Материалдар / Сабақ жоспары : " Ботай мәдениеті". 5-сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары : " Ботай мәдениеті". 5-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 5-сыныпқа арналған жаңартылған бағдарлама бойынша жасалған. Энеолит дәуірінің басты ескерткіші - Ботай мәдениеті, оның ерекшеліктері, орналасуы, одан табылған тарихи артефактілер туралы оқушыларға түрлі тапсырмалар беру арқылы тақырыпты ашу көзделген. Сондай-ақ, сабақ жоспары Блум таксономиясының ойлау деңгейлерін есепке ала отырып, құрылған. Пәндік байланыстар негізінен география, сурет, әдебиет пәндерімен тығыз байланысты өрбиді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
6314
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Cабақтың тақырыбы:

Ботай мәдениеті.

Зерттеу сұрағы: не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды?

Мұғалімнің аты-жөні: Жаленова А.Қ.

Күні: 04.10.2017.

Сынып : 5

Қатысқан оқушы саны -

Қатыспаған оқушы саны-

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

5.4.1.1. ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау.

Күтілетін нәтиже:

-Оқушылардың барлығы: оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмысын орындайды. Сұраққа жауап береді.

-Оқушылардың көбі: топтық жұмысқа белсене қатысады, өз бетінше жұмыс жасайды,сұраққа жауап береді,қосымша ресурстармен, картамен жұмыс жасайды.

-Оқушылардың кейбіреуі: Оқулықтан тыс берілген тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі:

Түрлі тапсырмаларды орындай алады

Тілдік құыреттілік:

Ботай тұрағы

Ресурстар :

Атлас карта, дүние жүзінің саяси картасы, оқулық, тақта, бор, т.б.

Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, топтық , жеке жұмыстар,диалогтық оқыту, т.б.

Пәнаралық байланыс:

Сурет, география, әдебиет

Алдыңғы оқу:

Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер

Сабақтың жоспары



Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті



Жағымды психологиялық ахуал тудыру.


« Сәлемдесу».





Оқушылар сәлемдесудің түр-түрін қолданып, амандасады.


Үй тапсырмасын тексеру.

Білу. Түсіну.

-Неолит төңкерісі деген не?

-мезолиттің уақыт шеңбері ?

-мезолиттегі еңбек құралдары?

-шаруашылықтағы өзгерістер?

-неолиттің хронологиясы?

-мезолит дәуіріндегі табиғаттағы, климаттағы өзгерістер?

Сұрақтарға жауап береді, бірін-бірі толықтырады.

Жаңа білім

Сабақтың деректі материалдары:

-тарихшылар энеолит кезеңін б.з.д. 4-3 м.ж. қамтитындығын айтады. Осы кезеңдегі жақсы зерттелген тұрақ-СҚ Иманбұлақ өзені маңындағы Ботай тұрағы. Оны1980 ж. археолог В.Ф.Зайберт ашты. Оның аумағы-15 га. 158 тұрғын үй қазылған. Олардың көлемі 20 м2-120м2-қа жетеді, үшбұрыш және төртбұрыш түрінде салынған. Төбесі күмбезделіп, бұтақтармен, шыммен жабылған. Үй ортасында ошақ бар. Қабырға бүйірінде ұра бар. табалдырық астына иттерді көмген. 20ж. уақыт зерттеген В.Ф.Зайберт көп олжа тапты. Ботайдан шамамен 70 м. Жылқы сүйегі табылды. Жүген мен кісенге арналған ілмектер табылған. Ботайлықтар туыстарын қоныстағы ескі үйлерге жерлеп, қабырғаларға ондаған жылқы сүйектерін қойған. тотемизм мен бабалар аруағына сиыну болған. Ботайлықтар жылқыны алғаш қолға үйретушілер болған. Сүтін тағам ретінде қолданғанын табылған қыш құмырадағы май қалдықтары дәлелдейді.одан басқа мыстан жасалған бұйымдар, діни наныммен байланысты бойтұмар мен әсемдік заттар олардың дүниетанымы туралы ақпарат береді.


















Қолдану. Талдау.

Берілген мәтін бойынша ұжымдық талдау тапсырмасы . « Тарихи диктант»:


  1. ЭНеолит дәуірінің сипаттамасы----------

  2. Уақыт межесі------

  3. Энеолиттің уақытын уақыт сызығына орналастыр-----

  4. Ботай тұрағының табылған жері--------------------------

  5. Тұрақты кім ашты, қашан?

  6. Тұрақтың көлемі-----------

  7. Қанша үй табылды?------

  8. Үйлердің көлемі?--------

  9. Салыну ерекшелігі-----------

  10. Төбесі ------------------------

  11. Ошақ ----------------

  12. Олжалар---------------------

  13. Қорымдары ---------------------

  14. Табылған жылқы сүйегі-----

  15. Табалдырыққа көмілді-





Берілген мәтін бойынша ұжымдық тапсырмаларды орындайды, сұрақтарға жауап іздейді.

«Анықтаңдар» тапсырмасы:

  • Қой мен ешкі,сиыр – (Оңт-Бат.Азияда;)

  • Тауық пен шошқа-(Қытайда;)

  • Есек пен мысық –(Африкада);

  • Лама мен күркетауық-(Оңт.Америкада);

  • Ит- (Таяу Шығыста);

  • Жылқы-(Қазақстанда алғаш қолға үйретілген.)



Оқушылар жеке іздену сұрақтарына жауап беріп, елдерді анықтайды. картамен жұмыс жасайды.

Оқушы білімін бекіту.



Жинақтау.


Бағалау.


Оқушыларды 3 топқа бөліп, тапсырмалар беру:

1-топқа: Ботайдан табылған еңбек құралдары мен қару-жарақтардың ерекшеліктерін көрсетіңдер.(3)

2-топқа: Баспаналарының ерекшеліктерін (3) атаңдар.

3-топқа: Ботайлықтардың кәсіптерін атаңдар. (табылған олжаларды зерделеу).



Оқушылар топтық жұмыстарды орындайды,

Ой қорытады.

Үйге тапсырма

§ 13 –мазмұндау:

-«Ботайлықтардың күнделікті өмірі қандай болған?» деген тақырыпта табылған артефактілермен байланыстыра отырып, тарихи мақала жазып келу.



Үй тапсырмасын (мақала жазу) қабілетті оқушылар орындайды.

Бағалау.



Кері байланыс.

Формативті бағалау.




Оқушылардың өзін-өзі бағалауы,


Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу.

Сабақ жөнінде мұғалімнің рефлексиясы










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!