Материалдар / Сабақ жоспары "Эссе" 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары "Эссе" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе туралы сабақ жоспары. Тақырып берілген. Оқушылар шығарма жазып үйреніп қалғандықтан, эссе мен шығарманың айырмашылығын ашып көрсетуге тырыстым. Себебі екеуінде үлкен айырмашылық бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
7990
41 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 10 «А»Сабақ 13Күні: 16.10.2017 жылТақырыбы: Эссе. Айтыс – киелі өнерМақсаты:білімділік: эссе жазу шеберліктерін дамыту, білімдерін қағаз бетіне түсіре білу;дамытушылық: жазу сауаттылықтарын арттыру;тәрбиелік: тазалыққа, ибалылыққа, сауаттылыққа баулу.Сабақ түрі: дәстүрлі сабақӘдісі: түсіндіру, жазба жұмысыПәнаралық байланыс: тарих, қазақ тіліСабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңіАмандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аударуә) Жаңа сабақЭссе жайлы түсінік беру.Эссе –шығарма жанрының бір түрі Эссе шығармашылық еркіндікті көздейді. Кез келген тақырыптың еркін стильде жазылуы оның ең негізгі көркемдігі болып табылады. Эссе - автордың жеке басының ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы. Бұл шығарманың басты мақсаты. Тақырып бойынша көлемі 250-300 сөзден тұратын эссе жазады. Оқушылар шимай парақты қолдана алады.Эссенің композициясын мұқият ойластыру қажет. Эссені анық және түсінікті етіп, сөйлеу тілі нормаларын сақтай отырып жазу қажет. Эссе – ол тақырыпты түпкілікті және толық қамтуға есептелмеген нақты мәселе бойынша жеке көзқарасты білдіретін шағын көлемдегі, еркін композициялық прозалық шығарма. Эсседе ауқымды мәселелердің талдауы болмайды. Ол бір мәселе бойынша жаңа, субъективтік көзқарас болып табылады, ондай шығарма философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық сипатта болуы мүмкін. Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анықталады:- эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде беріледі;- ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәйектер жазылады.Дәйектер қоғамдық өмірден алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік жағдайлар мен өмірлік тәжірибелер, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың пікірлеріне жүгіну және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келтіріледі, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығарманы «ауырлатуы» мүмкін.Эссенің құрылымы (тезистер мен дәйектердің саны тақырыпқа, құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады):- кіріспе;- тезис, дәйектер;- тезис, дәйектер; - қорытынды.Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет (кіріспеде мәселе қойылады, қорытындыда автордың ойы нақтыланады). Эссе тіліне эмоционалдық, экспрессивтік, көркемдік тән екенін оқушылардың түсінулеруі аса маңызды. Сонымен қатар, эсседе сленгті, шаблонды фразаларды, сөздерді қысқартудан аулақ болу қажет. Эссені жазуда қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы тиіс.

Эссе мен шығарманың айырмашылығы.



ЭссеШығарма
АнықтамасыЭссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.  Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.


Эссе – еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түріШығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған, міндетті құрылымнан тұратын, тек пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс.


Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.Шығармада жоспарды жазу міндетті.


Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді. Шығарма формасы оның түріне байланысты, көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.


Эссенің мақсаты – эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтауда сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашыл жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.Шығарманың мақсаты – жазылым тілін дамыту, логикалық ойлауды дамыту, шығармашылык, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу.



б) Үйге тапсырма. Барлығын қайталаув) Бағалау. Эсселерін тексеріп, бағалау.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!