Сабақтың кезеңдері
/
Уақыт
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
1.
Жағымды көңіл күй (1-1,5 мин)
|
Оқушылардың сабаққа қатысуын
тексеру.
Оқушылармен
амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін еске
түсіру:
Тәртіп.Талап.Тазалық
Татулық.Тыныштық
Балалар, ережені
есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып-білуге талаптанып,
тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік.
Ойымызды,
жүрегімізді барынша ашып, мейірімімізді бір-бірімізге төгіп отыруды
ұсынамын.
Жағымды күйге
келу
Жағымды күйге келу.
Нұрға бөлену.
|
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Жағымды күйге келіп, терең ойлауға
бейімделеді.
|
Оқулық,
мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,
Презентация,
слайд
Волшебная Композиция -
Хрустальная Грусть
https://www.youtube.com/watch?v=W58q59CjMqc
|
2. Алдын ала берілген үй
тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)
|
1. №13 – сабақ.
Мәтінді оқыңдар. Ондағы кейіпкерлердің өз
парызына адалдығын білдіретін сөздері мен істерін іріктеп алып,
кестені дәптерге толтырыңдар.
Данышпан бір күні түнде
халқының, елінің қамымен бір іспен шұғылданып жатады. Сол кезде
біреу жеке басының ісімен оның алдына кіріп, шаруасын айта
бастайды. Ол шапшаң орнынан тұрып, сол жерде жанып тұрған май шамды
сөндіріп, басқа май шам жағады. Бұдан ештеңе түсінбей қалған қонақ
Омардан: «Екеуі де май шам. Қараптан-қарап отырып біреуін сөндіріп,
екіншісін жаққаныңыз не?» - деп сұрайды. Данышпан:
«Сөндірген май шам –
мемлекеттікі. Сенімен жеке шаруа жайында әңгімелесу үшін
мемлекеттің мүлкін қолдануға хақым жоқ. Сондықтан оны сөндірдім де,
өз ақшама алған май шамды жақтым», – деп жауап береді.
Кейіпкерлер
|
Іс-әрекеті
|
Менің ойым
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Келесі сабақ. №14,
Әбдуәли Қайдардың мәтінін
оқып келу.
Сұрақтар:
1. Автор неліктен жер бетіндегі өмірдің мәнін
адамдардың өзара саналы карым-қатынасынан, адамдардың өзара
түсіністігінен, біріне- бірінің көмек-жәрдемінен, ықылас-ниетінен,
ілтипатынан, істеген игі жақсылығынан құралады дейді? Себебін
түсіндіріңдер.
2. «Қарыз» бен «парыздың» айырмашылығы
неде?
3. Автор парыздың қандай түрлері жайлы
айтады?
4. Парыз дегеніміз не? Ол адамға не үшін керек?
Оны қалай орындау қажет?
|
Сұрақтарды оқып оқушылар жауап беріп жауаптарын
айтып бікір білдіреді.
|
Оқулық,
|
3. Жағымды
ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)
|
Мен өмір бойы парыз сеніміне бой алдырып,
жалғыз соған ғана бағынып келдім.
Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – екінші
дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың
көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы
Көлбастау мекені.
Сұрақтар:
-
Парыз дегеніміз не?
-
Азаматтық парызды орындап жүрсіздер ме?
Дәйексөзден
қандай ой
түйдіңіз?
|
Оқушылар дәйексөздерді қайталап, дәптерлеріне
жазып алады. Жаттап алуға болады.
|
Презентация, слайд.
Жұмыс дәптерлері.
|
4. Оқиғалар айту
(әңгімелесу)
(4-8 мин)
|
Өмірге тура қарап
бойлағанды,
Қайыса халық қамын
ойлағанды,
Ардақтап, азамат деп айтқан
абзал
Әрқашан адамдығын
жоймағанды
Әмісе сөзі түзік, ойы
адалды,
Ұнатпас дәсерсітіп
бояғанды,
Қарарға, тіл кеспек жоқ деп
қасқайып,
Қасиетін дар алдында
жоймағанды.
М.Қозыбаев атамыз азаматтық деген сөзге
төмендегідейанықтама берген екен.
-
Азамат-әке шешеніңғана емес, ел баласы болып өскен, елінен ауа
жүріп емес, халқымен бірге өмір кешкен, қиын-қыстау жерде замана
түйінін шешкен парасатты жанды айтады.
