Материалдар / Сабақ жоспары : Қазыбек бидiң толғауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары : Қазыбек бидiң толғауы

Материал туралы қысқаша түсінік
қстаздарға керек болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
693
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қазыбек бидiң толғауы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Білімділік: Оқушылардың ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы әдеби білімдерін кеңейту, шешендік сөздер туралы мәлімет беру, билер мен шешендердің сөздерін талдау.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, татулыққа баулу, елжандылыққа тәрбиелеу
3. Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша материалдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: «Билер сөзі» шешендік толғау, арнау

Психологиялық ахуал

Қазыбек бидің толғауы
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма -
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын - қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Ө мірбаяны

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

      - Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман,

—      Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман.

—      Үш дегеніміз- үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

—      Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман.

—      Бес дегеніміз –белсеніп шыққан жау жаман.

—      Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман.

—      Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса, сол жаман.

—      Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.

—       Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімде бас көрсетпесе, сол жаман.

—       Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген, — дейді Қаз дауысты Қазыбек.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!