Материалдар / Сабақ жоспары: Жануарлар қалай қоректенеді?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары: Жануарлар қалай қоректенеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне дүниетанудан сабақ жоспарлағандада көмек болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2018
692
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дүниетану

Сабақтың атауы

Жануарлар қалай қоректенеді?

Мақсаты

1. Оқушылардың ойын жинақтап, сөйлеуге үйрету, жануарлар туралы алған білімдерін пысықтай отырып, жануарлар тіршілігі туралы мағлұмат беру.

Күтілетін нәтиже


Оқушылардың ойлау қабілеті, шығармашылығы дамиды.
.Жануарларды қорғауға, оларды күтіп бағуғаүйренеді..

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық.

Қатар-қатар тізіліп,

Оқушыға лайық,

Түп-түзу боп тұрайық.

1 - қатар жәй отыр,

2 - қатар сен де отыр,

3 - қатар тез отыр.!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жануарлар туралы не білеміз

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Орманда көптеген құстар тіршілік

етеді. Олар: көктеке, көкек, тоқылдақ, көкшымшық және басқа көптеген құстар бар. Күніне құстардың сан алуан даусын естиміз. Олар күні бойы қорек іздеп жүреді.

Тоқылдақ – жазда да, қысты да ағаштың діңін тоқылдатумен болады. Ол ағаш қабығының астынан дернәсілдерді жейді. Оның тұмсығы мықты болады, тұмсығымен ағаштың қабығын оңай теседі, сөйтіп саңылаудағы жәндіктерді құртады. Оны «орман дәрігері» деп атайды.

Құмырсқалар - илеуде тіршілік етеді. Олар зиянды жәндіктермен қоректенеді. Бір илеудің құмырсқалары тәулігіне 20 000 зиянкес жәндікті құртады. Олар бір - біріне көмектеседі.

Аю - қоңыр түсті, аяғы күшті, тырнағы өткір, тісі мықты, ірі аң. Аю алуан түрлі азықтармен - шөппен, ағаш тамырымен, жидек, саңырауқұлақ, жәндіктердің дернәсілімен, балықпен қоректенеді. Бірақ аюдың негізгі азығы - ұсақ аңдар.

Бұлан - Қазақстандағы ең ірі тұяқты жануар. Оның биіктігі 2 метрге, салмағы 600кг-ға дейін жетеді. Еркегінің күрек тәрізді орасан зор мүйізі болады, ұрғашысы мүйізсіз болып келеді. Жазда шөппен қоректенеді, ал қыста ағаш пен бұтаның бұтақтарын жейді.(Фильм көрейік)

Түлкі - Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Түлкінің терісі ашық сары, сұрғылт қызыл түс болады. Негізінен тышқандармен, тоқалтіспен қоректенеді. Жерге ұялайтын құстардың ұясын іздеп тауып, жұмыртқасы мен балапандарын жейді.

Түлкінің терісі бағалы. Одан баскиім, тон тігеді.

Тапсырма

1. Сүтқоректі жануарлардың немен қоректенетінін айт.

2. Олай болса жыртқыштар немен қоректенеді екен, фильм көрейік.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Сұрақ жауап

Тоқылдақ қалай қоректенеді?

Құмырысқалар немен қоректенеді?

Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!