Материалдар / сабақ жоспары: Ата аналарға кеңестер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспары: Ата аналарға кеңестер

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопедтің міндеті ата-аналармен бірлесе отырып, баланың тілін түзетуге болатынына сендіру, баланың бойына өз-өзіне деген сенімділігін нығайтуға көмектесу. Баланың сөйлеуді түзету процесіне қатысқысы келетініне қызығуы маңызды. Ал бұл сабақ қызықты сабақ емес, қызықты ойын болуы керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2022
467
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕСТЕР
Барлық жеке қасиеттер: талғам, әдеттер, мінез, темперамент балалық
шақта адамда қалыптасады. Және жеке тұлғаның қалыптасуында маңызды
рөл атқарады.
Сөз-бұл күрделі функция және оның дамуы көптеген сәттерге байланысты.
Бұл жерде айналадағылардың әсері үлкен рөл атқарады – бала ата-аналардың,
педагогтардың, Достардың сөйлеу мысалында сөйлеуді үйренеді.
Айналадағылар балаға дұрыс, нақты сөйлеуді қалыптастыруға көмектесуі
тиіс. Бала ерте жастан дұрыс, анық естілетін сөзді естуі өте маңызды.
Л. С. Выготский баланың сөйлеуінің бастапқы функциясы қоршаған
ортамен байланыс орнату, қатынас функциясы болып табылатынын атап
өтті. Ерте жастағы баланың қызметі ересектермен бірге жүзеге асырылады
және осыған байланысты қарым-қатынас жағдайлық сипатта болады.[43]
Сөйлеу дамуының, оның ішінде сөздікті байытудың маңызды факторы
ересектердің баламен қарым-қатынасы болып табылады. Сөйлеу тілінің
дамуы көбінесе бала тәрбиеленетін әлеуметтік ортамен анықталады. Бір
жастағы балалардың сөздік қорының жас мөлшері отбасының әлеуметтікмәдени деңгейіне байланысты айтарлықтай ауытқиды, өйткені сөздік бала
қарым-қатынас барысында меңгереді.
Ал қарым-қатынас толыққанды болуы керек: ойындар, бірлесіп
серуендеу, орманға экскурсиялар (күзгі, қысқы...). Балалар жаңа, сөздік
қорын кеңейтіп, сөз сөйлеуді үйренеді. Ата-аналардың балаға көмектесуі.
Егер балада ақаулар болса, ол жиі құрдастарының араласуына,
ренжітуге ұшырайды, мерекелік ісшараларға,балалар мерекелеріне
қатыспайды. Ренжіген бала, өзін басқа балалар арасында тең сезінбейді.
Бірте-бірте мұндай бала ұжымнан алшақтап, өз-өзіне тұйықтала береді. Ол
дауыстап жауап беруге, сөйлеу ойындарына қатыспауға тырысады.
Логопедтің міндеті ата-аналармен бірлесе отырып, баланың тілін
түзетуге болатынына сендіру, баланың бойына өз-өзіне деген сенімділігін
нығайтуға көмектесу. Баланың сөйлеуді түзету процесіне қатысқысы
келетініне қызығуы маңызды. Ал бұл сабақ қызықты сабақ емес, қызықты
ойын болуы керек.
Бұл жұмыста балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзетудің негізгі ойын
әдістері көрсетілді.
Тәжірибе барысында ойын технологиясын қолданудың тиімділігі.
Өз жұмысымда Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын
дамытуда төмендегі міндеттер басшылыққа алдым:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту, мағынасын түсіндіру;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру;
Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны
ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала
айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады.
Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің
дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай

бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен
байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды.
Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген
талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі
ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорын дамыту жұмысын ұйымдастыруда
ойын ең негізгі орын алады. Бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ
шешу және құрастыру, саяхат, ойын оқу қызметін ұйымдастыру барысында
балалардың сөздік қорларын дамыттым. 5-6 жастағы балалардың тілдеріндегі
кемістікті түзету барысында барлық іс-шаралар ойындар , ойын-жаттығулар
арқылы жүзеге асты. Мысалы оқу жылының басында балалар көңілді
балақай «Дыбыс білгішпен», оның достары «Сөзбілгіш», Буынбілгішпен
танысады Дыбыстарды дұрыс айтып, тез есте сақтау үшін әрбір оқу
қызметіне «дыбыстық адамдар» қонаққа келеді.Олар балаларға дыбыстардың
айтылу ережесін естеріне түсіруге, дауысты, дауыссыз екендігін ажыратуға
көмектеседі. Балалардың артикуляциялық аппараттарын жаттықтыру кезінде
«Көңілді тіл» ертегі ойыны, саусақ моторикасын дамытуда «Кірпі» еретегіойыны, дұрыс тыныс алуға үйретуде «Мұрынмен ойынаймыз» ойыны тиімді
әсер береді. Дауысты дыбыстарды айтуды үйретуде олардың еш кедергісіз
айтылатындығын естеріне сақтату үшін « Аңдардың дыбыстық әндері»
ойынын қолдандым. Бұл жастағы балалармен көбінде еліктегіш ойындар
қолдану тиімді болып табылады. Мысалы: «Торғай қалай сөйлейді? «Бұзау
енесіне не деді?», «Кім мысық болады?» т.б
Логопедтің база назар аударған міндеттері:
- дидактикалық ойындардағы тапсырмалар балалардың сөйлеу , тану
және жеке дара ерекшеліктерінің деңгейін танып білуге ықпал еткенін
көрдім;-әр баламен жүргізілетін дидактикалық тапсырмалар мен жеке
жұмыстың негізгі бағыттарын және логопедтік –түзету жұмыстарының
бағытын анықтадым. -дидактикалық ойындардағы тапсырмалар арқылы
балалардың
дұрыс сөйлеу демін, ырғақ пен сөйлеудің мәнерлілігін
қалыптастырылды, дидактикалық ойындардағы тапсырмалар арқылы
сөйлеудің
просодиялық жағымен
жұмыс жасалды; дидактикалық
ойындардағы тапсырмалар арқылы фонематикалық
қабылдау
мен
дыбыстық анализбен синтез дағдыларын жетілдірілді;
Логопед тәрбиешімен бірге балаларды топта және сабақта арнайы
бақылап балалардың сөйлеуді
бұзу
құрылымын, өздерін ұстау
ерекшеліктерін, жеке-дара мінездерін анықтадым. Бұл кезеңнің негізгі
міндеті-логопедтік топта тату балалар ұжымын қалыптастыру. Балалар
ұжымын қалыптастыру сөйлеу топтарында өзін ұстаудың тәртібі мен
талаптарын түсіндіруден, сабырлы бірлескен ойындарға оқытудан, әр балаға
ақ ниеттілік, ықылас білдіру жай-күйін жасаудан басталады. Логопед пен
тәрбиешінің әрқайсысы өз сабақтарында келесі логопедтік -түзету
міндеттерін шешеді:
-шыдамдылыққа, назар аударуға, еліктеушілікке тәрбиелеу.

-сөйлеу тілі дамымаған балаларға дидактикалық ойындардағы
тапсырмалар мен жаттығулардың ережелерін орындауды үйрету (кез
келген тетікті реттеу дағдысын қалыптастыру).
-балаларға ауа шығарудың
икемділігі мен
ұзақтығын, дауыс
шығарудың жұмсақтығын;мойын, дене, бет бұлшық еттерін бос, еркін
ұстау әсеріне дағды беру;
-дидактикалық ойындардағы
тапсырмалар
арқылы
балаларға
логопедтік ырғақ элементтерін үйрету, осы тапсырмалардың көмегімен
сөйлеу тілі дамымаған балалардың дыбыс шығару үдерісінің бұзылуын
жөндеу; сөйлеудің, фонематикалық бұзушылықтың лексикалық –
грамматикалық жағын дамыту.
-суреттер арқылы артикуляциялық, саусақтық, демалу және көзге
арналған жаттығулар жасаттым.
Дидактикалық ойындардағы тапсырмалар арқылы тілге және бетке
массаж жасау; дене шынықтыру сәттерін, релаксацияға арналған
жаттығулар жасаттым.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!