Тақырыбы: Менің
Отаным
Тыңдалым жіне
айтылым.
Тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап
беріңіз.
«Отан отбасынан басталады»,
- деп халқымыз айтқандай, Отан -
кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені,
өскен ортасы, аулы, ауданы, облысы, аймағы, өлкесі, мемлекеті -
оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған
Отаны.
Ғаламындағы ғажап тіршілігінің
қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды. Әрбір тіршілік иесіне
өмірден қымбат не бар?! Сол өмірдің мерейлі мекенін қастерлеу, онда
тұратын ақ көңіл адамдарды, еңбекшіл елді, қаһарман халықты
қадірлеу, оны сүю дәстүрге айналған.
«Отан – оттан да ыстық»,
«Ер ел үшін туады, ел үшін өледі»,
- деп түйген халықтың
қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс,
күймейсің», - дейді. Отаның – егеменді
елдің иесі – адал жүректі адамдар: ата-ана, аға-іні, апа-қарындас,
бауырластар мен ағайындар, достар мен жолдастар, көршілер мен
жерлестер, айналадағы асыл адамдар. Халықтың:
«Ең әуелі өзіңді-өзің
жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін»
деген мақалы сыйласым рәсімі
халықтық дәстүрге айналғандығын көрсетеді. Әрбір әдепті адам өз
Отанымен қатар, бүкіл адам баласын да сыйлауға тиіс.
Халқымыз: «Өзбек – өз ағам»,
«Қырғыз-қазақ бір туған», «Түбі бір түрікпен», «Құлқынның құлы
болма, ұлтыңның ұлы бол» деп, ұландарын ұлағаттылыққа
тәрбиелейді.
Біздің Отанымыз – егеменді,
тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз отыздан аса ұлт өкілдері тұратын
осынау қасиетті мекенде: асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі
керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт
түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенле өмір сүруші әрбір
адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді
мақтаныш тұтады!
«Жаным – арымның
садағасы» дейтін әрбір азамат киелі
ұлттық намыс сезімімен туған жердің әрбір гүлін, тамаша табиғатын
қорғауға міндетті.
Отан – ана! Ана тілін
білмеген, ана тілін сүймеген, «ақылы жоқ
желікбастарды» халық
«мәңгіген
мәңгүрт» деп, жек көреді. Ана тілді
сүймеген халқын да сүймейді. Қазақ мемлекеті – біздің сүйікті
Отанымыз. Егер біз Отанымызды сүйетін
болсақ, оның мемлекеттік тілін жақсы білуге
міндеттіміз! Қазақ тілі – түркі тілдерінің
ішіндегі ең бай, әуезді де, дамығыш тіл.
Сұрақтар
-
Отан деген сөздің мәнін
айт.
-
«Отансыз» деп қандай адамды
айтамыз?
-
Біздің Отанымыздың қандай
ерекшеліктері бар?
Оқылым
1-тапсырма. Оқыңыз. Ретін
табыңыз.
Біздің Отанымыз – егеменді,
тәуелсіз ... ... Жүз отыздан аса ... ... тұратын осынау қасиетті
мекенде: асқақтаған ... ..., кеңшілігі керемет, дархан ... ... ,
егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі ..., өндірісі өркендеген
мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк
байрағын көкке көтеруді мақтаныш
тұтады!
|
Алатаулы
өлкеде
|
мыңғырған
|
Қазақ
мемлекеті
|
дастарқандай
далада
|
ұлт
өкілдері
|
2-тапсырма. Оқыңыз. Сәйкестігін
табыңыз
Отан
...
|
ел үшін
өледі
|
Отан –
...
|
бір
туған
|
Отаның үшін
...
|
оттан да
ыстық
|
Қырғыз-қазақ
...
|
онда оған орын
жоқ
|
Ер ел үшін туады,
...
|
отбасынан
басталады
|
Құлқынның құлы болма,
...
|
отқа түс,
күймейсің
|
Опасызда Отан жоқ,
...
|
ұлтыңның ұлы
бол
|
Жазылым
1-тапсырма. Тиісті
(–н, -ң) әріпті
жаз
Алты... ұя... – Ота...
қымбат,
Құт береке... – ата...
қымбат.
Туып-өске... елі...
қымбат,
Кі...дік кеске... жері...
қымбат.
Ойтолғау
1-тапсырма. «Бес жол
өлең»
Отан
Егеменді,
тәуелсіз
Қорғайды, тәрбиелейді,
оқытады
Өз елің – алтын
бесік.
Қазақстан
Сөздік
Қазақ
тілінде
|
Орыс
тілінде
|
Ағылшын
тілінде
|
егеменді
|
суверенный
|
|
тәуелсіз
|
независимый
|
|
Қазақ
мемлекеті
|
Республика
Казахстан
|
|
Тақырыбы: Ер намысы, қыз
абыройы
Тыңдалым және
айтылым.
Тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап
беріңіз
«Ер ел үшін
туады» деп, халқымыз ер бала
туғанда, «жылқышы», «қойшы»,
«батыр», «сарбаз», «мұрагер» деген сүйінші сөздерін айтып,
қуанады. Баланы «тепсе темір үзетін» батырлыққа, ерлікке, елінің
елеулісі, халқының қалаулысы болуға тәрбиелейді. Бақытты балдырған
ата-анасының үмітін ақтау үшін, олардың ұлағатты сөздері мен
өнерлерін орындауға бейімделеді. "Жігіт адам
жылымайды"деп, үлкендер балдырғындарды
шыдамдылыққа үйретеді.
Балалар ес біле бастағаннан
ел-жұрты, ата-анасы оларға үлгі-өнеге көрсетіп, халық
тағылымдарынан тәлім алуға баулиды. Ертегілер мен аңыз-іңгімелер,
батырлар жырларындағы өнегелермен қатар, өмірде болған адамдардың
өмірін үлгі етеді.
Е р н а м ы с ы - тәлім-тәрбие
арқылы қалыптасқан әулеттік, ұлттық дәстір, халықтық салт-сананың
бір негізі. Бала тәрбиеленіп, кісілікке жеткен соң, ол өз намысын
қорғай білуге міндетті. Егер ер жігіт өз намысын қорғай алмаса, ол
азаматтық беделін жояды. «Ерді намыс
өлтіреді» деген мақал содан қалған.
Әсіресе ұлттық дәстүрге сәйкес әдепті, иманды, иманды, инабатты,
ілтипатты болу – ер жігіттің айнымас ары, бұлжытпай орындайтын
заңды борышы. «Түсі игіден
түңілме» деген сөз содан қалған.
Халықтың өкімдік дәстүрін пір тұтқан ер азамат
«Жаным – арымның
садағасы» деп, арын биік ұстайды. Өз
намысын, ел намысын, адамзат намысын
қорғайды.
Қыз баланың бақытты болуы оның
өз абыройын (арын, намысын, қасиетін, қадірін) сақтай білуіне
байланысты. Қыз абыройы - отбасының, елдің болашағы – жас отау, жас
босағаның беріктігі, қыз өмірінің қызығы. Қазақ
халқы «Қыздың жолы
жіңішке» деп, оның абырой сақтауын
қатаң қадағалап отырған. Қыздың абыройы оның ар-намысын сақтай
білуіне, ақыл парасатына, инабаттылығы мен имандылығына, махабатты
жоғары бағалауына, іске бейімділігіне, өнерпаз-білімдарлығына
байланысты.
Халқымыз қыз абыройын жоғары
бағалайды, қыздың абыройлы болуына көбінесе ана жауапты деп қарап,
анасын ардақтай білмеген қыз өз абыройын да сақтай білмейді деп
тұжырымдайды. Қыз абыройлы болу үшін , оның мінез-құлқы ибалы,
инабатты, иманды болу керек. «Мін -
мінезден» дейді
халық. «Қыз қылығымен
жағады» деген мақал содан
қалған. «Қыздар сұлу болмайды
көркіменен, мінезіне көз жетпей көңіл
бөлме» , - деп Абай атамыз ер
азаматтарды жаман мінезді қыздардан
жирендіреді.
