Материалдар / Сабақ жоспары " Қатты денелердегі қысым" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары " Қатты денелердегі қысым" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 7 сыныпқа физика пəнінен сабақ беретін мұғалімдер үшін өте қажетті. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, еңбек пен шығармашылыққа, өмір бойы білім алуға дағдыландыру үшін қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3200
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:№176 мектеп-гимназия

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сыдыққұл Индира Ернатқызы

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қатты денелердегі қысым

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

7.3.1.2 қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау

7.3.1.3 есептер шығаруда қысымның формуласын қолдану

Сабақтың мақсаты

  • Белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат алды.Қысымның физикалық мағынасын түсінеді

  • Белгілі бір бетке түсетін қысымның күнделікті өмірде ,формуласын есеп шығаруда қолдана біледі және қорыта алады

  • Теориялық білімін өмірде қолдана алуға үйренеді

Бағалау критерийі

-оқушы қысым ұғымын түсіндіре алады

-есептер шығаруда формулаларды дұрыс қолдана алады және өлшем бірліктерін қорыта алады

-жұмысқа арналған құралдарды дұрыс пайдалана алады

-математикалық есептеуді дұрыс жүргізе алады

-жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтайды

Тілдік мақсаттар

қазақша

орысша

ағылшынша

Қысым

давление

Pressure

Аудан

площадь

Area

Күш

сила

Force

Негізгі сөздер мен тіркестер:қысым,Ньютон,Паскал,масса,күш,ауданды ,скалярлық.векторлық шамаларды қолдана алады

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Белгілі бір бетке түсетін........әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама........ екенін көрсете алады



Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық ,ынтымақтастық,өмір бойы білім алу

Қысым ұғымын түсіндіру негізінде оқушыларды еңбек пен шығармашылыққа баулу.Күнделікті өмірде қысым ұғымы жиі кездесетіндігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу арқылы оқушыны өмір бойы білім алуға баулу


Пəнаралық байланыс

Жаратылыстану және математика,химия, орыс және ағылшын тілдері

Алдыңғы білім

Заттардың молекулалық құрылымы негізінде қатты денелердің.сұйықтар мен газдардың құрылымын сипаттай біледі

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы





    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

.«Шаттық шеңбері»әр оқушы өз жұбына тілек айтады.

1.3.Жұптық жұмыс.Алдыңғы білімдерін пысықтау«Бос орынды толтыр»әдісі б/ша

Физикалық диктанталынады.

  • МКТ –ның негізгі қағидасын ұсынған........

  • Қатты заттар ..... мен .......сақтайды.

  • ....... кез келген көлемді алады

  • Сұйық заттар .......қасиетке ие

  • Барлық заттар .......тұрады

Әрбір жұпқа таратылым материалдары беріледі,ондағы бос орындарды толтыру тапсырылады.

Жұмыстарын ауыстырып ,жұптар бір-бірінің жұмысын тексереді./дәптермен жұмыс/

/Интербелсенді тақтада дұрыс жауап беріледі/


1.4.Топқа бөлу«Сұрақты ұстап алу» әдісі

бойынша сұрақтар қойылады

  • Дененің инерттілігінің өлшемі?

  • Бір дененің екінші денеге әсері?

  • Ұзындық пен еннің көбейтіндісі?

Дұрыс жауаптары бойынша 3 топқа бөлінеді


Кітап,дәптер,түрлі –түсті стикерлер,суреттер,есептер жинағы,электронды оқулық

Ғаламтор желісі,топ аты жазылған парақшалар


ТShape3 Shape1

масса

Shape2

күш

аудан

аратылым материалдар

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс/мәтінмен жұмыс/

Ой қозғау:

Масса тобына-иненің ұшы болмаса тігу қиын,үшкір инемен тігу оңай.Неге?

Күш тобына-өтпейтін пышақпен кесу қиын,өткір пышақпен кесу оңай.Неге?

Аудан тобына-шегені ұшымен қабырғаға қағу оңай,қалпағымен қағу қиын .Неге?

/оқушылар проблемалық сұрақтың жауабын табу үшін топ ішінде талқылайды қорытынды жасайды.

Мәтінмен жұмыс жасайды.Мәтіннің мағынасын ашу үшін тапсырмалар беріледі

Тапсырма №1

Суреттегідей қойылған кірпіштер жерге бірдей қысым түсіреді ме?


Дескриптор: Білім алушы - қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндірді


Тапсырма №2

Суға түсіп кеткен адамды құтқарушы балалардың қайсысының әрекеті дұрыс. Себебін түсіндіріңіз


Дескриптор: Білім алушы - қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасады

«Ой тастау» әдісібойынша оқушыларға осы тақырыптан есеп беріледі.Есептерді әрқайсысы шығарады.

Есеп №1.

Вагонның барлық дөңгелектерінің рельстермен түйісу ауданы 0,001 м2. Егер осы вагонның массасы 30 т болатын болса, онда оның жерге түсіретін қысымы қандай?

Есеп №2

Асфальт төсейтін каток жерге 400 кПа қысым түсіреді, каток тірегінің ауданы 0,1 м2. Катоктың салмағы неге тең?


Есеп №3

Мұз 90кПа қысымға төтеп береді.Осы мұздың үстімен массасы 5,4 т,шынжыр табанының ауданы 1,5 м2трактор өте алама?

«Веер » әдісі бойынша дәптерді айналдыра отырып есепті тексереміз.

Дескриптор:

-шартын оқиды

-ХБЖ-ға келтіреді

-қысымға байланысты формуланы жазып,есептейді

-шыққан мәніне қарап салыстырады




Ине,шеге.пышақ









Әр түрлі пішінді тақтайшалар

























Есептер жинағынан алынған есептер

Сабақтың соңы

Қорытынды/бекіту/ Жеке жұмыс:

.Теориялық білімін өмірмен байланыстыру негізінде бекіту сұрақтары беріледі

  • Суретте көрсетілген күректердің қайсысымен жұмыс істеу женілірек және неліктен?

  • Күректердің аяқ тіреп күшпен басатын қырын неге сыртына қарай қайырып жасайды?


Дескрипторлар: Білім алушы - қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндіреді,өмірде қолдана



«Шатасқан баулар» әдісі


Мына шамалардың скаляр немесе векторлық болатынын анықтап, сәйкес бағанға белгі қойыңыз.

шамалар

физикалық

векторлық

скалярлық

масса


+

күш

+


аудан


+

қысым

+



Дескрипторлар:

Білім алушы - берілген шамалардың ішінен скаляр және векторлық шамаларды анықтады

Р е ф л е к ц и я:


Оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын

«Үміт ағашы» саябағында білдіреді.

«Түртіп ал »әдісі бойынша үй тапсырмасы беріледі.






Әр түрлі пішінді күректер макеті














Алдын ала дайындалған кесте

Интербелсенді тақтада





















Алма кесінділері







Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

-Дарынды оқушыларға логикалық сұрақтар,есептер беріледі.

-Тақырыпқа байланысты тапсырмалар беріледі


  • «Бос орынды толтыр»әдісі

  • «Сұрақты ұстап алу» әдісі

  • «Блум таксономиясы»

/Білу.Түсіну.Қолдану.Талдау/

  • «Ой тастау» әдісі

  • «Веер » әдісі

  • Шатасқан баулар әдісі

  • Рефлекция «Үміт ағашы»

  • Түртіп алу әдісі

  • Кері байланыс

  • Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау

  • Еңбекті қорғау ережелерін сақтау

  • АКТ ны қолданғандағы

қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойыншарефлексия


Сабақ мақсаттары

немесе оқу

мақсаттары шынайы,

қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу

мақсатына қол

жеткізді ме? Егер

оқушылар оқу

мақсатына жетпеген

болса, неліктен деп

ойлайсыз? Сабақта

саралау дұрыс

жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде

уақытты тиімді

пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан

ауытқулар болды ма

жəне неліктен?





Жалпы бағалау/мұғалім сабақ соңынан кейін өз сабағына баға береді/


Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!