Қысқа мерзімді жоспар
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары. Әлемнің жеті кереметі. 6-сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән:Қазақ әдебиеті Тарау: Әлемнің жеті кереметі.Лексикография. Бөлім: Жеті ғажайып сыры |
Мектеп: №81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясы Тексерген: З.Ж.Джылыбаева___________ Мұғалімі: Мұхтариханова А.Н |
|||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
6.1.5.1 – тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру 6.4.1.1 – тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфаграфиялық нормаға сай жазу. |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: ақыл-ой мен сезім талғамының арқасында адамның саналы жан иесі ретінде басқа тірі табиғаттан ерекшеленетінін тереңдете отырып,өз еліміздегі және әлемдік деңгейдегі мәдени-тарихи мұралармен танысады Оқушылардың көпшілігі: Мәтінді тез және тиімді оқып түсіну, керек ақпаратты жылдам тауып, өңдей алады; Оқушылардың кейбіреуі: Мәтінді тиімді оқып-білу жолын меңгереді; Астарлы ойдағы маңызды ақпаратты креативті жеткізіп, дербес ой білдіреді. |
|||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Мәтін құрылымын сақтайды; Құрылымына сәйкес жоспар құрады; Мәтіндегі сөздерді орынды қолданады; Мәтіндегі сөздердің тиімді қолдануын түсіндіреді. |
|||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Орфоэпиялық норманы сақтай отырып, мәтіндегі сөздерді атайды, жазады, орынды қолданады; Біріккен сөздерді дұрыс жаза алады |
|||||||||||||||||
|
Құндылықтар |
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, сыпайылық, әдептілік мәдениетін қалыптастыру. |
|||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
География |
|||||||||||||||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
Ұлттық құндылықтардың бастауы, Туған жерім – тұғырым, Әке – тірегің, ана – жүрегің. |
|||||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) |
Дереккөздер |
||||||||||||||||
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 4 минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды шеңберге тұрғызамын және аталған сәлемдесу түрлерін қайталамай кезекпен амандасуды ұсынамын; Ширату жаттығулары: «Шеңберге жиналу уақыты» әдісі Өткен сабақты еске түсіру мақсатында берілген тірек сөздерді пайдаланып, шеңбер бойымен оқушылар ойды жалғастырады: Тіл туралы мақал-мәтелдер және қанатты сөздер айту керек Тірек сөздер: «Меніңше ...» «Бұл рас ...» «Себебі ...» Оқушыларды ретімен санақталуын сұрап, топтаймын. |
https://www.youtube.com/watch?v=KdUNN6be5go |
||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 7 минут 7 минут 7 минут 2 минут
|
Кіріспе: «Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады,қасиетті сан болып есептеледі. Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді. Оқушылар таратып берілген карточкадағы мәтіндерді оқып шығады. Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну). Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық. Жеті жетім. Тыңдамаған сөз жетім. Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім. Жеті ғашық. 1.Ләйлі – Мәжнүн, 2.Жүсіп – Зылиха, 3.Фархад – Шырын, 4.Тахир – Зухра, 5.Арзу – Қамбар, 6.Уәлик – Ғарра, 7.Уәки – Күлшаһ. Жеті жазба, жеті ашу, жеті шырақ, жеті басты дәу, жеті нота, жеті батыр, аптаның жеті күні, жеті жел, жеті қат жердің асты, жеті таудың арғы жағы, жеті, жеті, жеті... Соның бірі өлімге себепкер болатын жеті күнә: тамақсаулық, жалқаулық, нәпсіқұмарлық, өркөкіректік, ашу, қызғаншақтық және сараңдық. Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Видео көрсету. Слайд. Хеопс пирамидасы. 2. Семирамида аспалы бағы.
Семирамида аспалы бағы
Артемиданың ғибадатханасы
Галикарнас мавзолейі
Родос алыбы
Александрия маягы Бәрінің білетін «фара»(үлкен шам) атауы әлемнің жетінші «кереметінен»шыққан.Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында, Алексрандия қаласының қасында, жаңа заманнан бұрынғы 280 жыл шамасында ежелгі дүниенің үлкен маягы﴾шырақ﴿ орнатылған.
Дәптермен жұмыс. 3-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша талдау кестесін толтырыңдар.
Кері байланыс: Топ бақылаушысы бұл тапсырманы орындау кезіндегі топтың жұмысына кестеге сәйкес шартты белгілермен баға береді.
Рефлексия: «Шығу парағы» пайдаланып төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.
Үйге тапсырма. 5-тапсырма. |
https://qamba.info/site/book/online
|
||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 минут
|
|
|
||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс |
||||||||||||||||
|
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
||||||||||||||||
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||
|
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз














