Материалдар / Сабақ жоспары 4 сынып Сөз таптары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары 4 сынып Сөз таптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2020
375
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚМЖ Қазақ тілі

Мектеп: №6

САБАҚ: Қазақ тілі 4 сынып

ТАҚЫРЫБЫ: Сөз таптары

Күні

Мұғалімнің есімі: Ильясова Ж.С.


Сынып 4

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты


4.4.2.6 – сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау; 4.2.5.1 – дереккөздерден (мəтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мəнмəтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар жасай алады:Сөз таптарын еске түсіріп, ажырата алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:Тірек-сызбаны пайдаланып, сөз таптарының сұрақтарын ажырата алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Сөз таптарын ажырата алады.

Зат есімнің, етістіктің, сын есім мен сан есімнің сұрақтарын біледі. Дереккөздерден ақпарат табады.

Жаңа сөздің мағынасын анықтайды.


Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар


АКТ қолдану дағдылары

Электронды тапсырмалар.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Сөз таптары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Психологиялық ахуал туғызу.

Даламдай кең пейілім (құшақтарын ашады).

Жүрегім толы мейірім (жүрек тұсын қолымен ұстайды).

Мен үшін жоқ уағың (қолымен кіші дегенді көрсетеді).

Бəріңе ортақ шуағым (екі қолын көтереді).

Мақсатты қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтаймыз – дереккөздерден (мəтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мəнмəтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалаймыз










Ортасы

6-жаттығу. (Т) Мəтінді оқып, өзіне түсініксіз сөздерді белгілеу.

Сөздіктен кестедегі сөздердің мағынасын анықтап,сөз таптарына ажырату


Сөздер

Менің білуімше

Сөздікпен анықтағаным

Қай сөз табы

қапырық

ыстық

Жаздың ыстық күндері

Сын есім


Кемпірқосақ қай кезде пайда болады?

Күннің жарығы дегенді қалай түсінесің?

КБ:Мəтіннен қандай сөз таптарын кездестіруге болады?

ҚБ: Түрлі түсті қарындаш арқылы арқылы

7-жаттығу. (Ұ) Жұмбақты оқып, жатқа жазу.

Жарқылдан соң жаңағы,

Суға бөкті бар алап.

Көкте түрлі жолақты

Өрнек құрды ғаламат

Шешуі: кемпірқосақ.

Дескрипторы:

Жұмбақты жатқа жазу барысында каллиграфиялық ережелерді сақтайды.

Жұмбақтағы түсініксіз сөздердің қай сөз табына жататынын анықтайды

ҚБ: Түрлі түсті қарындаш арқылы арқылы

8-жаттығу. (Ж) 6-7 жаттығуды оқи отырып,мəтіндерді салыстыру.

КБ: Ұсынылған мəтіндердің арасында қандай айырмашылық бар? Ұқсастық бар ма? Ойыңды дəлелде. Қай мəтін көркем мəтінге жатады? Ал ғылыми-танымдық мəтінге ше? ҚБ: Түрлі түсті қарындаш арқылы арқылы

Сергіту жаттығу «Күн, жер, су» ойыны. «Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді. «Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды.«Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді.

9-жаттығу. (Ұ) Жұмбақтар тауып жазу.(смартфон қолдану арқылы)

Жұмбақтар кітабынан сүңгі, жаңғырық, тұман, бұршақ сөздерінің бірі туралы тауып жазу.

Айтқаныңды айнытпай,

Қайталайды өзiңе

Тiл қатқанмен қаймықпай,

Көрiнбейдi көзiңе. (жаңғырық)

Дескриптор:

Сын есім, сан есім, етістіктердің қай сөзбен байланысып тұрғанын тауып, өз жауаптарын жұптасып дəлелдейді

КБ:Сөз таптары қай сөзбен байланысып тұр?

ҚБ: Мадақтау сөздері арқылы арқылы


Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!