Пәннің
аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың
атауы
|
Адам денесінің тірек-қимыл
қозғалыс мүшелері. Қаңқа.
|
Мақсаты
Күтілетін
нәтиже
|
1. Оқушыларды «қаңқа», «бұлшық
ет» түсініктемелерімен және олардың қызметімен таныстыру; бұлшық
етті нығайтудағы еңбек пен дене шынықтырудың маңызын түсіндіру.
2. Бақылағыштықты, білімге деген белсенділігін дамыту, мәтінмен
жұмыс істеуді үйрету.
3. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу (гигиена,
дене шынықтыру, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану),
Жоспарланатын нәтиже:
Пәндік нәтиже: адамның тірек-қимылын жүйесі мен олардың маңызын
білу; салауатты өмір салтын сақтау;
Тұлғалық нәтиже: салауатты өмір салтын сақтауынан, өз-өзіне қызмет
етуінен, тазалық ережелерін сақтауынан көрініс табуы тиіс;
Жүйелі-әрекеттік нәтиже: қосымша ақпаратты жинақтау және олардың
қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана алу.
Жұмыс түрі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топтық жұмыс,
оқулықпен жұмыс.
Қажетті құралдар: «адам қаңқасы» тақырыбы бойынша демонстрациялық
материалдар; дене жаттығулары бейнелейтін әртүрлі суреттер,
проектор
|
Психологиялық
ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім
аламыз.
|
Оқушылар шеңберде
жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік
тілейді.
|
Қызығушылықты
ояту
Мағынаны
тану
I Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
II Өтілген тақырыпты бекіту
- Өткен сабақта біз не туралы айттық? (Терінің ағзаның қорғаныс
мүшесі екендігін, оның атқаратын қызметін)
- Онда тақырыпты қалай меңгергендеріңді сұрақ-жауап арқылы тексеріп
көрелік.
- Тері қандай қызмет атқарады?
- Тері үшін одан бөлінетін май мен тердің маңызы қандай?
- Адам неліктен өз терісін күтуі қажет.
III Сабақтың мақсаты мен міндетін қою
- Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау үшін төменде берілген
ребустарды топпен шешіңдер. Топпен
жұмыс.
1-топ: ребустың шешуі: қаңқа
2-топ: ребустың шешуі: тірек
3- топ: ребустың шешуі: бұлшық ет
4-топ: ребустың шешуі : сіңір
Негізгі сөздер тақтаға жазылады : қаңқа, тірек, бұлшық ет,
сіңір.
- Бұл сөздер өзара қалай байланысады?
- Берілген негізгі сөздерді пайдалана отырып, бүгінгі сабақтың
тақырыбын анықтап көріңдер (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
- Ондай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тірек қимыл жүйесі.
Қаңқа және бұлшық ет»
IV Білімді белсендіру
«Миға шабуыл» стратегиясы
- «Қозғалыс – тіршілік » дегенді қалай түсінесіңдер?
VI. Жаңа материалмен жұмыс
Топтық жұмыс. RWL стратегиясы. (Сурет бойынша оқушылар өзара
пікірлесіп, талқылайды және кестені толтырады).
- Адам қаңқасына шолу жасау. Адам қаңқасының маңызы мен
қызметі.
- Бұлшық етке шолу жасау. Бұлшық еттің маңызы мен қызметі.
Не білемін? Не білгім келеді?
Өзекті сұрақ: «Қаңқа мен бұлшық ет өзара қалай байланысты?»
- Бас, кеуде, қол және аяғыңды ұстап көр. Не байқадың. Тері астынан
не сездің? (Тері астында сүйек және бұлшық ет бар.)
- Барлық сүйек нені құрайды? (Қаңқа)
- Қаңқаның қызметі қандай? (Адам денесінің тірегі, іш ағзаларды
зақымданудан қорғайды?)
- Сүйектердің жалпы саны қанша? (Ересек адамда 206—дай пішіні мен
көлемі әртүрлі сүйек болады.)
- Қаңқа қандай негізгі сүйектерден тұрады? (Бас сүйек, кеуде қуысы,
омыртқа жотасы, төс және аяқ-қол сүйектерінен)
- Ойланыңдар! Бас сүйектің маңызы қандай? Кеуде сүйектердің ше?
Аяқ- қол сүйектері ше?
• Бас сүйек миды зақымданудан сақтайды.
• Кеуде сүйегі жүрек пен және бауырды зақымданудан сақтайды
• Қол сүйектері (иық белдеу) қол мен дененің қозғалмалы жәнк берік
байланысуын қамтамасыз етеді.
• Аяқ сүйектері (жамбас белдеулері) аяқтың қозғалмалылығы мен
беріктігін қамтамасыз етеді. Қорытынды:
- Қаңқаның қызметі қандай?
Қаңқа
Тірек Қорғаныс
|
Сергіту
сәті
|
Орманда кірпі
келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой
толғаныс
|
Пікірталас ұйымдастыру.
- Балалар, сүйексіз адамдар өмір сүре алар ма еді?
Сүйексіз дене қандай болар еді?
- Адам денесінің қимыл-қозғалысы үшін тек қаңқа мен бұлшық ет қажет
пе? Қалай ойлайсың?
- Сүйектер бір-бірімен қалай жалғасады және бұлшық ет сүйектерге
қалай бекітілгенін кім түсіндіріп бере алады? (Сүйектер бір-бірімен
буын арқылы жалғасады. Бұлшық ет сүйектерге сіңірмен
бекітіледі)
Бақылау (сергіту сәті)
• Бастарыңды оңға, солға бұрыңдар
• Кеуделеріңді оңға, солға бұрыңдар
• Аяқ-қолдарыңды бүгіп, жазыңдар
- Денеміз ненің көмегімен қозғалатынын түсіндіру
- Тәжірибе жасап, бұлшық ет жұмысын анықта
- Бұлшық ет сүйектер мен буындарды қозғалысқа келтіре ала ма?
Қорытынды: Бұлшық ет жиырылуы және босауы мүмкін,т.с.с.
(Оқушылардың жауабы)
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы мәтінді жұптасып оқиды және карточканы
толтырады.
1. Қаңқа денесінің тірегі және ішкі ағзаларды қорғайды.
2. Бұлшық ет сүйектерге арқылы бекінген.
3. Қаңқа мен бұлшық ет өзара бірлесіп жүйесін құрайды.
4. Тірек-қимыл жүйесінің мақсаты-организмді қамтамасыз ету.
Дәптермен жұмыс.
1. Қаңқа сүйектері мен бұлшық ет атауларын есіңе түсір және
жаз.(суретпен жұмыс)
2. Дене жаттығуларының рөлі жайында алынатын сұхбат бойынша 3-4
сұрақ құрастыр және топ мүшелерімен оны талқыла
Өзекті сұрақ: «Қаңқа мен бұлшық ет өзара қалай бірлесіп жұмыс
істейді ?» Талқыла
VI Білімді бекіту
«Атауы бойынша тап!» ойыны. Мұғалім адам сүйектерінің аттарын
атайды. Оқушылар өз денесінен сол сүйектерді көрсету
қажет.
|
Үйге
тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып
беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау
және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын
толтырады.
|
Кері
байланыс
|
|
Смайликтерді өзі
қалаған нұсқаға жабыстырады
|