреттері , Абай, Шәкәрім, Ыбырай және қазақ хандарының суреттері мен еңбектері.

  • Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

  • Жаңа сабақ жоспары: Сабақ үш бөлімнен тұрады. Оқушылар үш топқа бөлінеді. «Айша бибі»«Жошы хан»«Дәуітбек».

  • І бөлім: Миға шабуыл. Сабақтың эпиграфы:

  • «Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек.»

  • Ой қозғау: Оқушылардың қазіргі діни жағдай туралы пікірлерін тыңдау.

  • Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Қазақ мемлекеттілігі қалыптасуындағы исламның рөлі:


  • Хандық биліктің нығаюына ықпал етті.

  • Қазақ руларының этникалық қауымдастыққа енуіне жағдай жасады.

  • Мемлекет мұсылман құқықтық нормасына сүйенді.

  • «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» «Жеті жарғы» шариғат заңдарына негізделіп жасалды.

  • Идеялық, құқықтық, саяси, рухани – адамгершілік рөлін атқарды.

  • Мұсылмандардың әдеп нормалары имандылық, адамгершілік, жомарттық, батырлық, төзімділік сияқты ізгі қасиеттерді кеңінен насихаттады.

  • Ислам дінін мемлекет басшылыққа алған хандар:

  • ІІ бөлім

  • «Шығармашылық тапсырмалар шеруі»

  • «Айша Бибі» тобы: «Қазақ халқы тарихында мұсылмандықтың таралуын зерттеп,жазған ғалымдар;

  •  

  • И.Г.Паллас

  • И.Рычков

  • А. Левшин

  • еңбектеріне шолу жасау


  • «Жошы хан» тобы : Атамекеніміздегі медреселер, діни ескерткіштер,шығыс моншалары, кесенелерге саяхат жасау.

  • «Дәуітбек» тобы: Қазақ даласындағы ислам жанашырлары ақын-жазушылар ;

  • Ыбырай Алтынсарин

  • Спандияр Көпеев

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

  • еңбектеріне шолу жасау.

  •  

  • ІІІ бөлім

  • Мұсылмандық әдеп нормалары қазақ халқының мақал- мәтелдері, ырым-тыйымдарымен

  • астасып жатты.

  • «Ойлан , тап !» ойыны. Кестенің « исламда» бөліміндегі сөйлемдер ашық беріледі де, «қазақы тәрбиеде» бөлімін оқушылар өздері тауып айтады.

  • Исламда

  • Қазақы тәрбие

  • «Тәкаппарлығына киімін сүйретіп жүргендерге Аллаһ қиямет күні назарын салмайды».

  • Хадисте «Шақырған жерге барыңыз»

  • «Өтіріктен сақтан, өтірік пен иман бір жерде бола алмайды»

  • «Үлкенге ізет- Алланың әмірі»

  • «Отанды сүю имандылықтан басталады»

  • Хадисте «Жетім көрсең жебей жүр»

  • «Тәкаппарды тәңірі сүймес»

  • «Шақырғаннан қалма, шақырмағанға барма»

  • «Өтірікшіде иман жоқ»

  • «Ұлық болсаң – кішік бол»

  • «Отан қадіріне жетпеген, өз қадіріне де жетпес»

  • Жырларда: « Жетімді жетім демеңіз, Жетімді жетім десеңіз.

  • Көтеріп көрге салғанда, Тек жатамын демеңіз»

  • Ырым – тыйымдар: Асты «біссімілдә» деп баста, түшкірген адамға «жәрекімалда» деп айт, күлді жерді баспа, айға қолыңды шошайтпа, бүйіріңді таянба т.б

  • Сабақты бекіту бөлімі: Дискуссиялық өрнек

  • Сөйлем

  • келісемін

  • келіспеймін

  • Қазақ хандары исламды өз діндері деп мойындады

  • Ата-бабаларымыз хақ дін исламды ұстанғанын мақтаныш етті

  • Хадис пен сүндет бұл өмірде бағыт-бағдар беретін темірқазық рөлін атқарды

  • Қажылық жасау ақсүйектер үшін абыройлы міндет саналды

  • Ислам діні қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көрініс тапты

  • Ислам қазақ мемлекеттілігі қалыптасуында басты рөл атқарды

  • Келісемін өйткені

  • Келіспеймін өйткені

  • Қорытындылау.

  • Мұғалімнің қорытынды сөзі:

  • ХХІ ғасырдың әлемдік ішкі тәртібі мен бет-бедері айқын сипат алған шақта, діннің шын мәніндегі өркениетті адами тәрбиені, демократияны ұлықтайтын асыл қасиеттерін халыққа жеткізіп, тарату және түсіндіру біздің халқымыздың рухани кемелдігін арттырудың кепілі және еліміздің қауіпсіздігінің құрамдас бөлігінің бірі .

  • Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы халыққа жолдауында: «Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдісін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз»,- деп атап өткеніндей республикамыз демократиялық, зайырлы мемлекет болғаннан кейін, елімізде адамзат баласының рухани ізгілікті өміріне, тәлім-тәрбиесіне,өркениетті қызмет ететін барлық діндердің діни еркіндігіне рұқсат етілген.

  • Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қолдау механизмі ретінде мәдениет және өркениеттер диалогын дамытуға Қазақстанның қосқан үлесі.Бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытындағы Қазақстан бастамалары Орталық Азия,Еуразия континенті мен бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жолында айтарлықтай маңызға ие болып отыр.

  • Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, ойындарға қатысу белсенділіктерін сараптап, мадақтау.

  •  

  • Үйге тапсырма: тақырыпты оқу















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!