Материалдар / Сабақ жоспары Мағжан Жұмабаев өмір жолы "Батыр Баян" поэмасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Мағжан Жұмабаев өмір жолы "Батыр Баян" поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
763
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: Пәні :

19.01.2021 Әдебиет

Пән мұғалімі

Махамбетжанова Бақытгул

сыныбы

7

Бөлім тақырыбы

Балалар мен үлкендер

Сабақтың тақырыбы

Мағжан Жұмабаев өмір жолы «Батыр Баян

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.

Ақпараттың өзектілігін анықтайды Т2




Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады:Поэма кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстыра алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Поэма кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен мінезіне дәлелдер келтіре отырып, талдау жасай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Поэманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді


Бағалау критерийлері



  • Кейіпкерге портреттік мінездеме береді;

  • Кейіпкердің іс-әрекеті мен мінезіне дәлелдер келтіре отырып, талдау жасай алады;

  • Поэманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Батыр, хан, қазақ, қалмақ, садақ, дулыға, қалқан, көбе, құл, бауыр, алаш, қонтайшы, ауыздық, қанішер т.б.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер :

Сұм өмір, алты алаш, Батыр Баян, сұм сұлу қыз, бала Ноян, ашулы арыстан, терең ой, қару-жарақ, әбзел-тұрман, көк тұлпар, алашқа аян, екі жас, ыршып шыққан қан, есі ауғандай, қу қалмақ, белді бекем будым т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Батыр Баян өмір сүрген уақыт тарихтың қай кезеңімен тұспа-тұс келеді?

  2. Қалмақ қызы Ноянға шын мәнінде ғашық болды ма?

Не себепті деп ойлайсыз:

Баян інісі Ноянды намыс үшін өлтірді ме, әлде қызғаныш сезімі басым болды ма?

Ишара: Мадақтау, ынталандыру.


Пәнаралық байланыс

«Қазақстан тарихы», «География», әндері

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы.

Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған.

Қазақ халқының тарихы ұлттың бірігу тарихы екеніне көзін жеткізу.


Осыған дейін меңгерілген біл


Мағжан Жұмабаев

Жоспар


Жоспарланатын уақыт


Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер


Сабақтың бастапқы кезеңі 5-10 минут


Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

«Өзіңе тілегенді өзгелерге тіле» (білім алушылар шеңберге тұрып, бір-біріне тілек білдіреді)

Оқушылардың назарын аудару.

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!- деп жырлаған Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы не білеміз, соны тексеріп, сынап көрейік.





Сабақтың ортасы 20-минут


  • . Поэманың композициялық құрылымын ретімен қою.

  1. «Жауының бір жорықта бір сұлуын,

Ер Баян алып қайтқан артына сап.»

  1. «Баянның інісі бар он бес жаста –

Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян»

  1. «Жас Ноян қызды көріп от бо кетті,

Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті»

  1. «...Сөйтті де Сарыарқамен есендесіп,

Екеуі ескен желдей кетіп қалды.»

  1. «Екі жас, аттарынан ұшып түсті,

Түскенде бірін-бірі құшып түсті.»

  1. «Арқаның селі, желі, шөлі, белі

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!»

  • Жанры мен идеясын анықтап жазу.

«Көркемдеуіш құралдар»

«Баян» тобы – теңеу

«Ноян» тобы  эпитет

«Абылай» тобы - аллитерация

«Мағжан» тобы – ассонанс

Теңеу – Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап, Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді?!Қыран мен қара құстай алысқан шақ, Сол сұлу, сұлу екен атқан таңдай, Бір соған бар сұлулық жиылғандай, жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай, кәусардай татқан адам қалар қанбай, сұңқардай бабындағы сұқсыр көрген, айбынды арыстандай құмда кезген, жаралы жолбарыстай күңіренді, ақылға алғыр құстай ашу төнді т.б.

Эпитет – торғын ет, асау жүрек, қайнаған қан, сиқыр сөзін, көксұр түс, қанды балақ т.б.

Аллитерация –

Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды,

Жас Ноян Ер Баянға қарсы жүрді.

Жақындап, келіп қалып ағасына...

Ассонанс – Адасқан аққу құстай мен бір пақыр,

Арқаның аруы боп жүрсем-дағы,

Алыста туған, өскен жерім жатыр.

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,

Елі үшін жаннан кешіп, жауды қуған,

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.



Сабақтың соңы 5-минут

Берілген сөздердің мағынасын ашу.

Кәусар – суы сүттен аппақ, қардан таза, қанттан тәтті деп саналатын аңыздағы жұмақ суының аты.

Шапақтай – күннің жаңа шыққан сәулесіндей деген мағынада.

Барқыт – жұмсақ мақпал мата.

Адыра қалу – құру, жоғалу.

Көбе – көбесі болаттан немесе темірден жасалған сауыт түрі.

Майырылмау – сынбау,

Кермиық – кербез, паң.

Селеу – шөл далада өсетін, бас жағы үлпілдеген селдіреуік ақ шөп.



Үй тапсырмасы





























«Батыр Баян» поэмасы - Мағжанның ақындық алып құшағын, қуатты суреткерлік талантын  мейлінше  танытқан поэма. Ұлттық эпостық және лирикалық дәстүрді жаңа көркемдік жан- жақты байытқан бұл поэма ақының поэтикалық мәдениетінің барынша толысып биік дәрежеге көтерілгендігін ерекше  танытты. Бұл поэманың жаңалығы Баянның  бейнесін  сомдады. Оның  портреті даму  үстінде  біртіндеп  айқындалды.  Поэмада  көтерілген тақырып - ұлттық  тақырып. Қазақ елінің ғасыр бойы көксеген арманы. Елім деп  еңіреген  перзентінің  кеудесін  жарып  шыққан  ыстық  сезімі.

Мағжан поэмасының табиғилығы соншалық- оқиға әбден шиеленіскенде Баян оңашаланып, өзімен-өзі  болып, істеген әрекетінің дұрыс бұрыстығын таразылайды. Жүрек сырын жайып салады. Бір ойы екінші  оймен  таласып, істеген ісінің ұшығына  жете  алмай, күманы молайып, арпалысатын кейіпкер, осы –Баян.

Сюжеттік-композициялық  талдау:

1. Шығарманың басталуы.

« Батыр  Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін  толғаудан басталады.

Жүрегім,  мен зарлымын жаралыға,
Сұм  өмір абақты  ғой  саналыға.
Қызыл  тіл, қолым  емес  кісендеулі,
Сондықтан  жаным  күйіп  жанады  да,- деп  ашынған  ақынның  ішкі  монологынан  басталатын  поэма  бірден  кесек-кесек  ой  ағытады. «Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп  қызыл  империяға  ашықтан-ашық  айып  тағады. «Қызыл  тілім  кісендеулі»  деп  тіл  бостандығының  жоқ  екеніне  тоқталып « қызыл сұм»  деген көріктеуші және «кісендеулі» деп кейіптеу  арқылы  ақын  поэманың  тілдік  қуатын  арттырады. «Сұм  өмір күшті  уын аяды ма?»- деп  өзінің ауыр  тағдырын  қоса  жырлайды. Уақыт  өтер  ақынның  жолы « қанды  ор  боп  қалады»  деп  ақын  күңіренеді,  толғайды  көзіне  жас  алады.  Азаматтан  дос  таба  алмасаң,  қаламыңмен сырлас- дейді.  Ендеше,  ақында  қаламымен  сырласады.

Оқушылардың пікірі:

- Көкшенің  ғажайып  дидарына  көз  тоқтатып, қызықтайды. Көкшенің  жүрегі , жаным жаралы, деген метафоралық  тіркестер  арқылы  шығарманың  қуатын  арттыра  түседі.

- Поэманың  көкжиегі  біртіндеп  кеңейіп,  тарихқа  ауысады. Көкше бір сәт қазақтың ығайы мен сығайы  бас  қосқан  өлкеге  айналып жайнап  сала береді.

2. Шығарманың  дамуы.

-  Абылай  сөзінде Баян  жай  адам  емес.  Ханның  қанаты  екеніне  көзіміз  жетті.

- Ақын  бұл  жерде  Баянды Абылай  ханның сүйікті  батыры, қалың  жауға  қаймықпай барар  жолбарысы  дей  отырып, «сұңқардай, жолбарыстай,  аш  бөрідей »деген теңеулер  арқылы  ханның  батырға деген  ерекше  ілтипатын  көрсетеді. Ақын өзіне дейінгі  көркем  әдебиет дәстүрлеріне  сүйене отырып, психологиялық тәсілдерін  қолданады.

3.Шығарманың  шиеленісуі.  Ноян  бейнесі.

Интерактивтік тақтадан Ноян мен Толқыншаштың суретін көрсете отырып талдаймыз.

Қалмақ  аруы- Толқыншаштың  портретіне  көз  жіберу.

Сол сұлу, сұлу  екен  атқан  тандай,

Бір  соған  бар  сұлулық  жиылғандай,

Лебізі- жібек  лебі, жұмбақ  желі,

Кәусардай........ адам  қалар  қанбай,

Шын  ер  ғой  Батыр  Баян  алып  қайтқан

Еліне  сол  сұлуды  естен  танбай,- деп  ақын  психологиялық портрет - сұлудың   көркін, көзқарасын,   сөйлеу  мәнерін  суреттеу  арқылы  оның  әйелдік  нәзік  қасиетін  жеткізе  білген. Автор  Толқыншаш  бейнесін  ары  қарай  әр  қырынан  аша  түскен. Сұм  қыздың сақтығын  Ноянмен  терең  сайда  кездескен  сәтте  ерекше  суреттейді.

- Ақын   бұл жерде  қалмақ қызының  сұмдығы  мен  жас Ноянның  ақылсыздығын суреттей отырып, махаббат  үшін  елінен  безген, Отанын  сатқан, сатқындық пен  жексұрындықты  Ноян  бойына  жинақтайды.

- Екі  жас  аттарынан  ұшып  түсті, Бір-бірін құшып түсті,-  дей  отырып батырдың  ішкі  ойын  тереңдете  түседі. Қара  жер  де  екі  жастың  қанын  ішті,- деп  батырдың  жан  күйін   шебер  суреттейді. Батырдың  іс-әрекетін «Жаралы  жолбарыстай, арыстандай, желдей  ұшып,  сұңқардай  сорғалап» деген  теңеулер арқылы  айшықтайды.

4.Шығарманың  шарықтау  шегі.

- Баян ішкі монологы арқылы өзінің іс-әрекетін саралайды.  Ойы  екіге  бөлінеді. Бірі айыптайды. Екіншісі-ақтайды.Сол садақты тартқанда қолым неге сынып қалмады?-деп өзін-өзі айыптаса, -Жоқ,  жоқ,  әлде  өлтірдім  бе?

 Інімді  алты алаштың  намысы  үшін ,- деп,  өз  кінәсынан  арыла  бастайды.

   Алашта  өткен  екі  арыстан Ер  Көкше  мен Ер  Қосайдың  ұрпағымыз. Солардан  тараған  Сары  мен  Баян  барыстай  ойын  салған  сары  далада,- дей  отырып,  Ер  Баянның  інісі  Ноян  атадан  азып  туып,  бір  қыз  үшін  қалмаққа  құл  болды. Алашқа  бұдан  артық  шер  барма?- дейді.

 Ақын  Баянды  уақ  руының  ғана  батыры  емес  отаншылдық  биікте  самғаған  қыран  дей  отырып,  батырдың  ерлігін  ғана  емес,  жан  тазалығы  мен  ізгілігінде  көрсетеді. Себебі, Ноян - тұтқын  қызға  ғашық. Сезімнің  құлы.  Ал, Толқыншаш  туған  еліне  қайтуға  асық,  сананың  құлы. Қалмақ  қызы  отанына  оралу  үшін өзін  құрбандыққа  шалуға, жанын  беруге  белін  бекем  буды. Баян  да  қызға  ғашық, ал  туған  жеріне тіптен  ғашық. Оны  қызғаныштан  өлттірген  жоқ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!