Халық өсіп келе жатқан қыздың
алдына өмірлік міндеттер қойып, оның орындалуын қыздың абыройы деп
санаған: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі
сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, үлкеннің алдын кесіп өтпеу, ұқыпты
болу, өсек айтпау, бала тәрбиесін білу, ұлт дәстүрін құрметтеу, ана
тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, т.б. іс-әрекеттер мен
мінез-құлық қасиеттер иман жүзді, абзал жады қыздың бойында болу
керек деп есептеген. Қызға еркіндік беріп, еңбек үйретумен қатар,
халық қатаң тыйым салып, «қызға қырық үйден
тыю» деген. Өйткені қыз бала
тәрбиелі, тәртіпті болмаса, абыройынан айырылып қалады. Сондықтан
қыз баланың қадір-қасиетін арттыру үшін, оның өзін-өзі
тәрбиелеуінің мәні зор.
Сұрақтар
-
Бабаларымыз ұрпағын неге
тәрбиелеген?
-
Қыз абыройын сақтау
жауапкешілігіне қалай қараған?
-
Ұрпақ алдына қандай міндеттер
қойған?
Оқылым
1-тапсырма. Ретін тауып
оқы.
Е р н а м ы с ы - тәлім-тәрбие
арқылы қалыптасқан әулеттік, ... ... , халықтық салт-сананың бір
негізі. Бала тәрбиеленіп, кісілікке жеткен соң, ол өз ... қорғай
білуге міндетті. Егер ер жігіт өз намысын қорғай алмаса, ол ...
беделін жояды. «Ерді намыс
өлтіреді» деген мақал содан қалған. Ер
бала әке жолын қуып, «әкеден де асып туып», қатарынан қалмай,
алдына қойған мақсаттарын абыроймен орындауға борышты: елін
қорғау, ерінбей ... ... , ата-анасын ..., өнер
үйрену, күшті, ... ... , айтқан сөзінде тұру, әділетті болу,
біреуге жалынышты, ... ... , әйел адамды құрметтей білу, жасық
болмау, оқу оқып, ... ... , т.б.
ізгі қасиеттерді бойына сіңіру – ер
азаматың намысын ақтап, ...
болуы.
Халық өсіп келе жатқан қыздың
алдына өмірлік міндеттер қойып, оның орындалуын ... ... деп
санаған: ізетті болу, әсем ... , әкені күту, шешені ... , дөрекі
сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, үлкеннің алдын ... ..., ұқыпты болу,
өсек айтпау, бала тәрбиесін білу, ұлт дәстүрін құрметтеу, ана тілін
ардақтау, орынсыз ... ... , т.б. іс-әрекеттер мен мінез-құлық
қасиеттер иман жүзді, абзал жады қыздың бойында болу керек деп
есептеген. Қызға еркіндік беріп, еңбек үйретумен қатар, халық қатаң
тыйым салып, «...
» деген.
|
азаматтық
|
еңбек
ету
|
ұлттық
дәстүр
|
жігерлі
болу
|
намысын
|
ардақтау,
|
білімді
игеру
|
кіріптар
болмау
абыройлы
қыздың
абыройы
киіну
сыйлау
кесіп
өтпеу
сөз
айтпау
қызға қырық үйден
тыю
|
2-тапсырма. Оқыңыз.
Белгілеңіз.
|
Ер
намысы
|
Қыз
намысы
|
Елін
қорғау
|
|
|
Күшті, жігерлі
болу
|
|
|
Ізетті
болу
|
|
|
Әсем
киіну
|
|
|
Бала тәрбиесін
білу
|
|
|
Әйел адамды
сыйлау
|
|
|
Орынсыз сөз
айтпау
|
|
|
Айтқан сөзінде
тұру
|
|
|
Оқу оқып, білім
игеру
|
|
|
Біреуге жалынышты, кіріптар
болмау
|
|
|
Ұлт дәстүрін
құрметтеу
|
|
|
Жазылым
1-тапсырма. Үлгі
бойынша жаз: «Қыздың жолы жіңішке», ...
...
Ойтолғам
1-тапсырма. «Бес жол
өлең»
Ер
Намысты,
жігерлі
Құрметтейді, қорғайды,
еңбектенеді
Ер ел үшін
туады
Жігіт
Қыз
Ізетті,
инабатты
Көмектеседі, үйренеді,
дайындайды
Қыз өссе, елдің
көркі.
Бойжеткен
Сөздік
Қазақ
тілінде
|
Орыс
тілінде
|
Ағылшын
тілінде
|
ұлттық
дәстүр
|
национальная
традиция
|
|
жігерлік
|
выносливость
|
|
ар,
абырой
|
честь
|
|