-
Азамат - деп ата-ана, ел үмітін ақтаған,Отан сенімін бойтұмар қылып
сақтаған,достың сырын шашпаған,зұлымдық жолын баспаған,сегіз қырлы
бір сырлы арлы жанды айтады.
-
Азамат – деп ата-анасының жанынан ұзап, ат жалын тартып мініп,
қатарынан озып, биіктегіге қол созып, мен боламын, тезірек өсіп
толамын деген екпін де қарымды талапкер жасты айтады.
-
Азамат-деп қиын сәтте тәуекел қайығына қаймықпай мінетін, қас
дұшпанның езуін тілетін, жетім-жесірге, шаршап-шалдыққанға,қайғы
басып қаймыққанға көмекке келіп,шапағатын аямаған ерен ерді
айтады.
-
Азамат - деп ата-анасына, еліне,халқына адал, туысқанға бауырмал,
ізгі жанды айтады.
-
Азамат- деп қай істі болса да өнер деп білген,өмір жолын еңбек жолы
деп сүйген,Отаны үшін жалынға шарпылып,отқа күйген ел перзентін
айтады.
-
Азамат-деп ез болып отыра бермейтін, замана талқысына
көнбейтін,талап пен талантын жегіп,терін төгіп,құлашын кең
сермейтін батыл да батыр өр адамды айтады.
-
Азамат-деп қате басқан жері болса, қайталап түзеп, өз мінін өзі
мінеп,сүрінсе мұқалмай, бір тізерлей тік тұрып,қайта түлеп, озық
кеткен қатарына жетіп,одан әрі өтетін қайран есіл ерді айтады.
-
Азамат-деп алды тар,арты жар күрес жолында өзі құласа да,тіккен
туды құлатпаған,артын шулатпаған,тірісінде есімі аңызға айналған
біртуар ұлын айтады.
Сұрақтар:
-
Алдыңызға қандай мақсаттар қоясыз?
-
Өмірдегі таңдауларыңыз бен қызығушылықтарыңыз қандай?
-
«Азамат» дегенді қалай түсінесіздер?
-
Адамның бойында, азаматтың бойында қандай қасиеттер болуы керек деп
ойлайсыздар?
Сіздің
ойыңызша азамат болу үшін өмірде қандай құндалықтар мен
қағидаларды, ұстанымдарды басшылыққа алу керек?
|
Оқушылар әңгімені тыңдады, мұғалімнің сұрақтарына
жауап бере отырып, шынайы ниеттерін білдіреді.
|
Мөлдір
бұлақтан 1- том 163 бет
|
5. Шығармашылық
жұмыс ( жеке)
(12-15 мин)
|
«Менің
азаматтық ұстанымым» тақырыбына эссе жазу.
|
Оқушылар тапсырманы орындайды
|
Оқулық түрлі қағаздар
|
6. Үй тапсырмасы
(1-2 мин)
|
1. №14 – сабақ. Өздеріңнің
өмірдегі тәртіп ережелеріңді жасаңдар.
2. Келесі сабақ. №15, «Кезек сенікі, келер
ұрпақ...» мәтінін оқып келу.
|
Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.
|
Оқулықтағы 32бетте
|
7. Топпен ән
айту
(2-3 мин)
|
Анамның тілі – аяулы үні
Сөзі: Ш.Смаханұлынікі
Әні: Ә.Тінәлиевтікі
Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: «Жаным»,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай, Бал тілі, әнін.
Қайырмасы:
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – Ай, Күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан
Мектепке
келдім,
Ұстазды
көрдім.
Тыңдадым
сөзін,
Табынып,
сүйіп.
Анамның тілі
–
Аяулы
үні.
Жүрекке
нұрын
Жіберді
құйып.
|
Бәріміз бірге ән шырқаймыз
|
https://matinder.kz/song/kuandyk-rahym/
|
8. Сабақтың
қортынды сәті
(1 мин)
|
Ал енді өздеріңді еркін сезініп, бүгінгі
сабақты ой елегінен өткізіңіздер. Сабақтың ең сәтті кезеңдерін
жүректеріңізде сақтаңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі сабаққа белсене
қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін.
Рахмет!
|
Оқушылар рефлексия жасайды.
|
Ф.Шопеннің "Мечта" аудиожазбасы
https://zvooq.eu/
|