жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
сабақ жоспары "Ар-ұждан - адамның өлшемі"
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Покровка орта мектебі Мерзімі:
Мұғалім: Омарова Динара Аскаровна Сынып: 11
Сабақ: №10 Оқушылар саны:
Тақырып: Ар-ұждан – адамдық өлшемі
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: шыншылдық,өз бойынан ақиқат іздеу, барлығынан жақсылық көру.
|
Сабақ мақсаты: Ақиқат құндылығы негізінде әр оқушының өзінің ар-ұжданын естуі туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: 1. Оқушыларға өз бойынан ақиқатты іздеу туралы түсінігін кеңейту; 2. Оқушының бойында барлығынан жақсылық көру қасиеттерін дамыту; 3. Оқушылардың бойында шыншылдық, өз бойынан ақиқат іздеу қасиетін тани білуге тәрбиелеу |
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) оқулық, дәптер, музыка, Б.Момышұлының суреті |
|
Сабақ барысы:
Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз. Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, мектептен шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз. Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өтеді, шашымызды сипайды. Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз. Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз. Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын. Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. Сыныпқа келіп өз орнымызға отырайық. Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз. Тыныштық сәтінен алған әсерлеріңіз қандай? |
|
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Ар-ұжданыма саяхат» тақырыбына эссені оқыту (3 оқушыға) №10 сабақ. Б.Момышұлының игі істерін ақпараттап ортаға салу |
|
|
3.Дәйексөз. Ақылды болсаң, арыңды сақта, Ар-ұждан керек әр уақытта Нақыл сөз 3.1Дәйексөзді оқыту. 3.2 Дәптерге жазғызу 3.3. Мағынасын ашу - Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? |
|
Сұрақтар: 1.Бауыржанның өз өмірінің көлеңке жағын байқауына түрткі болып тұрған не? 2. Адамның өз кемшілігін білуі үшін не қажет? 3. Ар-ұждан адамға табиғаттан берілген қасиет пе? 4.Қазіргі жастар үшін ар-ұждан немен өлшенеді деп ойлайсыңдар? |
|
|
5. Шығармашылық іс-әрекет. . Топпен жұмыс. 5.1Топқа бөлу. Геометриялық фигуралар арқылы 5.2.Тапсырма І - ІІ топтарға бірге пікір талас «Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза» Пікірталастың ережесі:
5.3. Тапсырманы қорғау 5.4. Мұғалімнің қорытындылауы |
|
|
6.Топпен ән айту. Дуние керуен (Жігіттер тобы)
Ей, дүние базарсың. Пенделік пейілден Жүрегім тазарсын. Қайырмасы: Адамға бақ берер тек қана Аллам екен, Өмірдің қызығы біреуге арман екен. Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен? Бес күндік бұл дүние расында жалған екен!
Бәрі де бітеді. Бұл дүние таусылса, Шын дүние күтеді. Қайырмасы: Адамға бақ берер тек қана Аллам екен, Өмірдің қызығы біреуге арман екен. Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен? Бес күндік бұл дүние расында жалған екен! |
|
|
7.Үй тапсырмасы. «Адамның да ішінде адамы бар» Н.Орманбетұлының өлеңін жаттап келу. 43 бет №11 сабақ «Нағыз азаматтың бойында қандай қасиеттер болуы тиіс, соны дәптерге жазып келу |
|
|
8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті. (баяу музыка қосылады). Баяу музыка орындалады. Оқушылар бойларын еркін ұстап, қиял әлемінде отырғандай болуына көңіл бөлеміз: -Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жүректеріңде сақтай отырып,шыншыл, арың таза, көңілің ақ болса сендер де ақиқатқа әр уақытта жетесіңдер. Ақиқаттың биік шыңына жете отыра еліңнің руханиадамгершілігі мол кемелді азаматы боласыздар. Ал енді көздеріңді ашыңдар. Сабақты жақсы көңіл күймен аяқтау үшін, мына стикерлерге өз көңіл күйлеріңді суреттеп тақтаға іліп қойыңыздар. Келешектерің жарқын болсын деген тілекпен қоштасамыз. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген