Материалдар / Сабақ жоспары Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш білім беру мамандығы бойынша сабақ беретін арнайы пән оқытушыларына көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
3459
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы.

Мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлеп әр тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі туралы түсінік қалыптастыру.

Білімділігі: терең ойлай білу қасиеті арқылы білім алушыларға деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы туралы түсінік беру;

Дамытушылығы: тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой-өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, маман иесін қалыптастыру;

Тәрбиелілігі: дұрыс әрекет құндылығының қасиеттері арқылы өмірде қандай жағдай болса да, мойымай, алға қарай бет ала білуге, кез келген жағдайда табандылық көрсете білуге тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңеру

Сабақтың түрі: аралас

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер, «Квинтиллиан» әдісі, топтастыру, венн-диограммасы, тірек-сигналдар, кері байланыс

Негізгі ұғымдар: алгоритімдік, эвристикалық, шығармашылық деңгей

Пәнаралық байланыс: педагогика, психология, өзін-өзі тану

Қолданылатын көрнекі құралдар: АКТ, постер, суреттер, мозайка, бейне баян.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық атмосфера қалыптастыру;

-Қайырлы күн, білімгерлер! Сіздерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Мен сіздерден бүгінгі сабақта барынша белсенділікті күтемін, өз ойларыңызбен еркін бөлісулеріңізді қалаймын!

Топта жағымды атмосфералық ахуал орнату үшін «Пингвиндэнс» көнілді тренингін ұсыну.(3 мин)

ІІ. Сабақтың кезеңдерімен таныстыру:

1 кезең - ұжымдық жұмыс: мини тест

2 кезең –шоғырланып топтасу : таныстырылым жұмысы

3 кезең - топық жұмыстар: 4 топқа бөліп, “Кейс-стади” әдісі бойынша тапсырмалар орындау

4 кезең – Мозайка құрастыру бойынша берілетін тапсырмалары

ІІІ.Өткен сабаққа шолу. (8 мин)

1 кезең – ұжымдық жұмыс: өткен тақырыпты қорытындылау: Модульдік оқыту технологиясы бойынша мини тест





  1. «Модуль» - ....

А) бір жүйенің ажыратылатын, өзінше дербес бөлігі

Ә) дараланып бөлшектерге бөлінеді

Б) оқыту жүйесінің бір бөлшегі

  1. Модульдің қанша түрлі мағынасы бар?

А) 2

Ә)3

Б) 4

  1. Модуль қай елдің сөзі?

А) орыс

Ә)ағылшын

Б)грек

  1. Модуль сөзінің мағынасы?

А)бірлік

Ә)өлшем

Б)реттік сан

  1. Модульдік педагогикалық технологиясының қанша мазмұны бар?

А)5

Ә)6

Б)2

  1. «Рефлексия» терминін енгізген ағылшын философы?

А) Я.А.Коменский

Ә)Джон Локк

Б)С.Л.Рубинштейн

  1. Модульдік оқыту технологиясының ерекешелігінің кезеңдері нешеу?

А)5 кезең

Ә) 4 кезең

Б) 6 кезең

  1. Модульдік екінші сатысы-

А)кіріспе

Ә)диалогтық

Б)қорытынды

  1. Әрбір сынып үшін технологияның карта жасалады?

А) екінші қадам

Ә) бесінші қадам

Б) бірінші қадам

  1. «Толық меңгеру» әдістеменің негізгі идеясы қай жылдары ұсынылды?

А) 1965

Ә) 1970

Б) 1960

Жаңа сабақ барысы: (5 мин)

Ұяшықтарда берілген сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпты ашу:

Жеңіл сұрақтар-5 балл

1.Инновация дегеніміз не?

2.Лицей қандай мектеп?

3.Гимназия қандай мектеп?

Орташа сұрақтар-10 бал

1.Білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде қай жылдары енді?

2.90-жылдары инновация ұғымын қай ғалымдар енгізді?

3.Модульдік оқыту технологиясының құрылымын атаңыз

Күрделі сұрақтар-15 бал

1.ХХІ ғ. Әлемдік және қазақстандық білім беру жүйесі дамуының негізгі неше басымдығы бар?

2.Тараз қаласындағы қай мектептер ЖПТ әдісін кеңінен қолданады?

3.Күрделі, жеңіл, орташа берілетін тапсырмалардың тиімділігі неде?


Жаңа тақырып: Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы. (10 мин)

Жоспары:

  1. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясына сипаттама

  2. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының ерекшеліктері

  3. Деңгейлеп оқыту барысында оқушы мен мұғалім іс – әрекетінің жүйесі


ХХ ғ. аяқ кезіндегі педагогикалық ой-тұжырымдардағы ізгілік идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды. Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту үшін тапсырмаларды беріп, жаттанды түрде орындатуы мүмкін. Бірақ, оқушы осы оқылған материалды жете түсінеді ме, оны өздігінен іске асырып, іздену жұмысатрын жүргізе алады ма деген сұрақ туындайды. Демек, оқыту барысында бір сарында бір әдістерді қолдана бермей түрленіре отырып, баланың қызығушылығы мен танымдық қабілеттерін дамыту басты мақсат етіп қойған жөн. Оқытудың жаңа технологиясының бірі- жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Тиімдісі – деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік – теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік – психологиялық сұранысын ескеру талап етіледі.сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен тәрбие деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет. 1998 жылдан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үдерісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат - сынып оқушыларын “қабілетті” және “қабілетсіз” деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау.Дидактикалық зерттеулер және іс-тәжірибе нәтижелері мақсаттың деңгейлік тізбек түрінде берілуі – оқу үдерісінде мұғалім назарына басты нәрсеге аударуға, нәтижені дәл бағалауға, оқу үдерісін тиімді басқаруға қол жеткізетіндігін көрсетеді.Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірі – дарынды , талантты балалар мен жас өспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселеге әлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалды. Америка мен Жапогияда кеңінен тараған. Бұлардың жоғары орта мектептері екі түрлі –жалпы білім беретін, арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізеді. Фрнация мен АҚШ-та топқа бөлу арқылы жүргізеді, жылдамдылар, орташалар, баяулар деп атайды. Германияда ЖОТ жүйесінде жүргізіледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының негізін салған педагогтар: В.М.Монахов, ДЖ.Конант., Л.С. Выготский, С.Рубинштейн, Ю.К. Бабанский, В.В. Давыдов, Б.П. Беспалько, Л.В. Занков.,профессор: Ж.А. Қараев., Н.П.Гузик.

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясынының негізігі идеясы – оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында оқушыны өздігімен даму бағдарын анықтап,дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болса, В.М.Монахов бұл технологияға мынандай анықтама береді: педагогикалық технология- оқу процесін жоспарлаудың жүйелік әдіс; оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технология ресурстарды олардың арақатынасын ескере отырып оқытушымен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау. Н.П. Гузик өз жүйесімен деңгейлеп оқытудың айрықша 2 түрін деңгейге қарап сыныпішілік саралап оқыту және дамытушы сабақтар циклі бар «қиыстырылған оқыту жүйесні» ұсынады. В.П.Беспалько білім алушылдардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген:

  1. Репродуктивтік- жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі

  2. Алгоритмдік- білім алушы оқытушының түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

  3. Эвристикалық - білім алушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді

  4. Шығармашылық- оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады.

І деңгей

  • Жаттап алуға лайықты тапсырмалар

  • Тапсырма жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек

  • Алдыңғы сабақта өткенді қайталап , пысықтауға мүмкіндік беруі тиіс

ІІ деңгей

  • Ребустер мен сөзжұмбақтар

  • Ойлау қабілетін жетілдіруге арналған тапсырмалар

  • Өткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге арналған тапсырмалар

І ІІ деңгей

  • Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілітін тапсырмалар

  • Өздігімен мысалдар және тапсырмалар құрастыру

  • Диаграмма , сызба салу, көрнекті құралдар дайындау

ІҮ деңгей

  • Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілітін тапсырмалар

  • Өздігімен мысалдар және тапсырмалар құрастыру

  • Диаграмма , сызба салу, көрнекті құралдар дайындау


ХХ ғасырдың 30-жылдарында Америкада білім беру мен оқытуда саралау үдерісі кең етек алды.Саралап оқыту бастауыш мектепті бітірген соң басталады.Саралап оқытудың басты бағыты – толықтыра оқыту, яғни үлгерімі төмен оқушыларға қосымша педагогикалық күш жұмсау.Толықтыра оқыту – үлгермеушілікті жою мақсатында өзіндік бағдарламамен оқыту.Франция мен АҚШ-та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бөлу кеңінен тараған “жылдамдар”, “орташалар”, “баяулар”.

Даралап – саралап оқытудың маңызыдылығы:

  1. Сынып оқушылары жаппай жұмыс жасайды

  2. Бос отырған оқушы болмайды

  3. Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады

  4. Пәнге қызығушылығы оянады

  5. Ізденіс дағдысы қалыптасады

Саралай оқытудың кезеңдері:

ДАЙЫНДЫҚ

Шәкірттер ішінен талантты, дарындыларды тауып, олардың қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру;

НЕГІЗГІ

Оқушыны ынталандырған пәндерді айқындау;

Оқушыларға сай келетін бағдарлама түрін таңдау;


Даралап – саралап оқыту

Ерекшелігі

  1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқұушы дайындау

  2. Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады

  3. Шығармашыл тұлға дайындау


Күтілетін нәтиже

  1. Оқуға деген ынтаны арттыру

  2. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді

  3. Нашар оқитын оқушалар оқуға ниет білдіреді, дарынды оқушылар қабілетін одан әрі шыңдайды

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы

  • Оқушының өз қабілетіне,болашағына сенуіне;

  • Оқушыны ынталандыруға;

  • Оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;

  • Оқушылардың өз білімін өзі бағалай алуына;

  • Баға әділдігіне;

  • Білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.


Деңгейлеп – саралап оқытудың ерекшеліктері


  • Әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім алуына жағдай жасайды

  • Әр түрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  • Оқыту құрылымында білім игерудңн негізгі 3 деңгейі қарастырылады: минималдық базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгей

Дұрыс әрекетті іске асыру үшін «Алдар көсенің тақиясы» бейнебаянын талдау.

2 кезең –шоғырланған топпен жұмыс: «Ішіне- сыртына», «5 жолды өлең», «Венн диограммасы», «семантикалық карта», «Квинтиллиан сұрақтары: 1. Не? 2. Кім? 3.Қайда? 4.Қашан? 5.Неліктен? 6.Не үшін?7. Қалай 8. Қандай?», «Топтастыру» СТО әдістері арқылы таныстырылым бойынша түсінгендерін қысқаша баяндау. (10мин)



3 кезең – негізгі кезең топтық жұмыстар: 4 топқа бөліп,тапсрымаларды жоспар бойынша жүргізу. (30 мин)

Білімгерлерге жыл мезгіліне байланысты ағылшын тілінде бейне баян ұсынылады, бірге орындайды. Суреттер арқылы жыл мезгіліне байланысты топқа бөлінеді.

Оқулықпен жұмыс: әр топқа оқулықтағы мәтінді оқып талдауға уақыт беру.

Диалог: оқыған ақпараттарын топта талқылау.

« Кейс-стади» амал-тәсіл әдісі бойынша әр топқа оқулықтағы мәтінді талдау үшін тақырыптық тапсырма беріледі және тапсырмаларды берілген арнайы тақталаргға орындап талдайды, тапсырмаларын қорғайды:

  1. Деңгейлеп –саралап оқыту технологиясының мазмұны, мақсаты, ерекшелігі, нәтижесі

  2. Ж.А.Қараевтың деңгейлеп- саралап оқыту технолгиясының ерекшелігі

  3. В.М.Монаховтың деңгейлеп –саралап оқыту технологиясының ерекшелігі

  4. Деңгейлеп оқыту барысында оқушы мен мұғалім іс- әрекетінің жүйесі.

Берілген тақтайшаларға алған ақпараттарын сызба, кесте түрінде түсіру.

( тақталарға жасаған жұмыстарын дәптерге лекция түрінде түсіру.)


4 кезең –Мозайка: латын әліпбиіне байланысты суреттер құрастыра отырып,«Минзенхаура Матрицасы»(түсінікті, қажеті, кемшілігі, ұсыныс) бойынша сабақты бекіту. (7 мин)

Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: біріншіден—араб әліпбиі (1929 ж. дейін), екінші—латын әліпбиі (1929-1940 жж.), үшіншісі—кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі (1940 жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз).

Қазіргі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі,біріншіден,латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық – тіл ауыспай, таңба ның ауысуы.Екіншіден,қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалайестісек, жазылуын да солай жазамыз.

«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады»,- президентіміз өз жолдауында айтқандай, біз басқа елдермен терезесі тең мемелекет болу үшін, латын әліпбиін толықтай меңгеріп, болашақ ұрпаққа жеткізуіміз басты міндетіміз болып табылады. Сондықтан әрбір әдісіміз де осы латын әліпбиімен байланысты жүзеге асатын болады.

Жаңартылған білімнің мақсаты мен мазмұны жайында бейнебаян көрсете отырып, жаңа педагогикалық технологияның маңызы мен тиімділігін айқындау. (5мин)



Қорытынды, рефлексия (2 мин)

-Болжаған мәліметтеріңізді алдыңыздар ма?

-Бұл мәліметтер сізге не береді?

-Мұның қандай пайдасы бар?

-Бұл мәліметтерді өмірде қалайша қолдануға болады?

Әр топқа рефлексия парағын таратып, кері байланыс орнату.

Үйге тапсырма: 185 беттегі тапсрымаларды орындау (2 мин)

Бағалау. Топ басшыларына берілген критериалды кесте бойынша білімгерлердің белсенділігін бағалау.(5 мин)

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұхамбетжанова А. Интеграцияланған білімдік кеңістікке тұлғалық бағдарлы технология Қазақстан жоғары мектебі 1999 №1 65-69б.

2.Қ. Қабдықайырұлы, В.М.Монахов, Л.Н.Оразбековаоқытудың педагогикалық жаңа технологиясы Алматы 1999ж.

3.К.Ж.Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технологиялар Алматы: Жазушы 2004ж

4.К.Ж.Бұзаубақова. Мұғалімнің иновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру теориясы мен практикасы Алматы: Жазушы, 2009ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!