Сабақтың ортасы
15
мин.
10 мин
5 мин
|
Оқылым кезіндегі
2-тапсырма: Топтық жұмыс. «Ойлан, тап!»әдісі арқылы
мәніннен нақты ақпаратты табады.
Т кестесіне салады
«Бабаларым киген киімдер»
мәтінін оқушыларға тарату.
1 –топ
«Тон». Мәтін
№1 Ұлттық сырт киімдер- бүрмелі
көйлек, жейде, шалбар, қамзол, шапан, тон, ішік.
Қамзол - әйелдердің ұлттық киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан
киеді. Ол барқыт, мақпалдан тігіледі. Қамзолды кей жерлерде «жеңсіз
бешпент» немесе «кәзекей» деп те атайды. Оның екі өңірі біріне-бірі
сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түйме орнына
қамзолдық алдына зергерлер әшекейлен жасаған, алтын, күміс жалатып,
асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадалады. Қыздар мен жас
келіншектер киетін қамзол сәнді болады.
2 –топ «
Шекпен». Мәтін
№2
Ұлттық сырт киімдер- бүрмелі көйлек, жейде, шалбар, қамзол, шапан,
тон, ішік.
Шапан - қазақ халқының сыртқы киіміне жатады. Қазақтар шапанды аса
бағалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» - үлкен
құрмет. Шапанды қалың матадан, арасына жүн, мақта салып тігеді. Оны
сыйлы адамдарға, қонақтарға, үлкен кісілерге сыйлық ретінде
береді.
3-топ
«Шапан». Мәтін
№3
Ұлттық бас киімдер- кимешек, бөрік, тымақ, қалпақ, сәукеле,
тақия.
Сәукеле — қыздардың ұзату тойында киетін сәнді, әшекейлі бас киімі,
оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген.
Сәукеле биік, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді Оны асыл
тас,алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен
әшекейлейді. Төбесіне үкі тағады.
Дескриптор:
-Мәтіннен нақты ақпаратты
алады.
-Тірек сөздерді тауып,
мағыналарын ашады.
ҚБ: «Басбармақ» арқылы топ бірін-бірін
бағалайды.
Оқылымнан кейінгі
3-тапсырма. Жеке жұмыс. «Ойлан-тап» әдісі арқылы оқулықпен
жұмыс.
Дыбыс үндестігін сақтай
отырып,көп нүктенің орнына тиісті зат есімнің жалғауларын қойып
жазыңдар. Кейінді ықпалды
көрсетіңдер.
1.Сәукеле- қалыңдықтың бас
киім...
2.Атамның тон... аң терісінен
тігілген.
3.Қазақтың шапан... ұлттық оюмен
өрнектелген.
4. Менің байпағ... киізден
сырылған..
5.Әжемнің мәсі... былғарыдан
тігілген
6. Сіздің комзол... қызыл, көйлег...
ақ.
7.Біздің тымағ... суықтан
қорғайды.
8.Қазақтың ұлттық киім... қандай
әдемі.
Дескриптор:
-
Қазақтың ұлттық киімдерінің
өзіндік ерекшеліктерін сипаттауына мән
беру;
-
Дыбыс үндестігін сақтайды.
-
Зат есімнің мағыналы түрлерін сөйлемдерде
жалғаудың түрлері арқылы қолдануына назар аудару
ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы
топтар бірін-бірі бағалайды.
Жазылым алдындағы 4-
тапсырма. Т.Ж.
«Бабамның киген киімі»
тақырыбы бойынша «Конверт-тапсырма» арқылы ұлттық киімдерге
байланысты жарнама, хат, хабарландыру жазу, әр
топ:
1-топ жарнама құрастырады
(халыққа)
2-топ хат жазады (Отандық
дизайнерге)
3-топ хабарландыру жасайды
(оқушыларға)
Дескриптор:
-
Мәтіннен рәсімделуі мен
құрылымын сақтау;
-Жанрлық ерекшеліктеріне сай
ресімделуі мен құрылымын сақтап, орфографиялық және орфоэпиялық
нормаларына сай хат, жарнама, хабарландыру
жазу.
ҚБ: «Басбармақ» арқылы топ
бірін-бірі бағалау.
|
Қазақтың ұлттық киімдері
авторы:
тарату парақтары
флипчарт
беттері,
маркерлер
флипчарт
беттері,
фломастерлер
тарату парақтары
Қазақ тілі
5-сынып,” Арман-ПВ” баспасы,
2017
|
Кейбір оқушыларға зат
есімнің мағыналық түрлеріне байланысты жазылған жаттығу жұмысы
берілді. Топтарға жарнама, хат, хабарландыру жазу барысында
орфоэпия мен орфографиялық нормаларын сақтап
жазды.
|
Тапсырмаларды орындау
барысында «Бағдаршам» әдісі , «Бесбармақ» әдісі арқылы
топтар
«Бірін-бірі» бағалайды.
«Өзін-өзі» бағалайды.
|
Әдебиет, бейнелеу, тарих пәнімен
байланыс.
АКТ- қолдану барысында қауіпсіздік шараларын
сақтау керектігі ескеріледі.
Құрмет.
-өзгелердің көзқарасына құрметпен
қарау:
-мәдениеттілікке
баулу:
Құндылықтармен байланыс
|