Материалдар / сабақ жоспары "Африканың халқы " 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспары "Африканың халқы " 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2018
762
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ№__54______ Сыныбы___11 «А»___ Күні__5.04.2018ж._

Тақырыбы: Африканың халқы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Африканың халқы, ұлттық, діни, тілдік, жастық, жынысттық құрамдары, халық тығыздығы жөнінде түсіндіру.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Африканың халқымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1.жеке жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс.

3. суретпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта, тірек-сызба, кесте т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Почта әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

Африкадағы ұлттық саябақтардың ең маңыздылары?

Африка жерінің қанша пайызы орман алқабы алып жатыр?

Мұнай мен газдың ірі кен орындары?

Кобальт пен мыс ірі кен орындары?

Африканың су ресурстары?

Энергетикалық ресурстары?

Экологиялық жағдайы?

Жер бедері?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Африканың халқы жайлы білімдерін қалыптастыру : видеоролик көру


2. Жоспар бойынша балаларға тақырыпшаларды таратып беру. Бұл тапсырмада балаларға тақырыпшалар таратылып,жаңа сабақпен танысуға 5 минуттай уақыт беріледі.Уақыт өткеннен кейін балалар тақтаға шығып бір-біріне тақырыпты түсіндіреді


Жоспар:

1)Африка халқының құрамы

2)Халықтың ұдайы өсуі мен орналасуы,урбандалу дәрежесі

3Еңбек ресурстары

3.Сергіту сәті

«Джунглидегі жаңбыр» Мақсаты: Иық. мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу. Уақыты: 2-3 минут Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз.


4. 217 беттегі 31 суретпен жұмыс


5.219 беттегі 32 суретпен жұмыс


Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Африканың халқы?

2. Африканың ұлттық құрамы?

3. Африканың тілдік құрамы?

4. Африканың діни құрамы?

5. Африканың халық тығыздығы?

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: §51. Мазмұндау

2) 221-беттегі сұрақтарға жазбаша жауап келу.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!