Сабақ жоспары "Адамзаттың пайда болуы".

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Адамзаттың пайда болуы".

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихынан 5 сыныпқа сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақстан тарихы

Сыныбы : 5 а, ә, б.

Мерзімі: 12.09.2018ж

Тақырыбы

§3-4. Адамзаттың пайда болуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1- алғашқы адамдардың антропологиясын сипаттау

5.1.2- австралопитектің жетілген маймылдардан айырмашылығын түсіндіру

5.1.3- алғашқы адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігін шығармашылық тұрғыда көрсету (әңгіме, сурет).

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушы:

-адамның даму кезеңдерін сипаттай алады

- ежелгі адамдардың түрлері мен олардың атауларын атай алады.

- питекантроп пен синантропты сипаттай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

-питекантроп пен синантропқа салыстырмалы сипаттама бере алады;

-ағылшын антропологтары Р.Дарт пен Л.Люистың ашқан жаңалықтарының мәнін түсіндіре алады;

-австралопитектердіің жетілген маймылдардан айырмашылығын таба алады;

-адамдарды маймыл тектестерден (приматтардан) айыра алады;

-топпен немесе жұп болып жұмыс істей алады.

Кейбір оқушылар:

-адам мен маймылды біртектес деп санауға бола ма дегенді негіздей алады.

Тілдік мақсаттар

Амандасу Негізгі терминдер:

Епті адам- home habilis, автралопитектер, тікжүретін адам –homo erectus, синантроп, питекантроп, неандертальдық, саналы адам –homo sapiens.

Сабақта диалогке немесе жазу үшін қолданылатын тіл.

Талқылауға берілетін сұрақтар:

1.Ежелгі адамның аңдардан ерешелігі неде?

2. Палеонтология ғылымы немен айналысады?

3.Маймыл тектестер (приматтар) деген кімдер?

4.Адамның арғы аталары неге климаты жылы жерлерді мекендеген?

5.Ағылшын антропологтары Р.Дарт пен Л.Люис қандай жаңалық ашты? Олардың ашқан жаңалықтарының маңызы қандай?

6. Автралопитектердің жетілген маймылдардан айырмашылығы неде?

7.Сендер көрсетілген белгілердің қайсысы негізгі деп ойлайсыңдар ?

Өткен сабақта алған білім

-Ежелгі Қазақстан тарихын зерттеуші қазақстандық ғалымдар:

-Ә.Х. Марғұлан;

-Тарихи географиялық ұғымдар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дерексөздер

0-2мин

Оқушылардың мұғаліммен амандасуы

Сабақ өткізу қолайлы психологиялық ахуал жасау

Денешынықтыру жаттағулары

Электронды қосымша

3-15мин

Оқушылардың өзіндік тәжірибесін өзектілендіру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар критерийлі бағалауды қолданады

  1. «Қазақстандық танымал тарихшылар » деген тақырыптағы ауызша хабарлама.

Хабарлама критерийлерге сәйкес болу керек :

1.Пікірдің мазмұндылығы мен нақтылығы.

2.Сөйленген сөздің дәлелді, нанымды болуы. 3.Сөйлеу мәнерлілігі.

2. Тест

1.«Тарихтың атасы» аталған ежелгі грек ғалымы: а)Птоломей: ә)Сократ: б) Геродот.

2.Кейінгі қола дәуірі өркениетінің ірі ошағы – Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқан және Орталық Қазақстан археологиялық эқспедициясының ұйымдастырушысы мен басшысы:а)К.А.Ақышев; ә)Ә.Х,Марғұлан; б)Х.А.Алпысбаев.

3.Тас дәуірін зерттеген қазақстандық белгілі ғалым:

А)К.А.Ақышев; ә)А.Х.Марғұлан;б)Х.А.Алпысбаев.

4. Темір дәірін зерттеген:

а)К.А.Ақышев ә)К.М.Байпақов; б)Х.А.Алпысбаев

5. Орта ғасыр дәуірін зерттеген :

а) К.А.Ақышев; ә) К.М.Байпақов; б) Х.А.Алпысбаев

6.»География» ғылыми еңбегінің авторы:

а) Страбон ә) Сократ; б) Геродот.

7. «Тарих» ғылыми еңбегінің авторы:

а) Страбон ә) Сократ; б) Геродот.

8. «Өткен тарихты білмей, қазіргіні білу қиын, болашақты болжау мүмкін емес» деген сөзді айтқан ұлы ойшыл:

а) Геродот; ә) Әбу Насыр әл-Фараби; б) Гомер.

9. «Тарих» термині ежелгі грек тілінде бастапқыда мынадай мағына берген: а)»өнер»; ә) «зерттеу», анықтау»; б) «құрылғы».

10. «Тарих» сөзі алғаш рет мына ежелгі грек ғалымының еңбегінде қолданылды: а) Әбу Насыр әл-Фараби; б) Геродот; ә) Сократ.

Бағалау критерийі: «5» - 10 балл; «4» - 9-8 балл; «3» - 7-5 балл; «2» - 4-0 балл

Бағалау жадынамасы








Өзін – өзі бағалау парақтары




Тест материалдары

16-22 мин

Жаңа материалды меңгеру кезеңі. Оқулықпен жұмыс 1-тапсырма.

1-бөліктің алғашқы төрт абзацын оқыңдар. §3-4. Адамзаттың пайда болуы. Дидактикалық материалдардағы тапсырманы орындаңдар, берілген ұғымдарға анықтама беріңдер.

Сұрақтар бойынша әңгімелесу: -Палеонтология ғылымы немен айналысады?

-Маймыл тектестер (приматтар) деген кімдер?

-Адамның арғы аталары неге климаты жылы жерлерді мекендеген?

-Ағылшын антропологтары Р.Дарт пен Л.Люис қандай жаңалық ашты? Олардың ашқан жаңалықтарының маңызы қандай?

2-тапсырма.

«Шетіне жазу» тәсілі. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.

Мұғалім: «Шетіне жазу» тәсілін қолдана отырып, 1-бөлікті аяғына дейін оқыңдар.

Тапсырма: Мәтінмен жұмыс жүргізіп, оқулықтың шетіне қарындашпен белгі салыңдар: «!» - таныс ақпарат; «+» - жаңа ақпарат; «- » - басқаша ойлайтынмын;

«?» - түсініксіз. Талқылау

Оқулық

23-27 мин

Оқушылардың топпен жұмысы 3-тапсырма. Топпен талқылаңдар:

Мұғалім: Сендер антропогенездің оңтүстік маймыл тектес адамдар – автралопитектерден бастау алғанын білдіңдер. Олардың жетілген маймылдардан өзгеше төрт белгісі болды. Топпен талқылаңдар:

Сендер көрсетілген белгілердің қайсысы негізі деп ойлайсыңдар?

4-тапсырма. «БҮБ таңбалау кестесі» тәсілі

Тапсырма: таңбалау кестесінің 2 және 3 – бағандарын толтыруды жалғастырыңдар.


28-35 мин

Жаңа білімді тексерудің бастапқы кезеңі

5-тапсырма. (Оқулықпен жұмыс). Дидактикалық материалдардағы тапсырма. Терминдерді сәйкестендіріңдер:

1

Тік жүретін адам

Homo habilis

2

Епті адам

Homo sapiens

3

Саналы адам

Homo erectus

6-тапсырма.

Дидактикалық материалдар. 3-тапсырма. Артығын табыңдар. Автралопитектер жетілген маймылдардан мынадай белгілермен өзгешеленеді:

а) тік жүретіндігімен; ә) құрал жасай білуімен; б) тұрғынжай сала алуымен;

в) бас бармағы басқаларына қарағанда 90 градуста орналасқандығымен;

г)сөйлеген сөзінің анықтымен; д) миының көлемімен.

Оқулық


Дидактикалық материалдар

36-37 мин

Үйге берілетін тапсырма жөніндегі мәлімет

3-4 параграфтың 1-бөлігі; тақырыптан кейінгі 4-тапсырма: «Адамның даму кезеңдері» кестесін толтыруды бастаңдар («автралопитек» пен «неандерталбдық» бағандары).

Қосымша тапсырма: Дидактикалық материалдардағы 4-тапсырманы орындау.


38-40 мин

Сабақты қорытындылау. Рефлексия

М ұғалім оқушыларға мына жадынаманы ұсына отырып, өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылауды тапсырады:

қиындық тудырады

жаңа білімді меңгерді, алайда оған әлде де көмек керек

жаңа білімді меңгеріп, оны қолдана алуды үйренді


Қорытындылау.

Бағалау:

Бағалау жадынамасы

Өзін – өзі бағалау парақтары






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2018
1913
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі