Материалдар / сабақ жоспары 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспары 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімін терең түсуде білімін шығармашылық деңгейге көтеруде өз бетімен жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызы үлкен. Өз бетімен білім алу, өз білімін өзі бақылай алу қағидасы негізінен, оқушының өзін-өзі бағалай білу шеберлігі мен өз білімін белсенді түрде толықтыру мен жетілдіру қабілетін дамытуға қарай бет алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
516
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА

БИСЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Қапарова Гүлзира Бақиқызы

Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 мектептің технология пәні мұғалімі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Технология сабағына қойылатын талап оқушыларға түрлі материалдардың өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру.Оларда қарапайым да тиімді әдісте өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалаптасттыра отырып,оқушыны ізденпаздыққа тәрбиелеуіміз керек.

Бисер тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі.Бұл өнер соңғы кезде қарқынды дамуда. Бисермен түрлі киім-кешектерді әшекейлеп кестелеуге, түрлі сыйға тартуға арналған панно картинка түрлерін жасауға, сәндік бұйымдар сырға, білезік, алқа тоқуға болады.

Бисермен жұмыс жасау әдемілікті, нәзіктікті, талғамды талап ете отыра, оқушы қиялын және шеберлігін дамытуға септігін тигізеді. Оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеуге тиянақтылық деңгейін көтеруге әсер етеді.

Технология пәнінің негізгі мақсаты- оқушының еңбек әрекетін қалыптастыру арқылы оның еңбек дағдылары мен шығармашылық қабілетін арттыру.Бұл пән оқушылардың теориялық білімімен қатар іскерлік қабілеттерін де дамытуға жол ашады. Қай халықтың өнеріне, мәдениетіне көз салсақ, сол халықтың эстетикалық талғамы мен тынысына эстетикалық көзқарасына орай қолөнер түрлерінің дамып отырғанына көз жеткіземіз. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнер түрі де дамып отырған.Бисермен әртүрлі картинка панолар жасауды, алқа тоқуды сабақ жосапрына кіргіздім. Оқушының өз таңдауына ерік бердім. Икеміне қарай оқушы өз таңдауларын жасады. Кейбір оқушылар бисерден сәндік бұйымдар алқа, сырға, қол білезік коллекциясын жасады. Уақыт талабына орай сауда орталығында су моншақтармен кестеленген картинкаларға ұқсатып, панно картинкалар жасады. Бұйымды бастамас бұрын салынған суретке назар аудару керек. Берілген тақырып бойынша қағазда салынған эскиз-жоба керілген мата бетіне карандашпен көшіреміз.

Түр мен түс үйлесімділігін ескере отырып, моншақты матаға бекіту технологиясын қолдана отырып, картинка панолардың ең оңай деген жерінен жұмысты бастаймыз. Бисерді таңдау, онымен жұмыс істеу өте үлкен шеберлікті қажет етеді.

Нәтижесінде оқушылар Өтеміс Тоғжан, «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесін, Орынбасар Ақерке, Байділдә Аягөз «Татулық символы», Сырлыбай Әйгерім «Табиғат аясында», Қалмырзаева Жаңагүл «Киелі аққу», Сапар Салтанат «Жазғұтырым» атты бірнеше өз қиялдарынан туындаған картинка панноларды жасап шығарды. Бисермен жұмыс жасау адам бойындағы ерекше қасиеттер шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, нәзіктілікке тәрбиелейді және әсемдікті өз қолымен жасауға деген бейімділігі қалыптасады. Қыз балалар мектепте қолөнерге бейімделіп бұйымның жасау технологиясын меңгерсе оны өз өміріне қажетіне жаратары сөзсіз. Осылайша біз оқушы қыздарымызды және тұрмыс салтына әсемдікті енгізуге ұмтылатын қасиетке тәрбиелейміз.















Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 мектеп «Бисермен тоқылған алқалар коллекциясы»

9Б сынып Үсеналы Назым



Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 мектеп

«Қожа Ахмет Ияссауи кесенесі» Өтеміс Тоғжан 8Б сынып,

«Татулық символы» Орынбасар Акерке 9В сынып

«Табиғат аясында» Сырлыбай Әйгерім 9Г сынып








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!