400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары. "Ақыл-парасат,ерік-жігер және жүрек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақыл-парасат,ерік-жігер және жүрек тәрбиесі туралы түсінік бере отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзiтану сабағы


Күні: 4.09.2018 ж

Мектеп: «Ақтоған шағын орталықты орта мектебі»

Сабақтың тақырыбы: Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек (1 сабақ)

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік

Мұғалім: Асанбекова С.Е

Сынып: 7а

Сабақтың мақсаты:

  • ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек тәрбиесі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.



Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті

Көзімізді жұмамыз,терең тыныс аламыз.

Бүгін су астына саяхат жасаймыз. Көз алдыңызға мұхит жағасын елестетіңіз. Толқынның бір -бірімен алысқан шолпылына, шағаланың даусына құлақ түріңіз. Жалаң аяғыңыздың астындағы құмды сезініңіз. Мұхиттың ортасындағы қара нүктеге сіздің көзіңіз түсті. Ол нүктенің жақындап келгенде кит екенін білдіңіз. Ол сізді мұхит астына саяхат жасауға алып кетуге келді. Ақырын киттің арқасына отырып, мұхиттың астына саяхатқа кеттіңіз. Киттің арқасында отырып, өзіңізді жайлы және қауіпсіздікте сезіну, су түбіне саяхат жасау қандай тамаша!Айналаңызға назар аударыңыз: кемпірқосақ секілді бір-бірінен өткен әдемі, түрлі түсті балықтар көздің жауын алады. Мұхиттың түбіне терең жүзе отырып, айналаңыз қалай өзгергенін байқайсыз,әдемі су өсімдіктері су түбінде қалқиды. Қараңыз қандай үлкен балықтар, ал енді келесі жаққа қараңыз,қандай үлкен сегізаяқ, ол сізге күлімсіреп қарайды, жүзі жылы. Су астында қандай қызықты әлем! Сездіңіз бе, мұнда қандай тыныштық?! Өзіңізді толық тыныштықта сезініңіз.

Ал қазір жоғарыға өзіміздің әлемге кетуге дайындалыңыз. Айналаңызды есте сақтардай тағы қарап шығыңыз. Айналаңыздағы су асты әдемі гүлдерге және бойыңыздағы тыңыштықты сезініңіз. Бұл тыныштық сізге таза аудай әсер етеді.

Кит сізді келген жолыңызбен су бетіне шығарады. Киттен түсіп,сізге жақсы саяхат жасатқаны үшін оған алғысыңызды айтып, ол алыстап кеткенше көзбен шығарып салыңыз.

Өзіңіз сыныпқа қайтып оралып, орындығыңызға отырасыз. Су түбінен алып келген тыныштықты жүрегіңізде, бойыңызда сақтап, көзімізді ашамыз. Рахмет.

Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Үй тапсырмасын тексеру.

  • Сөздер мен олардың анықтамасын салыстырыңдар. Әр сөздің өзіне сәйкес келетін анықтамасын табыңдар


Дәйексөз

«...Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек»»

Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.

Әңгімелеу

Абайдың «Он жетіншісі сөзі»

Талдау сұрақтары:

  • Автор қайрат, ақыл, жүректiң ерекшелiктерiн қалай жеткiзген?

  • Мәтінде ғылымның «жүрекке билет» дегенiнiң мағынасын қалай түсiнесiңдер?

  • Абай қандай адамды «қасиеттi адам» дейдi? Нелiктен?

  • Тағы қандай қасиеттердi «жүрекке билетуге» болады деп ойлайсыңдар?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Шығармашылық жұмыс:

1-тапсырма: Сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбiр терминнiң өзiне сәйкес келетiн анықтамасын табыңдар.

2-тапсырма: «Парасатты адамның» портретін жасаңдар.

3-тапсырма: «Парасатты болу – парызым!» тақырыбын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдiсiмен талқылаңдар.


Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.

Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.


Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы: Шәкәрім шығармасынан үзінді

Күнделіктеріне жазады.

Жүректен жүрекке

«Ойлан, балам»

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі