400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары. Бұл кім? 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы: Бұл не?

3-сабақ



Күні, айы:




1-сыныптар


Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары


        1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

        1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіндіру.

1.1.3.1. Тыңдаған мәтінге (баяу қарқында) мұғалімнің көмегімен иллюстрациялар/суреттер/сызбалар орналастырып, сұрақтарға жауап беру.

1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Не? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын (доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш) атай алады, аталған заттарды сұрап алу үлгісін қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Өзімен қатарлас баладан немесе жасы үлкен адамнан қажетті заттың бірін сұрап ала алады.

Кейбір оқушылар:

Өтініш үлгілерімен өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, не? сұрағына жауап беретін басқа да сөздер қатарын атай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, ҚР әнұранын орындау, сабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Өткен сабақты пысықтау, сөздікті қайталау:

Тақтада ілулі тұрған атаның, әженің, мұғалімнің және оқушының суреттері бойынша бұл кім? сұрағына жауап беру, бұл – это, кім? – кто? сөздерін қайталап, еске түсіру.

Суреттер



Сабақтың ортасы


3. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру.

(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу бойынша бұл не? деген сұрақ үлгісімен танысу. Диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.

Тақтадағы доп, текше, кітап, қалам, қарындаштардың суреттерімен жұмыс. 2-3 оқушы тақтаға кезекпен шығып бұл не? сұрағына жауап береді.

(Ж) Оқушылар үйренген сөйлесу үлгісін жұптық жұмыста бекітеді. Тақта алдына екі оқушы шығып, бірінші оқушы бір затты көрсетіп, сұрақ қояды (бұл не?) екінші оқушы жауап береді. Содан кейін екінші оқушы сұрайды, бірінші оқушы жауап береді.

(МК, Ұ) 2-тапсырмадағы сурет арқылы өтініш үлгісімен таныстыру.

- Маған кітап (доп, текше, дәптер, қалам, қарындаш) берші.

- Міне, ал.

Осы тапсырма бойынша жаңа сөздермен таныстыру. Сөздікпен танысу:

Маған – мне

Берші – дай

Беріңізші – дайте

Міне, ал – вот, возьми

Сөздікті хормен, жұппен, жеке қайталау.

Осыдан кейін оқушыларға сыпайы түрін үйрету.

- Маған кітап (доп, текше, дәптер, қалам, қарындаш) беріңізші.

- Міне, ал (алыңыз).

Осы үлгі арқылы оқушылар бір-бірінен қандай да бір затты сұрап үйренеді.

(Оқушының тәжірибесі) Мұғалім оқушылардың берші, беріңізші, ал, алыңыз сөздерін толық түсіну үшін , өзінің қасына бір оқушыны тұрғызады. Өзі бір затты, оқушы бір затты алады. Содан кейін бір оқушы мұғалімнен және қасында тұрған оқушыдан осы заттарды тырысып алуға тырысады. Осылайша берші. Беріңізші сөздерін дұрыс қолдана алуға жаттығады. Сондай-ақ мұғалім мен бір оқушы сыныптағы басқа оқушыдан қандай да бір затты беруін өтінеді. Оқушылар ал, алыңыз сөздерінің қолданысына мән береді.

Менде үлкен үй,

(қолдарың көтереді)

Ал көжекте күшкентай үй.

(отырады, қолдарын түсіреді)

Қонжық кетті үйіне,

(орындарында тұрып жүреді)

Көжек болып секіре.

(секіреді)

(МК, Ұ) 3-тапсырмадағы сөйлесу арқылы жаңа сөздерді дұрыс қолданып, бекіту.

- Бұл не?

- Бұл – кітап (қалам, қарындаш, текше, дәптер, т.б.).

- Маған кітап берші (беріңізші).

- Міне, ал (алыңыз).

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекітеді.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіту. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Оқулық


Аудиодиск:

1.3.1.

1.3.2.

1.3.3.



Суреттер






























Сергіту сәті














№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма 1.3

Сабақтың соңы

3. Қорытындылау

(Қалыптастырушы бағалау)

- Бүгін сабақта не білдік?

- Қалай жұмыс істедік?

- Сабақта не қызық әрі жеңіл болды?

- Сабақта не қиындық туғызды?

Оқушылар

мен кері байланыс орнату


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Сабақ туралы өз ойым

1. Сабақ барысында еңгізілген өзгертулер

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
511
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі