Материалдар / Сабақ жоспары "Ғажайып планета" 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Ғажайып планета" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мәтін тақырыбы, тірек сөздер, илюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2018
1454
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-бөлім.Қазақ тіл і 7-8 сабақ

Сынып: 8

Күні:

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

«Ғажайып планета»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.1.1 мәтін тақырыбы, тірек сөздер, илюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау;8.2.1.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау;

Сабақ мақсаты

1.Иллюстрация арқылы тақырыпты болжау;

2. Тірек сөздерарқылы көтерілетін мәселені анықтау;

3. Тұрақты тіркестерді қолданып, ауызша мәтін құрастыру;

Бағалау критерийі

-иллюстрация арқылы тақырыпты болжайды;

- тірек сөздерге сүйеніп, көтерілген мәселені анықтайды;

- тұрақты тіркестерді қолданып, «Ғарыштағы өмір» тақырыбында мәтін құрастырады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор: экипаж, планета, Байқоңыр, Кибер,

ғаламшар, жер шары, ғажайып.

Талқылауға арналған сұрақтар:Білім дегеніміз не?Ғылым дегеніміз не? Ғажайып планета дегенді қалай түсінесіндер? Планетаның қандай атауларын білесіңдер?

Құндылықтарға баулу

Әдептілік, үлкенді құрметтеу,табиғатты аялау;

Оқушыларды білімге ғылымға қызығушылықтарын ояту.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы,АКТ,География

Алдыңғы білім

Оқушылар бұған дейін суреттер, тірек сөздер арқылы тақырыпты болжауға дағдыланған, қажетті тіркестерді пайдаланып, мәтін құрастыра алады

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурс тар

Сабақтың басы –

7 мин.

































































Ұйымдастыру кезеңі

С. Психологиялық ахуал қалыптастыру «Жақсы тілек»

Оқушылар бір бірінің қолынан ұстап шеңберге тұрады да, бір-біріңе жақсы көңіл күй тілейді.

Топтастыру «Адасқан сөздер »әдісі

Оқушыларға қима қағаздар беріледі. Бұл қима қағаздарда Ғажайып планета тақырыбында мақал-мәтел берілген. Оқушылар қима қағаздағы мақал-мәтелдің жалғасын дұрыс табу арқылы «Ай», «Жұлдыз», «Күн» атты үш топқа бірігеді.

Мақал-мәтелдер:

  1. Жаяудың жұлдызы болмас,
    Қалың құлан жаусыз болмас.

  2. Болатын бала — пысық,
    Жауатын күн — ыстық.

3. Үркержиылып- айболмас,
Кедейжиылып - бай болмас.

Ж. Алдынғы білімді еске түсіру «Попкорн» әдісі

Сұрақтар:

Білім дегеніміз не?

Ғылым дегеніміз не?

Ғажайып планета дегенді қалай түсінесіңдер?

Біз қай планетада өмір сүріп жатырмыз?

Қандай планеталардың атауларын білесіңдер?

Неге біз жерде ғана өмір сүре аламыз?

Т.Сұлтанбеков деген кім?

С. «Ой қозғау».әдісі

Талап Сұлтанбековтың өмірі мен шығармашылығы жайлы кестені толықтыр:

  1. Талап Сұлтанбеков

қай жылы дүниеге келді?

1930 жылы 1-ші қыркүйек

2.ТалапСұлтанбековтыңеңбектеріната.

«Көшпелі алтын», «Лұқман Хакім», «Жүрек тулайды», «Ғажайып планета»500-ден астам көркем кинолардың авторы.

3. Қандай жылдар аралықта Т.Сұлтанбеков «Білім және еңбек» журналында қызмет атқарды?

1962-1970 жылдары қызмет атқарды.

Мұғалім: - Өте жақсы балалар! Талап Сұлтанбековтың өміріне қысқаша шолу жасадық.

Ынталандыру: «Бас бармақ»

Тыңдалым алды жұмысы

Ж. «Галереяда ой шарлау» әдісі

Сұрақ:Суреттерден не көріп тұрсыңдар?

Сабақ тақырыбына қатысты сурет бойынша өз ойыңды 2 сөйлеммен білдір.

Бағалау критерийі:иллюстрация арқылы тақырыпты болжайды;

Дескриптор:

  • әр суретке 2 сөйлеменен айтады;

  • 1 суретке тақырып ұсынады;

ҚБ. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі

Кері байланыс сұрақтары:

  • Жарайсыңдар! Ендеше, сабақ тақырыбына қатысты болжамдарың қандай?

  • Дұрыс айтасыңдар! Бүгін сабағымызда Талап Сұлтанбеквтың «Ғажайып планета»әңгімесі туралы сөз қозғайтын боламыз.

ТЖ. «Сөздік гол» әдісі(мұғалімнің жетекшілігімен)

Берілген сөздердің мағынасын анықтап, аудармасын тап

Сөздер

Мағынасы

Аудармасы

Тұңғиық ақпа


Текучий,проточный

Мылқау тыныштық


Мертвая тишина

Аяғынан тік тұрғызу


Вскочить

Сарнап қоя берді


Подать сигнал о бедстве


Топқа бөлуге арналған мақал-мәтел қиынды cы








































Интерактивті тақта





www.google.kz/massaget.kz













Сөздік KZ


Сабақтың ортасы

28 мин







Тыңдалым тапсырмасы

С. «Түртіп алу» әдісі

«Ғажайып планета» мәтінін мұқият тыңда және мәтіндегі тірек сөздерді анықтап, дәптерлеріңе жазындар.

Мәтін:

Биологтың көз алдынан кештегі бір ғажайып оқиға тізбектеліп өте шықты. «Байқоңыр – 12» өзіне жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындап.«Тұңғиық» жұлдыздар жүйесінен көтерілді. Орталық космос стансының мекен тұрағына ақша жұлдыздай зулап келе жатыр. Экипаж кемедегі жұмыстың бәрін автокосмонавтқа жүктеп, үш айлық терең ұйқыға кетті.

«Байқоңыр-12»кемесі мылқау тыныштықта космос әлемін тіліп, үнсіз жүзіп келеді. Ең ақыры әзілқой Кибер де жатып қалған.Кенет апат аппаратының кернейі сарнап қоя берді. «Байқоңыр-12» жүрісін баяулатып, кібіртіктеп қалыпты. Бұған алдымен Кибер оянды. Кибер – физикалық механикалық жасанды адам. Маңдайындағы жалғыз көзден өт шашады.Ол жапұшыра жүгіріп, механик Осиповты жұлқылады. Бүкіл экипаж аяғынан тік тұрады. Осипов электронды миды іске қосты. «Байқоңыр -12» кемесінде міндетті түрде қону керек.

Сұрақтар:

  1. Әңгіме не туралы деп ойлайсыңдар?

  2. Ғарышкеме қайда бет алды?

  3. Кенетен не сарпап қоя берді? Оған кенет кім оянды?

  4. Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер? Оларға мінездеме беріңдер?

Бағалау критерийі:тірек сөздерге сүйеніп, көтерілген мәселені анықтайды;

Дескриптор:

  • мәтінің ішіндегі тірек сөздерді ажыратады;

  • тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің негізгі ойына 2 сөйлем құрастырады;

ҚБ. «Өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам»

«Бағдаршам» әдісі

Мұғалім оқушылардан өз жұмыстарының нәтижелері бойынша оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін және өзінің білімдеріне қаншалықты сенімді екендігін көрсетуді сұрайды.

Тыңдалымнан кейін

ЖЖ. « Ғарыштағы өмір» тақырыбында шағын әңгіме құрастыр.

Тұрақты тіркестер:

экипаж, планета, Байқоңыр-12, Кибер,

ғаламшар, жер шары, ғажайып.

Тапсырма арқылы саралау:

А. Бұл оқушылар тобы берілген клише арқылы мәтін құрастырады.

Мысалы: Бұл әңгіме.......туралы, Менің ойымша....., Байқоңыр-12........орналасқан.

В. Бұл оқушылар тобы берілген мәтін сұрақтарына сүйеніп

мәтін құрастырыды.

Мысалы:Ғаламшар дегеніміз не? Қандай планеталардың атын білесіндер?Ғарыш дегеніміз не?

С. Бұл оқушылар тобы берілген мәтін желісі бойынша шағын әңгіме құрастырады.

Бағалау критерийі: тұрақты тіркестерді қолданып, «Ғарыштағы өмір» тақырыбында мәтін құрастырады;

Дескриптор:

  • Тұрақты тіркестер арқылы шағын мәтін құрайды;

  • Иллюстрация арқылы тұрақты тіркесті болжайды;

ҚБ «Шаршы» әдісі

Оқушылар дәптерлерінің шетіне шаршының суретін салып қояды. Жұмыстарын орындап болған соң,дәптерлерің бір-бірлеріне беріп жұмыстарын тексеріп салған шаршының ішіне жақсы орындаған болса,жасылмен бояйды, орташа орындаған болса сарымен,төмен орындаған болса қызылмен бояп жұмыстарын бағалайды.

Мысалы:

Жасыл түспен бояған оқушы, барлығы ойдағыдай орындалғанын айтып қысқаша түсініктеме береді.

Сары түспен бояған оқушы,қай жерден қате кеткенің түсіндіреді.

Қызыл түспен бояған оқушы, неге бұрыс екенің түсіндіреді.






Қазақ тілі мен әдебиет

8- сынып оқулығы

Қасымова Г. ,

Сатбекова А.,Арын Е.,Рахымжанов К.

Алматы «Мектеп»

2018.














































Сабақтың соңы

7 мин










Сабақты бекіту: Кім жылдам?

- Әнгіме неге «Ғажайып планета» деп аталған?

- Экипаж мүшелері кімдер?

- Экипаж құрамындағы жасанпаз адам кім?

-Экипажға қандай қауіп төнді?

- Биолог Туранов неге қуанды?

- Қазіргі ғылым жетістіктері туралы не білесіңдер?

-Т Сұлтанбековтің «Ғажайып планета» шығармасында қандай инновациялық тәсілдер қолданған.

Рефлексия «СМС хат»

Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар не ұнады не ұнамады бір біріне смс арқылы жазыңдар

Бүгін сабақ (қызықты, қызықсыз )

Сабақта маған ... ұнады.

Сабақ маған (ұнады, ұнамады)

Кім өз СМСын оқып бере алады?










Қосымша ақпарат

Саралау:Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауыпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!