Материалдар / Сабақ жоспары "Ғұндар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Ғұндар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың тақырыбы - Ғұндар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2018
1287
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













САБАҚ:

Ғұн тайпаларының бірігуі


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:


СЫНЫП: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Ғұндардың ерте тарихын сипаттау,ғұндар тарихы бойынша негізгі деректер.

Мөденің әрекеттерін сипаттау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Күтілетін нәтиже


-ғұндар мемлекетінің тарихы бойынша хронологиялық кестені құрастыра алады;

-ғұндар тарихы бойынша негізгі деректерді атай алады;

-ғұндардың ерте тарихын сипаттай алады;

-Ұлы Қытай қорғанының пайда болу тарихын айта алады;Мөденің әрекеттерін сипаттай алады;

-жеке, жұппен және топпен жұмыс істей алады;


Тілдік мақсаттар


Ғұндар,хунну,түріктердің арғы атасы,шаньюй,Чжичжи, Мөде,Ұлы Қытай қорғаны.


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Өткен сабақта алған білім.

Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті


Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Басталуы 0-3минут


Топқа бөлу 2 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.


Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.













(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут

Топтарға тапсырма:

(Мәтін бөліктерін тарату)

Ғұндардың шығуы туралы мәлімет.

Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып біткен жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, этникалық жақындық, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда, ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уақыты жағынан алғашқылары сюнну болды. Б.з.б. III ғасырдың аяғында қытай деректемелерінде пайда болған сюнну атауы тегі әртүрлі тайпаларды біріктірген және Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ары-тұра таралып отырған саяси құрылымға қатысты болды. Ғұндардың құдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан «Ғұн» атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы болуы керек. Ғұндар туралы алғашқы деректер б.з.б. 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігіндегі көшпелі тайпалардың топтасуы нәтижесінде екі тайпалық бірлестік сюнну және дунху тайпалары қалыптасты. Мұндағы сюнну тайпалары өз заманындағы тарихи оқиғаларға белсене қатысып, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады және олардың кейінгі дамуында да айтарлықтай роль атқарды.

Сюнну этнонимінің мазмұны мен нақты қалай айтылатыны әзірше айқын емес. Зерттеулердің көрсетіп отырғандай, оның ежелгі қытайлық транскрипциясы гректер иен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюннуларға сабақтастығын сақтап қалған ғұн- болғар қсүйектерін сипаттай келіп, оларды трунове, яғни трундар деп атаған. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапқы «ғұн» тайпаларының ақсүйектеріне арналып айтылса, сюнну(хунну), яғни трундар ғұндар деп саналмағанын білдірмейді. Трун және ғұн терминдері бір ғана этникалық-саяси қауым жөнінде қолданылған, олардың таралған аудандарын әр түрлі болғанымен ғұн термині әлдеқайда мол қауымды білдіреді.

Сюннулар б.з.б. III ғасырда едәуір күшейді. Ғұндардың жаңа жорықтарынан қауіптенген қытайлар Ұлы Қытай қамалын салады және оны одан әрі нығайтады.

Ғұндар Саяси тарихы.

Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі –ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор тарихи із қалдырды.

Бұлардың біріншісі – қытайлықтар Томан шаньюй (б. з. б. 209 жылы қайтыс болған) деп атаған Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті. Ол өмір сүрген кезеңде ғұндар мемлекеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарасын империя деңгейіне дейін кеңейтіп, сапалық өзгерістерді жүзеге асырды. Ол ғұндардың үлкен мемлекетін б. з. б. 209 – 176 жылдар аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді.

Екінші империя — Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген аумақ пен халықтарды иеленді. Бұл мемлекет «Ғұндардың батыс империясы» деп аталды.Зерттеу сұрағы:Неге Мөде шаньюй «Жер - мемлекеттің негізі» деді?

Қолдану 8 минут Постер жасату.


Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді.


«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.


Постер жасату.

Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

«Қыдырып қайтайық!» биі


Аяқталуы 20 минут

Синтез

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.



«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс



Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Бағдаршам» әдісі

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!