Сабақ жоспары " Өз ұрпағына жеті атасын үйрету " 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары " Өз ұрпағына жеті атасын үйрету " 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне жарияланған
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып

Сабақ тақырыбы:  Өз ұрпағына жеті атасын үйрету

Сабақ мақсаты:

              білімділік: оқушыларға өз елін, жерін, қадірлеуге, улкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетіп, жеті атасын білуге баулу.

            дамытушылық: сөздік қорын байытып, зейінін тұрақтандырып, ойлану, салыстыру қабілеттерін арттыру.

тәрбиелік: ата-баба аруағына тәу етіп, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбаттасу.

Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықтан мақалдарды жаттау.

ІІІ. Жаңа материалды зерделеу.

Сөздікпен жұмыс

Ата – дедушка

Әже – бабушка

Нағашы – родственники по линии матери

Жиен – племянник, племянница по женской линии

Немере – внук

Шөбере – правнук

Туыстар – родственники

Өскенде, ержеткенде  – взрослый, зрелый

Көргенділік, тәрбиелік – воспитательный

Ерлік, өжеттік, батырлық – мужество, упорство, упрямство, геройство

Әңгіме шерткен, әңгіме айтқан – обсуждали

Дәстүр, салт, әдет-ғұрып – обычаи и обряды, традиция

«Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын білер.
Жеті атасын білмеген
Құлағы мен жағын жер»,
 – деген жүйелі сөз көп мағынаны білдіреді.

 1.Ата. 2.Әке. 3. Бала. 4. Немере. 5. Шөбере. 6. Шөпшек. 7. Немене.

 Мәтінмен жұмыс

Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі бар.
    Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр.

Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан.
Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды 

Жазбаша бірнеше сұрақтар құрастырып; дәптерге жаз

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Оқулықтағы өлеңді рөлмен кезектесіп оқыңдар, тыңдаңдар.

2-тапсырма. Оқулықтағы берілген тірек сөздерді оқу..

 ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру:

Тақырыптық жаңа сөздерді жаттау.

 V. Қорытындылау.

 VI. Бағалау.  Өзін-өзі бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
700
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі