Материалдар / Сабақ жоспары "Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныптың Қазақстан тарихы пәнінен Ғұндар тақырыбына арналған сабақ жоспары жаңартылған білім беру стандартына сәйкес сабақтың мақсаты, негізгі кезеңдер көрсетілген. Әрбір тапсырмадан кейін тапсырмаға дескриптор бағалау қалыптастырушы бағалау тапсырмалары ұсынылған. Қазақстанның тарих пәні мұғалімдері осы сабақ жоспардың өздеріне ұнамды тұстарын қолданса болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2017
10016
82 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.4.А Ғұндар

Мектеп: «Ұзынағаш орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5-сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Зерттеу сұрағы:Ғұндармен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар.


Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.2 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым- қатынасын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ғұндардың көрші елдермен қарым-қатынасын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Ғұндардың Қытайларға үлкен қауіп төндіргенін анықтайды.

Кейбір оқушылар:Қытай елінің ғұндардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салуға мәжбүр болғанын түсінеді, осыған қатысты өз пікірін білдіреді

Бағалау критерийі

Ғұн мемлекетінің көрші елдермен қарым-қатынасын сипаттайды

Тілдік мақсаттар


Оқушылар тақырып бойынша ғұндардың ірі шайқастары,әйгілі тұлғалары және көрші елдермен қарым-қатынасы туралы түсінуге мүмкіндік береді.

1. Ғұндар, Қытай қорғаны туралы білетінініңді «БББ» кестесіне түсір (жазылым)

2. Ғұн қоғамындағы ел билеуші тарихи тұлғаны сомдау (айтылым)

3.Деректерден ғұндар жайлы үзінді оқып, мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым)

4. Мөде шаньюдың қарсыластарын қалай жеңгені туралы оқушылардың айтуы бойынша тыңдап, сыныпта талқылау (тыңдалым)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Келісім, шанью, ғұндар, юедилер, Лаошань, император,Ұлы Қытай қорғаны.

Диалог(жазылымға қажетті тіркестер)

Ғұндар көрші мемлекеттерге........жорықтар жасады.

......деректері негізінде келесідей қорытынды шығаруға болады: .....

Ең маңыды шайқас...............болды. Осы шайқастың жетістігі: ...........

Талқылауға арналған тармақтар:

Неліктен ғұндар Қытайға шабуыл жасады?

Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғаны салынуы арасында қандай байланыс бар? Неліктен екенін айтып бере аласыз ба?

Құндылықтарға баулу


Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынастарын сипаттай отыра, Мәңгілік ел құндылықтарының бағыттарынан оқушыларды бірлікке, бейбітшілікке, келісімге келуге баулу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, дүниежүзі тарихы.

Алдыңғы білім


Дүниежүзі тарихынан Ұлы Қытай қорғанының салынуы жайлы біледі. Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын түсінеді.




Сабақ барысы

Сабақың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы 10минут

2 минут



1минут

7 минут


Ұйымдастыру (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.)

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, «Жүректен жүрекке» атты сергіту сәті жасалады.

Топқа топтастыру : термин сөздер арқылы.


Үй тапсырмасы:

Тапсырма 1. «Сәлемдеме жіберіңіз» әдісі

Кішкене сандықшаны бірнеше қабат қағазға орау, әр орамаға бір сұрақ жазылады. Әр оқушы сұраққа жауап берген соң, сандықшаны келесі оқушыға ұсынады. Сандықша ішінде сабақ мақсаты жасырылған.

  1. Қандай дереккөздер Ғұндар туралы мәлімет береді?

  2. Ғұндардың әскери-әкімшілік жүйесі кімдерден құралған?

  3. Ғұндардың көрші елдерге жорықтарының бағытын картадан көрсетіңіз.

  4. «Түменбасы» деген сөзді қалай түсінесіз?

  5. Садақ пен жебенің ғұндардың маңызды қаруы болу себебін айтып беріңіз.

Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ» (эмоциональдық аспекті). Қажет болса, танымдық бағалау жүзеге асырылады.

Концепт 1.1. Дәлел


Тапсырма 2. «БББ» кестесін толтыр


Білемін

Білдім

Білгім келеді

Ғұндар, Қытай қорғаны жайлы білгенін жазады












Жағымды әуен



«Шанью», «юедилер» деген жазуы бар кеспе қағаздар


Сандықша, оралған қағаздағы сұрақтар









Ғұн дәуіріндегі Қазақстан картасы.


Сабақтың ортасы

25-минут


Тапсырма 3. Оқулықпен жұмыс. Тақырыбы: Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы


Топпен жұмыс

1-топ: Ұлы Қытай қорғаны және Мөде туралы дерек.

2-топ : Маңызды шайқас және Қытай дерегі туралы оқып талдайды

«Сұхбаттасқан жұп» әдісі арқылы сұраққа жауап береді.


  1. Ұлы Қытай қорғаны жайлы негізгі ақпаратты түсіндіріңдер.

  2. Мәтінде Мөде шанью туралы қандай дерек кетірілген.

  3. Мөде шанью қарсыластарын қалай жеңді?

  4. Ғұндар көршілермен қарым-қатынасында бейбітшілікті сақтауда қандай қадамдарға барды?

ҚБ «Шапалақ әдісі».

Концепт:3.4.Түсіндіру


Тапсырма 4 «Конверттегі сұрақ» әдісі

1.Ғұндар көрші мемлекттерге неліктен шабуыл жасады?

2.Ұлы Қытай қорғаны не үшін салынды?

3.Деректер негізінде қандай қорытынды шығаруға болады?

4.Ең маңызды шайқас қашан болды және оның жетістігі неде?

5.Ғұндар жорығының бағытын картадан көсет.

Қ.Б. «Бас бармақ» (Эмоциональді аспекті)

Концепт:3.1.Себеп және салдар


Тапсырма:4 «БББ» кестесінің «Білдім» бөлімін толтырыңыздар.




Оқулық, Қазақстан тарихы 5-сынып. Жоба. Авторлары: С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.А.Құлымбетова, А.С.Мағзұмова, А.М.Марқабааева

















Тапсырмалар салынған конверттер



Сабақтың соңы 10минут





5минут












Тапсырма 5. Кестемен жұмыс: Зерттеу сұрағы бойынша.

Барлық оқушылар:




3-жауап



2-жауап


1-жауап


Ғұндардың көрші елдермен қарым-қатынасы қандай болды?


Басым көпшілік:

Сұрағы: Ғұндар неліктен Қытайға қауіп төндірді?

Жауабы:

1._________________________________________

_________________________________________

2._________________________________________

_________________________________________



Кейбір оқушылар: Ғұндармен Ұлы Қытай қорғаны салынуы арасында қандай байланыс бар? ҚБ «Мадақтау»(эмоиональдік аспект)

Концепт 3.3. Маңыздылық.



Қалыптастырушы бағалау парағымен жұмыс.













Тапсырма


Кім? Не? Қашан? сұрақтарына жауап бере отырып,

суреттен әлемнің жеті кереметі жайлы әңгімеле.


Дескриптор:

1.Бұл не екенін біледі

2.Кімдер салғанын біледі.

3.Қашан салынғанын біледі.

4.Не үшін салынғанын біледі.

Қытайлардың ғұндардан қорғану үшін салынған құрылыс екенін біре отырып, неліктен әлемнің жеті кереметіне жататынын әңгімелейді.



Кері байланыс: «БББ» кестесін толтыру.


Үй тапсырмасы:

Барлық оқушылар: Кескін картаға Ғұндардың Қытайға жорығын түсіру.

Басым оқушылар: Ұлы Қытай қорғаны туралы хабарлама жасау.

Кейбір оқушылар: Қосымша деректерді пайдалана отырып, Ғұндардың көрші елдермен қарым-қатынасы жайлы 25-30 сөйлемнен тұратын мәтін дайындау.



Тапсырмаланы орындауға арналған кестелер

























Ұлы Қытай қорғаны суреті салынған қалыптастырушы бағалау парағы.






.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз

басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Топтағы жұмыс барысында «диалог және қолдау көрсету», жіктеу тәсілдерін қолдану жоспарланды. Қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу.

Визуал оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін суреттер, оқылатын мәтінді көрсетемін және барлық оқушылардың қатысуын қадағалаймын. Тапсырмаларды саралап беремін.

«Бағдаршам», «Шапалақ» әдісі «Қ.Б.парағы», «Бас бармақ» әдісі, «Сұхбаттасқан жұп» тәсілі, «Конверттегі сұрақ» әдісі

Денсаулық сақтау педагогикасын СЭС талаптарын сақтау. Жүректен жүрекке сергіту сәтін өткізу,топқа бөлу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау туралы ескертемін.

Сабақ бойынша рефлексия: Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді?

Сабақ барысында қандай қиыншылықтар болды?









Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы



Тақырып: «Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғаны арасында қандай байланыс бар?»

Оқу мақсаты: 5.3.2.2 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

Ойлау дағдылары: Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

Білім алушы:

Ғұн мемлекетінің көрші елдермен қарым-қатынасын сипаттайды.



Тапсырма: Кім? Не? Қашан? сұрақтарына жауап бере отырып, суреттен әлемнің жеті кереметі жайлы әңгімеле.




Дескриптор:

1.Бұл не екенін біледі

2.Кімдер салғанын біледі.

3.Қашан салынғанын біледі.

4.Не үшін салынғанын біледі.

5. Ғұн мемлекетінің көрші елдермен қарым-қатынасын сипаттайды.

Қытайлардың ғұндардан қорғану үшін салынған құрылыс екенін біре отырып, неліктен әлемнің жеті кереметіне жататынын әңгімелейді

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!