400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары. Б.Майлин "Шұғаның белгісі" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарын кез-келген мұғалім қолдана алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: қазақ әдебиеті

3-бөлім: Адам жанының құпиясы

Тақырыбы: Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»

Мектеп: Қостанай қаласы.№18МГ

Оқулық: С.Ч.Тұрсынғалиева "Қазақ әдебиеті " 9-сынып, "Арман -ПВ" баспасы

Күні:

Мұғалімнің есімі:

Сынып: 9 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың мақсаты

9.1.3.1. Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

9.3.1.1.Шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын анықтау.


Барлық оқушылар: Көркем шығарманың идеясын анықтап, кейіпкерлер жүйесін анықтай алады.


  • Оқушылардың басым бөлігі: Шығарманы басқа өнер туындыларымен салыстырады.



  • Көркем шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтауы тиіс.

  • Көркем шығарманы басқа өнер туындыларымен салыстырады.

  • Көркем шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтайды.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: махаббат, еркіндік, теңсіздік, адалдық, парыз, ескілік, жаңалық

Диалог құруға арналған сұрақтар мен тіркестер:

Ескіліктің құрбаны, азап көрген әйелдер, жаңашыл әйел, салт-дәстүр әсері

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Құндылықтарға баулу

Махаббатқа адалдық,сезім тұрақтылығына баулу

Алдыңғы оқу


Б.Майлиннің өмір жолы мен шығармашылығымен таныс.

Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасының мазмұнын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар оқытушымен және бір-бірімен амандасады, сыныпта ынтымақтасу атмосферасын қалыптастыру, оқушыларды сабаққа даярлығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Миға шабуыл «Өрмекші торы» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Топқа бөлу.

Оқушыларға қыздарға арналған әндер жазылған қиындылар беремін.

1-топ- Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Жанары жаны жаздай жайрандаған

Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

2-топ - Қимайтын жан екенсің жат ұяға

Қарғам-ау, кез келдің-ау қапияда, шіркін

Мөп-мөлдір жанарың-ай

Жаз дидар жамалың-ай

Қалдым-ау тіл қата алмай, қарағым-ай

Қасыңа бара алмадым

Сездің бе жан арманым

Еріксіз, қалқам саған ән арнадым



түрлі – түсті жіп орамы.















Сабақтың ортасы

15 минут










































































10 минут







5 минут





3 минут

Оқыған «Шұғаның белгісі» шығармасы бойынша үш топқа «Төрт сөйлем» тәсілін пайдалана отырып, тапсырма беремін.

1- топ- Шұғаға қарап бұрынғы қазақ қыздарының тағдыры қандай болды деп ойлайсыңдар?

2-топ- Қазіргі қазақ қыздары мен Шұғаның айырмашылығы қандай?

ПІКІР ...................................................................................................

ДӘЛЕЛ..................................................................................................

МЫСАЛ................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен кері байланыс аламын.

Бейімбет Майлин. «Шұғаның белгісі» хикаяты туралы қысқаша баяндалған видеокөрсетілім көрсетіледі. (тыңдалым)

(https://bilimland.kz/upload/content/lesson/15922/media/20a72c5c1add90345a076222b00765d2/content/script_00007/media/kz_11s_874_1b.mp4)

«Концептуалды кестені» толтырады. (жеке жұмыс) Кесте шығармадағы кейіпкерлер жүйесін анықтауға бағытталған. Шығармадағы кейіпкердің атын, қасиетін анықтап, өз тарапынан кейіпкерге баға беріп,кестені толтырады.


Кейіпкерлер

Қасиеті

Өз тараптарыңнан кейіпкерге берілетін баға







Бағалау критерийі

Дескриптор

Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды.

-топта кейіпкерлерді анықта

-кейіпкерлердің қасиетін талқыла

-кейіпкерлерге баға бер



ҚБ. «Бағалау парағы» «+», «-» (өзара бағалау)

Көрші отырған оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағалау кестесін критерийлерге сәйкес толтырады. «+», «-» таңбаларын неге қойғандығын кестеде «себебі» бөліміне ашып жазады.

Оқушының аты-жөні:


«+», «-»


Себебі

Кейіпкерлер



Қасиеті



Өз тараптарынан кейіпкерге берілген баға



Салыстыру. «Үндес шығарма» (топтық жұмыс) Оқушылар әңгімені өздері оқыған басқа шығармамен салыстырады.

«Бақытсыз Жамал»

«Шұғаның белгісі»

Басты кейіпкерлер




Қарама-қайшылық әлемі




Құндылығы




Тарихилығы




Түйіні





Үндестігі






ҚБ. «Авигатор» тәсілі

Топтар бірін-бірі бағалайды.

  1. Ұнаған негізгі 3 деректі алады

  2. Негізгі 2 ұқсас идеяны табады

  3. 1 ұсыныс білдіреді.

Бағалауда ой құндылығына, сөйлемдердің көркемдігіне жете мән беріледі.

Топ атауы:

Ұнаған 3 дерек

Негізгі ұқсас екі идея

1 ұсыныс










Сабақтың соңын «Бағдаршам» әдісімен алған әсерлерімен бөлісу

Жасыл түс-сабақтан жаңа идеялар байқадым

Сары түс-сабақ көңілге қонымды болды

Қызыл түс-бүгінгі сабақ ерекше әсер етті

(https://bilimland.kz/upload/content/lesson/15948/media/c418c9a9d8acdbffadd058096706a2da/content/script_00033/media/kz_11s_900_1b.mp4)





































(https://bilimland.kz/upload/content/lesson/15922/media/20a72c5c1add90345a076222b00765d2/content/script_00007/media/kz_11s_874_1b.mp4)





Үй тапсырмасы

«Әйел теңдігі-қоғам дерті» тақырыбында әссе жазу


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.12.2020
1476
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі