Материалдар / Сабақ жоспары "Егіншілік жүйесі және ауыл шаруашылық саласын интенсивтендіру. Бәсекелестік"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Егіншілік жүйесі және ауыл шаруашылық саласын интенсивтендіру. Бәсекелестік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту: оқушылардың, яғни болашақ маманның жан-жақты дамуын, оның ой, іс-әрекетінде жүйелілік сипаттамаларының болуын қамтамасыз ету, тарауды қорытындылап, бекіту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
515
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

7 сынып 2сабақ Технология .

Сабақтың тақырыбы:Егіншілік жүйесі және ауыл шаруашылық саласын интенсивтендіру. Бәсекелестік.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту: оқушылардың, яғни болашақ маманның жан-жақты дамуын, оның ой, іс-әрекетінде жүйелілік сипаттамаларының болуын қамтамасыз ету, тарауды қорытындылап, бекіту.

Оқушыларға қаржы экономикасындағы бәсекелестік туралы қысқаша түсініктеме жасау.

Дамыту: Ой-өрісін, кәсіби білімін, жұмысқа ынтасын, қабілетін.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сабырлылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: Ойын, сайыс, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Тракторлар мен автомобильдер (І курс), агрономия негіздері (І курс), қазақ тілі мен әдебиеті (І курс).

Сабақтың көрнекілігі: Ауыл шаруашылығы машиналарының макеттері, сызба плакаттар, буклеттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеу, оқу-құралдарын тексеру. Сабақтың түрі мен мақсатын хабарлау.

Машиналарға байланысты викториналық сұрақтар.

1.«Бәйге».

2.Машиналардың құрылысы.

3.Мақал-мәтелдер.(Егіншілік).

4.Жұмбақтар.

Атқарылатын жұмысына қарай соқалар қалай жіктелінеді?

Жауабы:Жалпы және арнаулы жұмыс соқалары.

Корпус санына қарай соқалар қалай аталынады?

Жауабы:Бір, екі, үш, төрт, бес, алты,сегіз және тоғыз корпусты болып аталынады.

Соқаның негізгі жұмыс органдары:1-дискілі пышақ,2- шым аударғыш,3- түрен, қайырма, жақтау (атыз тақтасы),5- корпус.

Сыдыра жыртқыштың құрылысы:1-рама,2- екі оң жақ секциялары,3-екі сол жақ секциялары,4-брустар,5-доңғалақтар,6-гидробасқару механизмі,7- тегістегіштер,8- реттелетін төмендеткіштер.

Тырманың құрылысы:1-рамаға байласқан металл брус түріндегі сүйретпе,2-тісті брус,3- көлбеулікті реттеу пышағы.

Нығыздауыштың құрылысы:1-бір алдыңғы, екі артқы буыннан, 2-рамадан,3- он үш дискіден,4-осьтен,5- тіркемеден,6-жүгі бар жәшіктен.

Өңдеуіштің құрылысы:1-рамадан,2-тіркеу тетегі,3- доңғалақ,4- жұмыс органдарының тереңдігін реттейтін механизм.

Тегістеуіштің құрылысы:1-тартқыш арқалық, 2-ортаңғы секция, 4-тіреуіш доңғалақ, 5-гидроцилиндр, 6-гидрожүйе.

V1.Қорытынды. Мұндай дәстүрлі емес сабақтардың артықшылығы, қазіргі бәсекелестік заманда оқушылардың бір-бірімен бәсекеге түсіп, бір-бірінен озуға тырысып, білімдерін одан әрі шыңдай алады.Болашақ мамандарды даярлау барысында, дәстүрлі емес сабақтарды пайдаланудың маңызы зор. Себебі мұғалім сабаққа дайындалу сәтінде оның сабаққа деген қызығушылығы мен ізденісі арытып отырады.





Сабақты бекіту:

Оқшылардың жасаған жұмыстарындағы жіберген қателіктерін айтып түсіндіріп тиісті бағаларын қоиу. Жұмыс орнын реттеу, тазалау.

Үйге тапсырма

Келесі сабаққа дәптер, қаламсап, құралжабдықтарын әкелу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!